Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет.
Субъектілер - әрбір құқық қатынастарында қатынасатын қатысушылары.
Объект – құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталғаны.
Жеке тұлға дегеніміз – ҚР-ның азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамда
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға.
Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу.
Мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі,
Тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.
Жеке тұлға дегеніміз – ҚР-ның азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар.
Банкрот- қарызын өтей алмаған борышқор, яғни борышын өтеуге мүмкіндігі жоқ кез келген занды тұлға.
Бюджет-орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Бизнес-пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.
Бизнес-жоспар- кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат.
Бизнес-тренинг- Ересек адамдарды оқыту үлгісі, онда нақты жағдайда әрекет дағдыларын жаттықтыруға ерекше назар аударылады (сату, даулы клиенттермен қатынасу, телефон арқылы клиенттермен қатынасу, т.б.).
Бизнесмен- бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер.
Капитализм-жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты.
Коммерциялық ұйым-тауарларды өндірушілердің қатарына кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын.
Кәсіпорын-қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Келісімшарт-талап-тілек, міндет, құқық, парыз нақты көрсетілген екі жақтың өзара келісімі.
Кооператив- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін адамдардың үлеспұлдық негізде ерікті бірігуі жолымен құрылған кәсіпорын, ұйым.
Кредит - ақшаны (құнды мүлікті) белгілі уақытқа қосымша пайызбен қайтарылады деген ниетпен қарызға беру. Кредиттті әдетте банктер мен арнайы кредиттік мекемелер береді.
Валюта-(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі.
Экономикалық пайда-фирманың белгілі бір кезеңдегі жиынтық табысының және иеленуші капиталын бөлудің баламалы шығыны мен жиынтық шығынының арасындағы айырма.
Экономика- материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экспорт- Тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтардысыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету.
Франчайзинг- Белгілі бір аймақта, белгілі бір саладағы өздерінің шаруашылық іс - әрекетінде ірі фирманың фабрикалық марка құқығын қолдану туралы келісім – шартқа отырған ұсақ жеке фирмалардың жүйесі.
Инфляция- бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инвестиция- табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Акционерлік қоғам-азаматтық заң бойынша өзінің қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын ұйым.