Презентация латынның «presento» - тапсырамын немесе ағылшынша «presentаtion» - «ұсыну» сөзінен шыққан. Ол бізге таныстырылым, баяндама, ғылыми жоба, есеп беру, жұмыс жоспарын көрсету үшін қолданылады. Біз күнде теледидардан, көшеде ілініп тұрған афиша, жарнамаларды көріп жүрміз, осының бәрі арнайы компьютерлік бағдарламаларда жасалады. Бұрын ондай бағдарламалар болмаған, адамдар плакаттарға өз қолдарымен жазып, оған көп уақытын кетірген. Қазір техника дамып, әртүрлі компьютерлік программалар қолданысқа еніп жатыр. Солардың бірі PоwerPoint программасы. Бұл программа презентация жасауға арналған. Программаны іске қосу үшін мына әрекеттердің бірін орындаймыз: 1. Іске қосу (Пуск) – Барлық программалар – Microsoft Office – Microsoft PowerPoint. 2. Жұмыс үстеліндегі белгішеге меңзерді әкеліп, тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шертеміз.
Тақырыптарды таңдау, презентацияның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу
Тақырыптарды таңдау, презентацияның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу
Презентация жасау рәсімі (мәтін енгізу, кірістіру нысандары, анимацияны кірістіру)
Көрсетілім көрсету
Есте сақта! Презентацияны сақтағандағы файлдың кеңейтілімі - .pptx. Мысалы: Кітап. pptx. немесе 3-сынып.pptx.
Презентация бір немесе бірнеше слайдтардан тұруы мүмкін. Слайдтарды толық экранда көру үшін F5 пернесін немесе мәзір жолындағы Слайдты көрсету (Показ слайдов) батырмасын басу керек.
Презентацияны көрсету 18 минуттан аспағаны жөн. Ғалымдар 18 минуттан соң көрермендердің жалығып кететінін дәлелдеді.
Үйге тапсырма: Презентация тақырыптары:
1-тақырып – «Су асты өмірі»
2-тақырып – «Су спорты түрлері»
3-тақырып– «Су – тіршілік көзі»
94-бет. 1. Презентация деген не? 2. PowerPoint программасын қалай іске қосамыз? 3. Жаңа слайд қалай құрылады?