Сроп тақырыбы; Егіншілікте қолдатынылатын машиналар



Дата11.05.2022
өлшемі449,13 Kb.
#142209
Байланысты:
full, Жоспар-кесте 4-курс 2023

Семей қаласының шәкәрім атындағы университеті КЕАҚ

Сроп ТАҚЫРЫБЫ; Егіншілікте қолдатынылатын машиналар

орындаған. Айтқалиев Ш.Ж

ТЕКСЕРГЕН. Ахметова А


КІРІСПЕ
Егіншілік – ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің, сақтардың ,үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 
20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды.
Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды.
Алғашқы бес – алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты.
Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан..

Комбайн


Комбайн – бір мезгілде бірнеше жұмысты атқара алатын жұмыс машиналарынан біріктірілген күрделі агрегат. Комбайн астық, майлы дақылдар, сүрлем, бақша өнімдері, жеміс-жидек және тамыр түйнекті жемістер жинауға, кен қазуға, т.б. қолданылады.
Қолданымына қарай ол кен комбайны, көмір комбайны, ас үй комбайны, ауыл шаруашылық комбайны, т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең көп тарағаны әрі маңыздысы – ауыл шаруашылық комбайны. Ауыл шаруашылық комбайнының: күріш, жүгері, қызанақ, жеміс, т.б. жинайтын, сүрлем дайындайтын түрлері бар.
Күріш жинау комбайны – күріш дақылдарын жинауда қолданылады, оған қосымша қондырғыларды қосу арқылы ылғалды топырақтағы басқа дақылдарды жинауға да болады. 
Ауыл шаруашылығы машиналары – жеке операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құралдардың кең спектрі.

Тұқым сепкіш


Машина және трактор агрегаттары
    • Тұқым сепкіш - – топыраққа тұқым себуге арналған машина . Ол ат тартымынан, ал қазір трактордың көмегімен жүрді. Тұқым сепкіш ойлап табылғанға дейін тұқым себудің негізгі әдісі қолмен себу болды.
    • Тұқымдарды көлденеңінен біркелкі бөлу тек себуші тәжірибесіне байланысты болды. Тұқымдарды жер бетіне шашқаннан кейін оларды тырмамен жерге салу керек болды. Бұл біркелкі емес қондыру тереңдігіне әкелді және кірістілікке әсер етті. Көгалдандырушылардың өнімділігінің төмендігіне, отырғызу тереңдігінің біркелкі болмауына және отырғызу тәжірибесіне қойылатын талапқа байланысты бұл әдіс механикалық отырғызғыштардың пайда болуымен тарихта қалды.

Культиватор


Культиватор - топырақты өңдеуге арналған ауылшаруашылық машинасы. Қопсытқыштар парды және өңдейтін болып бөлінеді. Егіс алдында үздіксіз өңдеу үшін пар қопсытқыштар, ал дақылдарды өңдеу үшін қатарлы қопсытқыштар қолданылады. Қопсытқыштардың көмегімен қопсыту, арамшөптермен күресу, ылғалды сақтау, төбешіктеу жұмыстары жүргізіледі. Соқадан айырмашылығы, қопсытқыш қопсытуды қабат айналдырмай орындайды.

Қолданылған әдебиет

  • Биология, 2011.
  • Сұрақ және жауап. Энциклопедия


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет