Спорттық күрес тактикасы мен техникасы. Қорғаныстағы іс -қимылдарды үйрету әдістемесі.
Шабуылдағы іс -қимылдарды үйрету әдістемесі.
Техникалық шеберлікті шындау жаңа әдістер ойлап табуға ретсіз, бет бұрушылық емес, керісінше бұрын жақсы, нәтижелі меңгерілген әдіс-айлаларды қайтадан жаңғыртып оны әрбр күрес сәтінде пайдаланылып қалуды үнемі ескерту – бапкерлер әдістемесіндегі ұтымды кезең. Техникалық шеберлікті үрделендіру үшін әрбір бапкер ұстаз жарысқа баптап жүрген шәкірттеріне тегеурінді қарсылық жасай білетін бәсекелес тыңдай білуі орнды. Себебі, жарысқа дейін өзіне төтеп бере алатын күш иесімен бетпе-бет келіптер төкпеген балуан, жарыс барысындағы өз қрасыласына жұмсайтын күш-қуатының мөлшерін дұрыс бақылай алмайды да, жекпе-жекте болашақ бәсекелесіне алдын, ала даярлаған әдіс-айласын сынап көру т.б. сияқты. Жаттығу кезеңіндегі қарсыласын таңдау-алдағы өткізілетін жарысмерзіміне байланысты болып жоспарлануы керек, себебі, ойға алған техникалық тәсілін бұларға пайдалану онша күшті қажет етпейді, ал жарыс жақындаған сайын өз салмағындағы уақытты қарсыласы мен белдескені тиімді болмақ.
Жаттығу барысында кейбір техникалық әдістерді, орындауда шәкірттер қателіктер жіберері хақ. Сондықтан да, жаттығу шеберлікті шыңдау кезеңі тек жаңа әдістерді ғана үйренуімен шектелмей, өткен жаттығуларда меңгерілген әдіс-айлалардағы сәтсіздікке алып келетінқателіктерді түзетуге арнауы өмір талабы, жаттығу мазмұны болуы міндетті. Тәжрибелі жаттықтырушыға тән педагогикалық шеберлік үнемі өткен жаттығуларға талдау жасай отырып қателіктерге жол бермеу әдістемесінің жаңа көздерін қарастыруға арналады. Белдесуге деген құштарлық жақсы меңгерілген әдіс-айладан ғана туындап отыратын құбылыс. Сондықтан да әдіс-айланы толық меңгертпей тұрып жарыс жолына шығуға шәкірттерді асықтырмау бапкер әдептілігі болып саналыды.
Халқымызда – «Буынсыз жерге пышақсалма-жүзін қайтарасын» деген нұсқа бар. Егер сіз бабына келмеген, белдесу шеберлігі әлі де піспеген жасты додаға салып алғашқы сәтсіздігі мен бетін қайтарсаңыз, оның жанын жаралағаныңыз болып саналады. Мұндай психологиялық күйзеліс, шәкірттің жігерін қайтарып, оның бойына біткен қаілетіне нұқсан келтіреді. «Аииың-шабысы бабында» деген емес пе? Сол сияқты -әрбір жаңа бастаған балуанға –демей-ақ чимпиондық тәжді киесің деп жеңіл олжаға ойын үйрету үлкен қателік. Үлкен спортшы болу үшін талай тер төгіліп, талай шапан жыртыларын дәйім ескерту қажет
Еркін күрес тактикасы мен техникасы. Төрт тағандап күресу барысында белдесушілер жиі қолданылатын техникалық тәсілдер төмендегілері:
1) Қарсыласын аударып тастау; бұл тәсіл бойынша, қарсыласын-басы, иығы арқалап кілемге жауырынымен түсіру үшін аударып тастайды. Мұндай күрес тәсіл еркін және грек-римдік күресте қатар пайдаланылады.
2) Аяқтан ұстау арқылы арқасына аударып тастау; бұл тәсілді (аударып) төрт тағандап тұрған қарсыласының бір аяғынан қос қолдап ұстап алып жасайды.
3) мойны мен аяғынан қоса ұстап барып аударып тастау; мұндай шабуыл кезінде қорғанушы спортшы шалкалап жатып басын кілемге тіркеп көпір жасан қала алмайды, сондықтан да қарсыласының жауырынын кілемге қақтамақ болған балуандар бұл техникалық күрделі тәсілді мүлтіксіз жасап алатын болуы керек.
4) Қолымен аяғыннан ұстап арқасына қарай аударып тастау тәсілі: бұл тәсілді қолдану үшін қарсыласының жуан санынан қол қолдап көктірекке қыса түсіп ұстаған тиімді.
5) Қарсыласының бірнеше таяныш нүктелерінің барлығын толық қамтып аударып жығу; бұл кезеңде шабулшы тізелеп жүріп күреседі және ұстаған мүшесін кетен жоғары көтеріп қимыл жасайды.
6) Қолынан ұстап алып аударып түсіру; мұндай айла-тәсілді жиі пайдаланатын төменде төрт тағандап тұрып күресетін балуан. Бұл тәсілді қарсыласның алдынғы жағындағы екі аяғында тік тұрған сәтінде жасайды. Мысалы, қарсыласының өкше тұсынан шап беріп бар пәрменімен итеріп құлатады.
Ал жоғарыда күресуші балуанның барлық амалы төменде төрт тағандап тұрған балуанды кілемнен жұлқа көтеріп алуымен ғана шектеледі.
7) Аяғынан ұстап аударып тастау; ол ойын іске асыру үшін шабулшы қарсыласының қолын немесе аяғын қос аяқтай іле шалып барып оның үстінен асып түседі де жауырынын кілемге тигізуге бер күшін салады.
8) Қарсыласының белін қайырып барып аударып тастау тәсілі; бұл төменде күресетін балуандардың қарсы шабулдарының бірі балуанның белін қайырып жауырынына аудару грек-римдік күрес тәсілінде жиі пайдаланылатын және жон арқасында бұлшық еттерінің қуаты ерекше жаттыққан балуандарға тән мүмкіншілік.
9) Көкірекке мінгізіп барып аударып тастау /бұл тәсіл арнайы жаттығу мен күрес техниксын талап етеді. Себебі, қол қолдап қарсыласын көкірек-кеуде арқылы алып ұруда, шабулшы кілемде баспен бір сәт тұрып қалу кезеңінде ұшырасады, бұл кезеңде шабулшы қарсыласы мен өзінің салмағын басымен мойын бұлшық етінің қуатымен ғана көтере алады, яғни, 56 килолық балуан қас-қағым сәтте 112кг салмақты майының күшімен ғана көтеріп бастап асыры тастайды.
2. Жаттығушының шеберлігіне қарай топтарға бөлу. Бұл жоғарыдағы баяндалған төрт тағандап күресу тәсілі балуандардың тәжрибе жинақтауы барысында ғана ұшталып, шыңдалатын күрес өнері. Сондықтанда әрбір күрес өнерінің кез-келген түрін меңгеруді мақсат еткен жастар, ең алдымен төрт тағандап күресуді бірден машыққа айналдырмай күрестің бұл тәсілінің нәтижелілігін шеберлік шыңдаудың табалдырығы деп түсінген жөн. Сол сияқты төрт тағандап күресе алуға ықпал ететін мүшелеріміздің күш-қатын, ширақтығымен төзімділігін арнайы шынықтырумен жетілдіруді күнделікті әдете айналдыру керек.
Ал күрес өңірінің бапкер – жаттықтырушы ұстаздары, төрт тағандап күресу техниксына арналған арнайы теориялық-практикалық сабақтары үшін уақыт мөлшерін белгілеп, олардың алдын-ала жоспары мен бағдарламасы жасалынуы керек. Мұндай оқу-жаттығу сабақтарында берілетін мәліметтер-«адам анатомиясы мен физиалогиясы»/ «биологиялық миханика», «Адамның жеке ағзаларының құрылымы», «Бас сүйектің құрылысы және қорғаныштық қызыметі», «Кеуде, мойын, иық бұлшық еттерін жетілдіру» тағы сол сияқты тақырыптар, арнайы дайындалған көрнекілі құралдар арқылы етуі міндетті.
Қорытындылай келіп спорттық күрес өнерінің мәнділігі онымен айналысушыларға тән техникалық шеберлікпен бағаланатын таға да тәлімгерлерге ескертуді жөн деп таптық. Сол сияқты әрбір күрес түріне байланысты жаңа техникалық шешімдердің пайда болатыны күрес өнерін арнайы жарыстар өткізудің ережесіне және оған енгізілген өзгерістер мен жаңа құжаттардың талаптарына да тәуелді болатыны хақ.
Түрегеліп тұрып орындалатын әдістер түрлері.
1. Тәсілдерді үйрету барысындағы қозғалыс құрылымының күш, кеңістік және уақыт компоненттерін палуан бір мезгілде игере алмайды. әуелі кеңстік және күш ырғағын өзгертуге, содан кейін барып, уақытты өзгертуге ұмтылу қажет.
Ал бұл үшін, яғни техникалық әрекеттер ырғағын өзгерту үшін палуанның жан-жақты дайындығы мен техникалық шеберлігі арасындағы байланысты зерттеу керек.
Тәсілдер құрылымы мен күш, шыдамдылық, икемділік сияқты т.б қасиеттерді талдау олардың арасындағы тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Техникалық әрекеттердің жылдар бойы қалыптасқан ырғағын өзгерту өте қиын, бірақ қажетті іс. Өйткені спортшы қолайлы сәтті қаншалықты тез бағалап, шашуші әрекетке қаншалықты тез кірісетін болса, техникалық тәсілдерді ол соғұрлым табыспен орындап, жеңіске жете алады. Күрес техникасын игеріп жетілдіре түсуде икемділік дәрежесінің үлкен маңызы бар. Мысалы, белінің иілуінде кемшілігі бар палуандар шалқайып лақтыру әдісін бірсыпыра ерекше орындайды. Атап айтқанда, қарсыласын кілемнен көтерген кезде қапталдап бір қырына бұрылады.
Бір техникалық әрекетті игерген бірнеше спортшының күші, икемі, шапшаңдығы әрқилылықтан, оны орындау морфологиясы да әр түрлі болады. Сондықтан көпшілік жағдайда олардың әрқайсысының бір техникалық тәсілдің өзінде түрліше қасиеттерді жетілдіруіне тура келеді.
Сонымен, техниканы орындау шеберлігі споршының жан-жақты даярлығына, атап айтқанда, оның қажетті бұлшық ет топтарындағы шапшаңдылығына, күшіне, икемділігі мен буын иілгіштігіне және жаттығу кезінде белгілі әдістерді қаншалықты меңгергендігіне тікелей байланысты.
2. Арқадан асырып лақтыру. Жеңнен және белбеудің артынан ұстап лақтыруға ыңғайлы. Қарсылас қатты немесе аздап еңкейіп тұрғанда орындалады. Шабуылдаушы қарсыласын жеңінен және белбеуінің артқы жағынан ұстап, оған арқасын бере айналып, жамбасымен санын қағып, алға, солға бір жағына еңкейіп лақтырады. Жеңі мен жағасынан, әр аттас иығы мен жеңінен, әр аттас жағасы мен жеңінен, белбеуінен бүйірінен қолтығына кіріп, белбеуі мен аттас қолынан, мойыны мен жеңінен қолдарын айқастырып, жағасынан айқыш-ұйқыш, әр аттас қолы мен аттас жағасынан , аттас қол мен әр аттас жағасынан ұстауға болады.
Тактикалық даярлық: тайдыру, лақтыратын жақтан қарсы жаққа жұлқу, қарсылас қорғанамын деп шабуылдаушыны итеруге мәжбүр ететін амалдарды пайдалану.
Қателіктер:қарсыласқа арқасын беріп әбден айналмағандықтан оны кілемнен көтеріп ала алмайды, жамбаспен қаққанда мүлт кетеді, аяғын ерте тіктегендіктен онымен қарсыласын қаға алмайды, қарсыласына арқасын беріп мықтап айналып кетсе, жамбасы қағуға келмей ілгері кетіп қалады, артқа жоғары қарай емес, тек жоғары қарай қағады.
Қазақша күрестің тактикасы, дегеніміз- палуанның техникалық, жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. Мұның өзінде жарыстардағы нақты жағдайларда қарсыласының ерекшеліктері де есепке алынады. Күрес тактикасы техникамен қоса алғанда палуанның спорттық шеберлігінің негізі болып табылады.
Спортшылар мен жаттықтырушылардың творчествосы арқасында күрес тәсілдері ұдайы жетіліп, баии түседі. Күрес тәсілдері жарыс ережелеріне де байланысты болады және сол ережелерде көрсетілген өзгерістерді енгізу арқасында жаңарып отырады. Мұндай жағдайда бір әдіс аз қолданылып, екіншілері керісінше тиімді бола бастайды. Сөйтіп, күресудің жаңа әдістерді қолданылатын варианты пайда болады.
Палуанның тәсілқойлық шеберлігі оның техникалық, жан-жақты дайындығына ерік күшіне байланысты. Оның техникасы өсетін болса, жаңа әдіс-айла игереді, сөйтіп күрес әдісін әрі қарай жетілдіріп, жаңалап және өзгерте түсудің алғашқы шарты жасалады. Техника тактикалық міндеттерді шешуге қажетті шарт және әдісті орындаудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан палуанның тәсілқойлығы ең алдымен оның қандай техниканы игергеніне байланысты. Палуанның техникалық шеберлігі неғұрлым жоғары болса, алғашқы жағдайда өзінің қалаған әдістерін неғұрлым көбірек қолдана алатын болса, шабуылдау үшін қолайлы сәтті таңдап алу оған соғұрлым оңайырақ, творчествалық мүмкіндіктері соғұрлым байырақ, тәсілдері де түрліше әрі көбірек болады.
Техниканы ұдайы жетілдіріп, шеберлікті артырудың міндетті шарты. Егер палуан күрескен жағдайда ең болмағанда, бір жаңа әдіс қолдана алатын болса, онда соған сай тактикалық әрекетінің шеңбері де кеңи түседі. Палуанның техникалық- тактикалық дайындығы жан-жақты болса, ол жеңіске жету үшін өзінің жақсы көретін, әбден үйреніп алған әдістерін ғана қолданып қоймайтындығын атап көрсету қажет. Ол сондай-ақ жеткілікті игеріп алмаған техникалық әрекетінде, ал кейде қолайлы сәті келіп қалған болса, тек танысқан әдістерін де қолданады.
Жатып, төрттағандап орындалатын әдіс түрлері.
1. Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру. Екі палуан да оң жағымен тұрады. Шабуылдаушы аяқтарын иығының аралығындай алшақ, ал оң аяғын қарсыласының оң аяғына жақын қояды. Сол қолымен қарсыласының жеңінен, оң қолымен жағасынан ұстайды. Солға қарай айнала беріп, сол аяғын оң аяғының қасына қою керек. Арттағы (сол) аяғын қозғаған кезде оң аяғын солға бұрып өкшесін көтеруі тиіс. Денесін солға бұрып, қолдарымен қарсыласының кеудесін өзінің оң бүйіріне, ал оның қолын өзінің кеудесіне мықтап қысып, сол күйде еңкейеді. Жамбасы қарсыласының жамбасынан сәл төменде, аяқтары бүгіліңкіреп тұрады. Сол қозғалған қолдарымен өзінің астына- төменге қарай жұлқып, еңкейіп барып, денесімен алға, солға айнала беріп, аяқтарын тіктеп алып құлайды. Бұл кезде басын солға бұрады. Тәсілді аяқтай бергенде қолдарымен тағы бір жұлқып, денесін солға барынша бұрып барып, қарсыласын жауырынымен кілемге түсіреді.
2. Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру. Шабуылдаушы оң жағымен тұрады. Сол қолымен қарсыласы киімінің оң иығынан арқасына таман ұстап оған арқасына қарап айнала беріп, оң қолын бос күйінде оның басынан асыра жүргізеді де, қарсыласының сол қолын өзінің кеудесіне қысады. Айналып бола бергенде қарсыласының кеудесінің өзінің оң қолтығына қарай қайтарып, оның қолын қабырғасына қысып, кілемге түсіреді.
Күрес кезінде палуан әрекеттерінің көбі қарсыласының қимылына қарсы әрекет болып табылады. Сондықтан спортшының терісімен бұлшық етінің сезгіштігінің үлкен маңызы бар. Өйткені оның қарсы әрекетінің шапшаңдығы едәуір дәрежеде палуаннның осы сезгіштік қасиетіне байланысты.Терісі мен бұлшық еті өте сезгіш, сонымен қатар техникасы жетілген әрі тәжірибелі болса, спортшы күрес кезінде болатын әр түрлі күтпеген жағдайларға дер кезінде жауап беріп, палуанның аса маңызды тактикалық құралы-қарсыласының алдын алып әрекет етеді. Жан-жақты дайындығы, күш, шыдамдылығы, икемі, т.б. жетілген сайын палуанның тактикасында өзгеріп отырады. Тактика жөніндегі білім терең десе, ол палуанның әр қилы мүмкіндіктерінің толық көрінуіне ықпалын тигізеді. Мысалы күрескен кезде жарыстарды күшін тактикалық жағынан сауатты пайдаланатын болса, тез шаршамайды да ұзақ уақыт күшін сарықпай күресе алады.Спортшының тәсіл қолдану шапшаңдығы мен қарсыласына әсер ету күші оның күрескен кезде сәт сайын өзгеріп отыратын жағдайды қас –қағымда қабылдап дұрыс бағалай алу, ең қолайлы сәтте әрекет етуіне байланысты.
Кеудеден асырып лақтыру. Бұл тәсіл аяқты тіктеп, қарсыласты жоғары – артқа қарай жұлқып, шалқалап құлау арқылы орындалады. Ол үшін арқа және аяқ бұлшық еттері жақсы жетілуі тиіс. Мұны аласа қарсылысы тіке тұрып күрескенде, сондай-ақ қарсылас шабуылдаушыға қарсы жүргенде орындаған дұрыс.
3. Белбеудің артынан және жеңнен ұстап шалқалап лақтыру. Орташа қашықтықтан немесе жақынан шабуылшы тік тұрған күйі қарсыласын белбеуінің артынан ұстап, оны кеудесіне қысып бір мезгілде тізесін бүгеді. Шалқалап, қарсыласы орнынан тұрғанда, оны жамбасымен алға – жоғары қарай қағып, көтеріп, белбеуден ұстаған жағына бұрылады да, оны өзінен асыра лақтырып жібермеген күйі жауырынын кілемге тигізеді.
Тактикалық даярлық: бұл тәсілді қарсыласы шабуылдағанда оны еркін қимылдатпай тежеп , содан соң орындаған ыңғайлы.
Палуанның тактикалық мүмкіндіктеріне оның техникалық және жан-жақты даярлығымен қатар психологиялық даярлықта әсер етеді, батыл және инициативасы мол спортшының тактикалық айла тәсілдері де көп бұрын соңды кездесе бермейтіндей болып келеді, сондай-ақ ол күрескен кезде қарсыласына өзінің ойға алғанын істете алады. Салқын қандылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық, ерік күшінің басқа да қасиеттері палуанды күрестің қиын қыстау кезінде жол табуға, қолайлы тактикалық вариант таңдап алып, оны жүзеге асыруға қабілетті етеді.
Тиісті психологиялық дайындығы болмаса өте –мөте толқиды, сөйтіп оның күрестің қалай аяқталатынын ойлап болатыны сондай, тіпті кілемге шыққанда өз әрекетін бақылаудан қалады және тактикалық жағынан дұрыс ойлау қабілетінен айырылады. Мұндай палуан айқас кезінде енжар қимылдайды, жағдайды дер кезінде дұрыс қолдана алмайды, қарсыласының қимыл-әрекетінен кешгіп қимылдайды. Шамадан тыс мазасызданып, батылдығы мен табанлдлығынан айырылғандықтан спортшының реакциясы кешігіп қана қоймай, күшін де дұрыс мөлшерлеп жұмсай алмайды, қарсыласының жалған қимылдарына барын салып әрекет етіп, сөйтіп оның шабуылға шығуын оңайлатады. Қиындықтан жасқанатын палуан қарсыласының еркіне бағынады да, айқастың тактикалық жоспарын орындау мүмкіндігінен, олай болса алға қойған мақсатын орындап шығу мүмкіндігінен де айырылады. Жағдайға қарай өзгеріп отыратын әр түрлі тактика спортшыдан ұдайы батылдық, белсенділік, тапқырлық, творчествалық инициатива көрсетуін талап етеді. Өйткені айқасқанда және жарыс кезінде палуанның өз бетімен әр түрлі тактикалық міндеттерді шешуіне тура келеді.
Қиын әрі ұдайы өзгеріп тұратын айқас жағдайында дұрыс бағыт тауып, дұрыс шешімге келу үшін, өзгерістерге дәл және дер кезінде көңіл аударып, қимыл көрсету үшін спортшының логикалық ой толғауы жақсы жетілген болуы және ол әрбір тактикалық амалдарын ойлап істеуі керек.
Тактикалық ойлау жан-жақты ойластырылған есепке негізделуі тиіс және ол тез өсу керек. Әсіресе, айқас кезінде тез ойлауға үлкен талап қойылады. Сондықтан жағдайды бағалау және шешім қабылдау кейбір эпизодтарда көп ойланбастан (автоматты түрде) жүзеге асырылуы тиіс.
Палуанның ойлау қызметі қиын жағдайда (күш жұмсау, қарсыласының тәсіліне ілініп жеңіліп қалу қауіпі, әр түрлі эмоциялар, шаршап шалдығу ) өтеді. Сондай-ақ, ойлау қызметі бірқатар факторларға, оның ішінде спортшының жарысқа қатысу тәжірибесіне өзінің көңілін басқара алуына байланысты. Жоғарыда айтылған осы қасиеттердің тіпті біреуі жеткілікті дамымаған болса, спортшының тактикалық ой қорытуының нәтижесі төмендейді. Тактикалық ойлаудың аса маңызды ерекшелігі көрегенділік болып табылады. Көрегендік жасау дегеніміз – ойша алға көз жіберу, болатын жағдайды елестете алу, айқастың және тұтас жарыстың нәтижесіне байланысты болатын ондағы басты, шешуші нәрсені дөп басу.
Айқастың және тұтас алғанда жарыстың қандай бағытта өріс алатынын палуанға көрегендікпен болжауға көмектесетін ойлау қызметінің негізі – спорттық күресті терең білу. Сонымен қатар қарсыласының шеберлігінің және күресу жағдайының ерекшеліктерін ескеріп өзін қарсыласының орнына қоя білу, оның ойын, қандай қимыл көрсететінін қателеспей табу қажет. Егер палуан қарсыласының ойын тауып, оның жасауы мүмкін әрекетін алдын-ала білетін болса, мұндай спортшының бұл айқастағы техникалық және тактикалық мүмкіндіктері арта түседі де ол өзіне қолайлы жағдайда болады деп айтуға болады. Қарсыласының қимылы оған белгілі болғандықтан ол мұны жығып кете алмайды. Өйткені спортшы бәсекелесінің шеберлігіндегі осал жерін пайдаланып, алдын-ала қарсы амал қолданады, сөйтіп қарсыласы күтпеген жерден шабуылдай алады. Алайда бәрін күні бұрын білу мүмкін емес. Күрескенде және жарыс барысында күтпеген жағдайлар болып, палуанға ойға алғанын орындауға қолбайлау болатын әртүрлі кедергілер ұшырасуы ықтимал. Көбінесе қарсыласы спортшының ойында, үмітінде жоққа шығарып отырады. Сондықтан спортшының тактикалық ойын жағдайға қарай жедел өзгерте алуының өте үлкен мәні бар
Әртүрлі күтпеген жағдайға дайын болуы, қандай жағдай болсада тактикалық бағытын дұрыс анықтау үшін ойланып әрекет етуі керек. Спортшының тактикалық ойы жақсы дамып жетілген болса, бұрын белгіленген әрекет ету жоспарына тиісті түзетулер енгізіп, қарсыласынан басым түсуге көмектесетін жаңа жолдар табуға мүмкіндік береді. Тактика бір қалыпты бола алмайды. Әрдайым біртүрлі амал қолдана беретін болса, спортшының жақсы нәтижеге жетуі қиындайды, өйткені оның қарсыласы әр уақытта қарсы амал дайындап үлгереді де, оны пайдалануға мүмкіндік алады. Жаңадан әртүрлі жол табу, қандай болмасын тактикалық міндетті творчестволықпен шешу, әрдайым жаңаша іздену – табысқа жетудің бұлжымайтын шарттары.
Достарыңызбен бөлісу: |