Суретте қозғалысын теңүдемелі бастаған дененің координата-уақыт графигі берілген. Дененің үдеуі 11 м/с



Дата07.02.2022
өлшемі327,4 Kb.
#90828
Байланысты:
2 вариант қаз





  1. Суретте қозғалысын теңүдемелі бастаған дененің координата-уақыт графигі берілген. Дененің үдеуі 11 м/с2. Егер дененің А нүктесінде болу уақыты мен Б нүктесінде болу уақыты арасында 8 секунд болса, дененің Б қаласына жету уақытын табыңыз (қозғалыс түзусызықты)




  1. Альпинист таудан түсу үшін тек бірқалыпты қозғалуда. Егер оның жылдамдығының модулі 2,8 м/с болса, оның 2 км биіктіктегі тауға шығу уақыты



  1. Автокөлік а1 үдеуімен қозғалысын бастады. белгілі уақыттан соң оның жылдамдығы ϑ болғанда автокөлік а2 үдеуімен тежеліп тоқтады. Дененің барлық жолдағы орташа жылдамдығы неге тең?




  1. Тығыздығы 800 кг/м3 ағаш кесегін судың астына батырып тұрып жіберген кезде, оның алатын үдеуінің мәнін табыңыз. (судың тығыздығы 1000 кг/м3, g = 10 м/с2)




  1. Көлемі V1 = 0,2 м3 дене F1 = 100 Н күшінің әсерінен а1 = 2 м/с2 үдеу алады. Ал көлемі V2 = 0,4 м3 дене F2 = 200 Н күшінің әсерінен а2 = 5 м/с2 үдеу алады. Егер бірінші және екінші денелердің әрқайсысынан 0,1 м3-тен алып үшінші дене жасалынса, ол дене а3 = 5 м/с2 үдеумен қозғалуы үшін қандай күш қажет?




  1. Спорт машинасы 50 м/с жылдамдықпен радиусы 125 м айналым жолынан өте алуы үшін айналым жолының көлбеулік бұрышы ең аз қандай болуы керек? (машина дөңгелегі мен асфальт арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2, g = 10 м/с2)

*жауапты "arc" функциясымен беру жеткілікті






  1. Суретте қозғалысын теңүдемелі бастаған дененің координата-уақыт графигі берілген. Дененің үдеуі 8 м/с2. Егер дененің А нүктесінде болу уақыты мен Б нүктесінде болу уақыты арасында 2 секунд болса, дененің А қаласына жету уақытын табыңыз (қозғалыс түзусызықты)


  1. А льпинист тауға шығу үшін тек бірқалыпты қозғалуда. Егер оның жылдамдығының модулі 1,4 м/с болса, оның 1 км биіктіктегі тауға шығу уақыты


  1. Таудан бірқалыпты үдемелі а1 үдеуімен түсе бастаған дене таудың етегінде ϑ1 жылдамдыққа ие болады. Кейін горизонталь жолмен а2 үдеуімен қозғала отырып тоқтайды. Дененің барлық жолдағы орташа жылдамдығы неге тең?




  1. Ағаш кесегін судың астына батырып тұрып жіберген кезде, ол 6 м/с2 үдеумен су бетіне шығатын болса, дененің тығыздығын табыңыз. (Судың тығыздығы 1000 кг/м3, g = 10 м/с2)




  1. Көлемі V1 = 0,2 м3 дене F1 = 100 Н күшінің әсерінен а1 = 2 м/с2 үдеу алады. Ал көлемі V2 = 0,4 м3 дене F2 = 200 Н күшінің әсерінен а2 = 5 м/с2 үдеу алады. Егер бірінші және екінші денелерден бірдей массадан алып үшінші дене жасап F3 = 200 Н күшпен қозғаса , ол дене а3 = 5 м/с2 үдеумен қозғалады. Бірінші және екінші денелерден алынған бөлшектердің көлемдерін табыңыз.




  1. Спорт машинасы радиусы 125 м көлбеулік бұрышы 30° айналым жолынан өте алуы үшін машинаның жылдамдығының мәні ең көп неше бола алады? (Машина дөңгелегі мен асфальт арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,5, g = 10 м/с2)





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет