Ұстаздықтың ұлы бейнесі



Дата11.12.2021
өлшемі16,98 Kb.
#99012
Байланысты:
Документ


Ұстаздықтың ұлы бейнесі

Ұстаздық ұлылықтың, мейірімнің, тәлім мен тәрбиенің риясыз символы. Білімнің қайнар бұлағы, адамзаттың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін жан. Кез-келген маман иесі шахтёр, ғалым, дәрігер, ғарышкер тіпті ел басқарушы ханның өзі ұстаздың тәлімімен сусындап, ұстаз ұсынған білімнің шырынын ішкен. Болашақтың болмысынының іргетасын қалайтын дәл осы ұстаздарымыз екені айтпаса да бесенеден белгілі. Ақ пен қара, адал мен адамды, жақсы мен жаманды айыруға етене ықпал еткен ұстаздар еңбегі қашан да ескерілуі қажет.

Осындай ұлағатты тұлғаларымыздың бірі – Суюмкулова Жанат Батырбековна.

Табиғаты тамаша, таулары аспанмен таласқан, жазы жайлау, қысы қыстау жер жәннәті Жамбыл ,- десем артық болмас. Күні күнінде жарық шашқан, жайлауында жылқы ойнап бие қашқан алып Жамбыл қаншама зиялылардың, қаншама қайраткерлердің туған ордасы екені тағы белгілі. Жамбылдай киелі мекеннен қанат қаққан зиялылардың бетке ұстары ол – Жанат Батырбековна.

Ол Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Кеңес ауылының тумасы. Меркідей маңғаз мекеннің аруы. Туған жердің топырағын басып шабыттанатын ұстаз, жерімнің әр тасы мен үшін туған жер, қасиетті мекен деген пікірде. Осындай сөзі дана, ісі дара тәлім мен тәрбие иесінің дәл Меркінің топырағын басу бұйырғаны үшін дала салқын леп желімен алғыс білдіріп тұрғанда, тіпті!

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп, өз дара жолын дана әріптермен жаза бастаған Жанат апай 1985 жылы қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (бұрынғы ЖенПИ) түлегі атанды. 1990 жылы оқу ордасын үздік тәмамдап, ұстаздық ете бастады. 1990 жылдан 2005 жылға дейін білім мен ғылымды өскелең ұрпақ бойына сусындатып, қаншама сыйлы, ойлы, жүйрік, ең бастысы адал шәкірттерді ыстық ұясынан ұшырды. Осы жылдарды Жанат апайдың нағыз ұстаздық жолына еңбегінің сіңгені, ұстаздықтың туын көкте желбіреткен шақтары деп атасақ айып болмас. Себебі, әрбір еңбек пенен маңдай тердің төгілген шағы емес пе ?! Бір бүйрегі адал еңбекке бұрып тұрған Жанат апайымыз ендігі еңбек жолын Меркі ауданына қарасты, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры болып жалғастырды.

Алла берген ғұмырымызда адал еңбек етіп, айналамызға жақсылық нұрын сеуіп, атқарған еңбегіміздің жемісін көріп отырған қандай бақыт десеңізші, иә?! Осы тұста дара тұлғамыз Жанат апайдың жетістіктерін атап өтпеске болмас. Өзі басқарып отырған мекеме ұжымының мүшелерін «айрандай ұйыған отбасы» секілді бір жүйеге дағдыландырып, әр қилы байқаулардың облыстық көлемінде «бас жүлде», «ІІ-орын», «ІІІ-орын» сынды жүлделерді ұжымның қанжығасына бұйыртқан, адал басшылық етіп жүрген тұлғаға қалайша алғыс жаудыртпайсың?! Жетістіктің көлемі бұнымен тоқтамақ емес, Суюмкулова Жанат Батырбековна аудан әкімінен, облыстық мәдениет басқармасынан, облыстық кәсіподақ ұйымының «құрмет грамотасымен» марапатталса, облыс әкімінен «құттықтау хат» алып, Ш.Уәлиханов атындағы кітапханадан, облыстық мәдениет басқармасынан «алғыс хаттар» алған болатын. Қазақта, «Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады» деген салмақты да салиқалы, астары ақиқатқа толы сөз бар емес пе?! Суюмкулова Жанат Батырбековна апайымыз Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана тарапынан кеудесіне «медаль» таққан жандар қатарында.

Қызметтік жолында да, ұстаздық жолында да абыройы асқақ жанның, өмірге әкелген аяулы ата-анасы мен отбасы жайлы ақпараттармен бөлісе кеткенді жөн санаймыз. Жанат апайымыздың әкесі – Сүйімқұл Батырбек Сүйімқұлұлы аудан көлемінде «Ленин» орденімен, «Герой труда» және тағы да басқа медальдардың иегері атанған, «Құрметті азамат». Ал, анасы – Қасымбекова Күлгін Ақжолқызы «Құрметті ұстаз» медальінің иегері, жұбайы екеуі ұрпақтарының тәрбиесі мен білім алуларына аянбай еңбек етіп, сол еңбектің оңай жолменен келмейтінін ұл-қызына ұғындырған ардақты да, аяулы жандар. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» демекші, осы тұста Жанат апайымыздың қос қанатына басымызды ие отырып, алғыс айтамыз ! Шәкірттерді жақсылық пен ізгілікті білімге баулыған Жанат апайымыз, өз отбасында да ұл-қыз тәрбиелеген, жарына жаға білген батыр жан. Жұбайы – Кокибасов Нуртас Лемсович, SAC фирмасында главный инженер болып қызмет атқарса, ұлы – жеке кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) қызметкері болып та, екі жақтама істің басын біріктіріп қызмет жасап жүрген азамат. Ал қызы – Қазпоштада есепші (бухгалтер) болып абыройлы еңбек етіп жүрген жан.



Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім дей келе, Суюмкулова Жанат Батырбековна сынды, қазақтың маңдайына біткен, адамдықтың асыл тәжін киген апайымызға зор денсаулық пенен отбасына амандық тілейміз! Сіз тәрбиелеген шәкірт, сіз берген ақыл-парасатты болашақ ұрпаққа жеткізуші ортадағы алтын көпір болсын дегеміз келеді !

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет