«№51жалпыбілімберетінмектеп» коммуналдықмемлекеттікмекемесі2022-2023оқужылы І жартыжылдықтағы оқу-әдістемелік жұмыстаресебі Мектепте жалпы мұғалім саны -147, 6 педагог-зерттеуші, 19 педагог-сарапшы,35 педагог-модератор бар. Биылғы оқу жылының басында 23 мұғалім аттестациядан өтуге өтініш берді.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру.
Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ету мақсатында заңды нормативтік құжаттарға сүйене отырып жұмыс жүргізді. Мектептің барлық оқу үрдісінде ҚР «Білім туралы» Заңы, Білім стандарты, Оқу жоспарының базистік, типтік жұмыс жоспары және әр пән бойынша бағдарламаны негізге ала отырып оқу ісі жүзеге асырылды.
Мектеп ұжымы дәстүрлі 5 күндік кестемен жұмыс істейді, оқушылар 5 күндік оқу кестесімен оқиды. Сабақ таңертен 08:00-де басталып, кешкі 19:00-ге дейін өткізілді.
Тұрақты сабақ кестесі жасалынды..Оқу жоспарындағы барлық сағаттар толық қамтылды.
2022-2023 оқу жылының 1-2 тоқсанында барлық пән мұғалімдері оқу бағдарламасын, тәжірибелік сағаттардың бағдарламасын орындады. Пән мұғалімдері берілген сағаттарға сәйкес күнтізбелік жоспарларын жасап, жыл басында пән бірлістігінің отырысында қаралып, бекітілді. КТЖ-ға ҚР оқу-ағарту министрлігінің 16.09.2022 жылғы №399 бұйрығы бойынша өзгерістер енгізіліп, қайта бекітілді.
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес қазан айында қазақ тілі, орыс тілі, бастауыш сынып пәндерінің оқытылуы тексерілді. Пән мұғалімдерінің сабақ беру әдістемесі мен оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білім-білік дағдылары зерделенді. Пән мұғалімдерінің сабақ беруі сабақ талдау параметрі бойынша 60-70 пайыздық көрсеткіште болды. Бақылау қорытындысы әдістемелік кеңес отырысында қаралып, ұсыныстар берілді.
Жалпы зерделеу барысында пән мұғалімдеріне күнделікті сабақты жоспарлауда оқу үрдісінде қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың толық жүзеге асуы әлі де орташа деңгейде екені, рефлексиялық талдау үнемі жүргізілмейтіні ескертілді. Жалпы әдістемелік орынбасарлары тарапынан 52 мұғалімнің сабағына қатысып, сабаққа талдау жасалды. Әдістемелік көмек берілді. Мұғалімде күнделікті болуы тиіс КТЖ, ҚМЖ сапасы бойынша ӘБ-лер көрсеткіші /1-10 балдық жүйе бойынша/ сараланды.