ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСУ БАРЫСЫНДА МЕКТЕПКЕ
ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Тексерген: Индира Сағдатқызы
Дайындаған: Мүсілім Нұрай
МАЗМҰНЫ
ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСУ БАРЫСЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
1.1 Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың
теориялық негіздері;
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру арқылы
олардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістері;
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру
жұмыстарын ұйымдастыру.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,
оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде
қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі
табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар
қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта
жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және
нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-
жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен
топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды.
Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме,
асхана, дәрігер бөлмесі т.б айырмашылықтарын ажырата
бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті
құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны,
қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап
беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы
әңгімелейді.
1.1 Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың
теориялық негіздері
Қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары туралы білімді
қалыптастыру баланың ақыл – ой дамуының шін мәніндегі
маңызды құралы болып табылады және оны қоршаған ортаға
қосудың қажеттігімен байланысты. Баланың ақыл-ойының
дамуында табиғат және оның құбылыстары, сондай-ақ адам
және оның өмір сүру жағдайлары туралы білу аса маңызды
болып табылады.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру арқылы
олардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым ғылыми білім
негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып олардың ой - өрісін,
білім дәрежесінің деңгейін кеңейту, сана - сезім, таным, қабылдау
әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен
еңбектену белсенділігінің қалыптастыру қажеттігін баса айтады
ғалымдар. Дегенмен қазірге кезде балалардың даму деңгейін, білуге,
білімге ынталы екендігін педагогикалық психология саласындағы
зерттеулер дәлелдеп отыр.
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру жұмыстарын
ұйымдастыру
Қорыта келе, болашақ ұрпақтың тәрбиесі педагогтардың қолында
екендігін айтқымыз келеді. Бала жас күнінен бастап табиғатты аялауға,
құрметпен қарауға үйренгені абзал.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық процесінде, атап айтқанда
«денсаулық», «қатынас», «таным», «шығармашылық», «әлеуметтік орта»
білім беру салаларында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және
тәрбиелеу ісі табиғатпен байланыстырылып өткізіліп жүргенін білеміз.
Бірақ, қоғамдық орындарда, зообақтар мен гүлзарларда ата-аналарымен
серуен құрып жүрген балалардың іс-әрекетіне, сөзіне сырттай бақылау
жасайтын болсақ олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне жан
ашырлықпен қарайтындарын сирек кездестіреміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |