Статика (гр. statіke – салмақ, тепе-теңдік туралы ілім) – механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін саласы; механикалық жүйелердің тепе-теңдік күйін күш әсерімен зерттейтін механика бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.

Негізгі принциптеріне қарай геометриялық және аналитикалық статика болып бөлінеді:
Аналитикалық статиканың негізіне кез келген механикалық жүйенің жалпы шартын белгілейтін ығысудың ықтималдық принципі алынған.
Геометриялық статика материялық бөлшектер мен абсолют қатты денелерге әсер ететін күштердің қасиеттерін өрнектейтін аксиомаға негізделеді. Геометриялық статиканың тәсілімен қатты дене статикасы да зерттеледі.
Статиканың негізгі ұғымдары
Күш
Центрге және оське қатысты күш моменті
Қос күш
Күш дегеніміз не?
Күш дегеніміз - бұл дененің күйін өзгертуге әкелетін, басқа денелер немесе өрістердің берілген денеге әсер етуінің өлшемі болатын векторлық шама. Бұл жағдайда күйдің өзгеруі жылдамдықтың немесе деформацияның өзгеруін білдіреді.
Статиканың аксиомалары:
Статиканың аксиомалары:
Егер денеге немесе материалдық нүктеге бекітілген күштер жүйесі нәтижесінде дене тыныштық күйде болса немесе инерция бойынша қозғалса, онда бұл күштер жүйесі теңгерілген немесе нөлге эквивалентті деп аталады.
Дененің механикалық күйін өзгертпей-ақ оған теңгерілген күштер жүйесін қосса немесе алып тастаса болады.
Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізілді. Күш моменті- күш модулі мен күш иінінің көбейтіндісіне тең векторлық шама.
Оның бағыты күштің бағытымен сәйкес келеді. Күш моментінің бірлігі үшін иіні 1 метрге тең 1 Hьютон күштің моменті алынады М [Н·м].
M=Fd
F – күш модулі, d – күш иіні
Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімін статика деп атайды. Тепе-теңдік деп дененің тыныштықта, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста немесе қозғалмайтын оське қатысты бірқалыпты айналып тұрған күйін айтамыз. Дененің тыныштықта немесе бірқалыпты қозғалыста болу шарты тікелей Ньютонның бірінші заңынан шығады, яғни денеге түсірілген барлық қорытқы күші нөлге тең болу керек:

Fi=0
Қос күш– қатты денеге әсер ететін, шамалары тең, бағыттары қарама-қарсы (P=–P), өзара параллель екі күштің жүйесі .
Қос күш өзі түскен денені айналдыруға тырысады. Оның тең әсерлі күші болмайды.
Бір денеге түсірілген, моменттері бірдей (M1=M2) екі Қос күш бір-біріне механикалық эквивалентті болып табылады.