Т. Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қоғамдық- танымдық газеті



Дата18.06.2024
өлшемі3,5 Mb.
#203416
Байланысты:
газета 2

    Бұл бет үшін навигация:
  • Рухы

Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қоғамдық- танымдық газеті
«Нұрлы жол»
Газет 2015 жылы 1 мамырдан бастап шығып келеді
Бүгінгі нөмірде:
  • Бастауышым-балбұлағым
  • Ұстаздармен қоштасу
  • Алтын сақа олимпиадасы
  • Білімге деген құштарлығын арттыру
  • Рухы мықтылар
  • Хабарландыру
  • Көп балалы отбасы
  • Бақытты отбасы

Біздің мекен-жайымыз:
Құрманғазы 19/1 көшесі
Тел.: 74-112
Электрондық адрес:
Bigeldinov.sosh@mail.kz
Бас редактор
Сабиров Ж.К.
Ақылдастар алқасының мүшелері:
Батыргалиева Г.М.
Шманова М.Г.
Тасанов А.А.
Бүгін қара шаңырағымыз - Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде "Бастауышым-балбұлағым!" тақырыбында 4 "а" сыныбының бастауыш сыныпты аяқтау кеші болып өтті.
Биылғы жылы 4-ші қазақ сыныбын - 13 оқушы аяқтап отыр, соның ішінде ұлы-8, қызы-5.
Бүгін Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің базасында аудандық шағын жинақты мектептің мұғалімдеріне арналған пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты - шағын жинақты мектептің пән мұғалімдері арасынан шығармашылықпен жұмыстанатын, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдаумен айналысатын мұғалімдерді қолдау.
Бұл білім сайысына Т.Бигелдинов атындағы ЖОББМ-нен 6 (алты) ұстаз қатысып, солардың арасынан ағылшын тілі пәні мұғалімі Ишмухамбетова Динара Маканбаевна, география пәні мұғалімі Зулкарнаева Эльмира Еламановна жүлделі ІІІ орын алса, тарих пәні мұғалімі Султангалиева Айсулу Утегеновна жүлделі І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Барша әріптестерді жүлделерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта тек биік белестерді бағындыра беріңіздер деген тілектеміз
Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні "Зерделі" Білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Алтын сақа" математикалық олимпиадасына аудандық кезеңнен 1 орын алып, облысқа жолдама ұтып алған, мектебіміздің математигі 6 "а" сынып оқушысы Темирбулат Ернар жүздеген оқушылардың арасынан оза шауып, ІІІ орынды қанжығасына байлады. Шәкіртінің бойынан дарындылығын байқаған білікті де тәжірибелі ұстазы Айслу Жауынбайқызы Сариеваның еңбегі де ұшан-теңіз. Оқушы мен ұстаздың уақытпен санаспай дайындықтары өз нәтижелерін берді. Жеңімпаз оқушы мен бапкерін құттықтаймыз

Рухы мықтыларға арналған

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі, біздің мемлекеттілігіміздің негізгі элементтерінің бірі, еліміздің мемлекеттік тұтастығының және егемендігінің кепілі.

Қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.


"Біз кепбалалы отбасысанатындамыз. 2 ұл 4 кыз тербиелеп отырмыз. Улкен ұлымыз байланыс кызметі бойынша оку бітіріп енбек етіп жатыр. Улкен кызымыз музыкалык жогары білімді маман иесі. Екі кызымыз студент бірі эколог мамандыты бойынша Жэнгір хан университетінін, 2 курс студенті, екіншісі АЙТИ мамандыты бойыншаКазИТУ дын коледжінде екінші курста окып жатыр. Біркызымыз мектеп жасында, кенже клымыз 3 жаста. 8-сыныпта окитын Манар кызымыз оку уздігі, пэндіколимпиадаларынын аудандык, облыстык кезенжулдегері, мектепішілік "Бэйтерек" ансамблінін, ауылдык, "Уркер" виа-ансамблінін, мушесі, кеше откен облыстык, "Балдеурен" байкауында 3-ші орын алып келді.Бугінгі халыкаралык отбасы куні шутты болсын!!!Жануя - эр адамнын емірдегі ен асыл кундылыты.Мереке куні эр шанырак, шаттыкка, бакыт пен сэби кулкісіне толы болсын! Эр эулеттін мерейі устем болып, тамыры теренге жайыла берсін деп тілек білдіреміз.
15 мамыр - халыкаралык,отбасы куні. Атаулы кун 1993 жылы Б··-нын, Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бул кунді мерекелеуотбасылык кундылыктарды ныгайтуга негізделген.Котамда отбасы - эркашан рухани жене меденидэстурлердін сактаушысы, жануя жылулытын сендірмей, керегесін кен, устап, тарих толкынымен келе жаткан киелі бак мекен.Отбасыны аман-саулыты эрбір елдін дамуы мен келешегінін елшемі деп білеміз. Сондыктан да бугінгі мерекеде бір-бірінізге едемі де эсерлі сездер арнап, ерекше сыйластык керсете білініздер! Мереке куні эр шанырак, шаттыкка, бакыт пен себи кулкісіне толы болсын! Эр эулеттін, мерейі устем болып, тамыры теренге жайыла берсін деп тілек білдіреміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет