Таңдау және элективті курстардың берілуі (10-11сыныптар) Элективті курс - оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі.
Мектепте элективті курстар білім беру мекемесінің оқушы компонентіне бөлінген сағаттардың есебінен жүзеге асырылады.
Атап айтқанда 10-сыныптарда «Абайтану», «Мәңгілік Ел» - ұлт идеясы: тарихи таным мен тамыр» және «Жаhандық құзыреттілік». Ал 11-сыныптарда «Жалпы биология негіздері», «Жаhандық құзыреттілік», «Алаш идеясы мен алаш қозғалысы» атты курстар аптасына бір-бір сағаттан әдебиет және тарих пәндері бойынша жүргізіліп отыр.
10-сыныптағы «Абайтану» курсынан сабақ беретін Мухамбедиярова Б.И- педагог-зерттеуші, пед.өтілі 29 жыл;
«Мәңгілік Ел» - ұлт идеясы: тарихи таным мен тамыр», «Жаhандық құзыреттілік», «Алаш идеясы мен алаш қозғалысы» курсынан Садық И.Ә – педагог-зерттеуші, пед.өтілі 22 жыл;
Ал «Жалпы биология негіздерінен» Қарағұлқызы М –модератор, пед.өтілі 1 жыл 5 ай;
Курс бойынша сабақ беретін 3 мұғалімнің де 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, әдістемелік бірлестікте қаралып, оқу ісі меңгерушісі тарапынан келісіліп, мектеп директорымен бекітілген. Күнтізбелік жоспары журналмен сәйкес келеді.
Мухамбедиярова Б.И, Садық И. Ә мен Қарағұлқызының сабақтарына қатысу барысында төмендегідей нәтиже көрсетті. Сабақ жоспарлары әдістемелік жағынан дұрыс құрылған. Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдаланып, оқушыларына топпен жұмыс жасауды қалыптастырып қойған. Бұл әдістердің ерекшелігі оқушының оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға проблемалық тапсырма беріледі. Сондай –ақ, проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, топпен жұмыс, миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, сауалнама алу әдістерін және т.б. инновациялық әдістерін сабақты қызықтыру мақсатында қолданатынатындықтары байқалды. Және де күнделікті журналдарын уақытында толтырып отырады.
Қорытынды: Пән мұғалімдерінің оқыту мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік беретін жоғары потенциалы бар.
2. Сабақ барысында пән мұғалімдері инновациялық технологияның әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана алады.
3. Оқыту типтік оқу бағдарламасына сай іске асырылғанын көрсетті.
Ұсыныс: 1. Оқу процесін ұйымдастырудың вариативтік нысандары мен оқушылардың дамытушы белсенді танымдық қызметін іске асыруға бағытталған оқыту әдістері әлі де белсендірек пайдаланылсын.
3. Жас маман М.Қарағұлқызы өзара сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақтасын.