Срсп философиядағы адам мәселесі



Дата14.09.2023
өлшемі15,78 Kb.
#181121
Байланысты:
СРСП 7


СРСП-7. Философиядағы адам мәселесі.
1. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/ян). Антикалық филсофия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель және т.б.).
Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.

Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.


Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).

Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы - ян - ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы- бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды.

Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (Vқ-Vғ.б.ғ.д.) “Даодецзин деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары жинақтаған.

Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.

Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.

Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.



Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).
Антика философиясының дәуірі 13 ғасырға созылды. Б.з.б. 8 ғасырда басталып, б.з. 5 ғасырда аяқталды. Антикалық философияны жүйелейтін болсақ, мынандай кезеңдерді байқаймыз:

Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезең б.з.б. VІІ-V ғасырларды алып жатыр. Осы уақытта Милет мектебі пайда болған. Бұл мектептің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Сондай-ақ, бұл кезде философияда Эфес мектебі және Элей мектептері пайда болған. Эфес мектебінің өкілі Гераклит. Элей мектебінің өкілдері: Парменид, Ксенофан, Зенон. Пифагорлықтар мектебі. Оның өкілі Пифагор. Атомистік мектеп. Оның өкілдері: Демокрит, Эвклид.


Классикалық кезең (б.з.б. V-ІV ғасырларда). Бұл кездегі философиялық мектептер: Афиналық мектеп, Софистер мектебі, Мегар мектебі, Киникалық мектеп. Софистер: Протагор, Гипий. Афина мектебінің өкілдері: Сократ, Платон, Аристотель. Киникалық мектеп өкілдері: Антисфен, Диоген.
Эллинистік философия. (б.з.б. ІV-ІІ ғғ). Бұл кезеңде Перипотетикалық, Академиялық мектептер жалғастырылды. Сондай-ақ Эпикур мектебі, Стоицизм, Скептицизм (өкілі Перон), Эклектизм (өкілдері: Филон, Антиох)
Рим философиясы (б.з. V ғ.) Сенеканың Стоицизм мектебі, Тит Лукреций Кардың Эпикуреизм мектебі, Марк Пули, Цицеронның эклектиалық мектебі, неоплотонизм философиясы қалыптасты. Неоплотонизмнің өкілдері: Плотин, Прокл.
Антикалық философияның мектептерінің негізгі мәселелері:
Алғашқы бастау мәселесі.Философияда алғашқы бастау ұғымын әртүрлі түсіндіретін екі бағыт қалыптасты: а) кейбір философтар алғашқы бастау материалдық түрде болады деді. Мысалы, Фалес суды, Анаксимен ауаны, Гераклит отты, Анаксагор заттардың тұқымын алғашқы бастау деп қарастырды. Эмпедокл төрт элементті алғашқы бастау дейді. Эвклид пен Демокрит атомды алғашқы бастау дейді; б)екінші бағыттағы философтар зат емес, идеалды түрдегі, рухани алғашқы бастауды мойындады. Мысалы, Пифагор алғашқы нәрсе деп цифрді көрсетті.
Қозғалыс мәселесі. Бұл мәселеде де екі бағыт қалыптасты. а) Гераклит дүние ұдайы қозғалыста деп есептеді. “Бір өзенге екі рет түсе алмайсың”, себебі ағын су лезде өзгеріп кетеді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бірлігі туралы пікір айтты; б) кейбір философтар қозғалысты ойлау мүмкін емес деп шешті. Мысалы, Зенон Элейский мынадай апорийлер айтты: Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, атылған садақ ұшпайды, қашықтықты шексіз екіге бөлгендіктен, бір нүктеден екінші нүктеге жету мүмкін болмайды. Бұл ойдағы қайшылықтардың бір көрінісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет