Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл


Болымды, болымсыз сөйлемдер



бет7/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив

28. Болымды, болымсыз сөйлемдер. (1сағат) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазып, ондағы болымды, болымсыз етістіктерді тауып, талдайды.
29. Етістікті және есімді сөйлемдер. (1сағат) Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Мәтіннен есімді сөйлемдерді теріп алып, етістікті сөйлемдерге айналдырады.
30. Атаулы сөйлем. (1сағат) Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді пайдаланып, авторына сілтеме жасап, толықтырады. Әр азатжолға тақырып ұсынады. Тірек сөздерді табады.
31. Толымды, толымсыз сөйлемдер. (1сағат) Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтап, тақырып бойынша тезистік жоспар құрады. Толымды, толымсыз сөйлемдерге мысал келтіріп, грамматикалық тапсырмалар орындайды.
32. Пунктуация. Тыныс белгілердің қабаттасып қолданылуы. (1сағат) Мәтінмен танысып, ондағы негізгі ойды анықтап, стилін табады. Тыныс белгілерінің қабаттасып қойылуына, көркем әдебиеттерден мысалдар келтіреді. Оқушылар өздерінің қатты қуанған кездерін естеріне түсіріп, сол сезімдерін тиісті тыныс белгілерін қоя отырып, жазбаша суреттейді.
33. Сұрау, леп белгілердің қатар қойылуы. Көп нүктенің, басқа да тыныс белгілердің қабаттасуы (1сағат) Мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырып, құрылымы мен даму желісін сақтап, өз ойын дәлелдеп, тыныс белгілерінің қатар қойылуын ескеріп, аргументативті эссе жазады.
34. Драмалық шығармалардағы тыныс белгілері. (1сағат) Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолданып, авторына сілтеме жасайды. Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс белгілерінің орналасу тәртібін меңгереді, пунктуациялық талдаулар жүргізеді.
35. Төл сөздің тыныс белгілері. (1сағат) Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты пікірталас ұйымдастырады. Ережемен танысып, сызба бойынша сөйлемдер құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет