Студент: Орақова Гүлжан
Тобы: ББ-П-17
Сәлеметсіз бе,апай? Қайырлы күн!
Күніңіз сәтті өтсін!
Тапсырма:
1.Бағалаудың түрлеріне (өзін-өзі,жұптық,топтық) сәйкес тапсырма дайындаңыз.
Б. Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу
Оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері құрастырылады, ол Б.Блумның таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі.
Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды.
Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың төңірегінде берілді:
білу және түсіну;
қолдану;
жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).
Достарыңызбен бөлісу: |