Саламатсыз ба, құрметті білім алушы! Пәні: Дене тәрбиесі Топ: шт-д-21 Күн



Дата08.02.2022
өлшемі97,81 Kb.
#130952
түріЗакон
Байланысты:
cd6f87cb-2f99-4423-806f-1c03b9245912


Саламатсыз ба, құрметті білім алушы!
Пәні: Дене тәрбиесі
Топ: ШТ-Д-21
Күн: 28.01.2022 ж
Пән оқытушысы: Мирзаконыров Бахытбек Кенжебекович.


Бүгінгі сабақтын тақырыбы : Баскетбол. Допты қағып алу және басқаға беру.

Допты қағып алу — доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс түрі. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарай қолды түзү еркін созу керек. Мұнда бес бармақтар бірбіріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеудеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғанақағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолдыдопқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең-кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартадыда келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн.




Екі қолмен кеудеден лақтыру. Бастапқы жағдайда доп кеуде тұсында болады. Бір аяқ ептеп алдыға қойылуы мүмкін. Аяқтар ыңғайлы, орнықты жағдай жасап тұру керек. Денеге жоғары бағытталған қозғалыс беретін аяқтың созылуымен қатар олар жоғарыға қарай созылуы керек, допқа доға тәріздес траектория жасалу керек.



Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ алға қойылады.



Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.



Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.






Қағып алу – баскетболшының допқа ие болуына себепші болатын тәсіл. Жақсы қағып алып басқа тәсілдерді тиімді орындауға әсер етеді. Қағып алуға дайындық қағып алудан кейінгі тәсілдің бастапқы жағдайында келтіретіндей допқа ие болуды қамтамасыз етуі керек. Екі қолымен қағып алу. Қағып алу үшін қолын екі жақтан допқа ұмсыну керек, нәтижесінде доп ұшып келетіндей жарты сфера жасалады.




Допты орнында тұрып бір қолымен қағып алу. Қолына доп тиісімен допты қысып ұстап, не денесіне жақындатуы не келесі әдісті қолдана алатындай бағытта қозғауы керек. Қолды бүгу- доптың ұшу жылдамдығының амортизациясы қызметін қамтамасыз етеді. Доп қолға тигенде қатты соғылмауы керек, сондықтан қолды ертерек бүгу керек. Бір қолмен допты қағып алу, екінші қолмен допты қағып алуға мүмкіндік жоқ болғанда немесе қағып алғаннан кейін бір қолмен тәсіл жасау керек болғанда қолданылады.


Допты соғып жүру- үшін ептеп бүгілген аяқпен орын ауыстыру қажет, допты өзінен алға біршама бүйірге таман жіберу қажет, сонда ол орын ауыстыруға кедергі жасамайды. Қол білезігі кең тарбиған саусақпен допты жүргізгенде, алақан допқа тимеу керек.


\ Үйге тапсырма:

  1. Баскетбол ойынында допты торға лақтырудың әдіс-тәсілдері

  2. Допты жоғарыдан қағып түсіру


.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет