Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл



бет1/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив



Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы
Орал қалалық білім беру бөлімі


«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ТАҢДАУ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
8-сынып

Орал, 2022 жыл


Орал қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеттің кеңес отырысында қаралып,


Орал қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында апробациядан өтуге ұсынылады.
Хаттама №1, 27.01. 2023 ж


Құрастырушылар: С.С.Ергалиева
Г.Б.Мырзабекова
Орал қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, педагог-сарапшы


Рецензенттер: И.С.Султаниязова
М.Өтемісов атындағы БҚУ қауымдастырылған профессоры, PhD докторы
Урынгалиева М.Т
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Орал қалалық білім
беру бөлімінің № 22 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, педагог-зерттеуші
«Қазақ тілі» таңдау курсына арналған бағдарламасы 8-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылдық сағат саны - 36 сағатқа есептелген. Бұл таңдау курс бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал сабақ өткізу барысында мұғалімдерге, жас мамандарға көмекші құрал болады.

МАЗМҰНЫ

1.Түсінік хат....................................................................................................4


2. Оқу-тақырыптық жоспар............................................................................5


3. Бағдарлама мазмұны..................................................................................9-11


4. Сабақ жоспары үлгілері.............................................................................12


5. Қорытынды................................................................................................34


6. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................35



Түсінік хат
«Қазақ тілі» таңдау курс бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерде қолданыста бар ұзақ мерзімді жоспарларға қосымша ретінде жүктемесінің төмендетілуіне және таңдау пәндері бойынша оқу жүктемелерінің көбейтілуіне сәйкес әзірленген. Ұзақ мерзімді жоспарларды басшылыққа ала отырып құрастырылды. Жылдық жүктеме - 36 сағат, аптасына 1 сағат.
Бұл таңдау курсына арналған бағдарламасы қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
«Қазақ тілі» таңдау курсына арналған бағдарламаның
Мақсаты:
ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет