Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл



бет5/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив

14. Жанасу (1сағат) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазады. Бағыныңқы және басыңқы компоненттерінің қай сөз табынан екенін анықтап, жанаса байланысқан сөз тіркестерінің қандай тәсілмен байланысқанын түсіндіреді. Венн диаграммасы арқылы қабысу мен жанасуды салыстырады. Мәтіннен есімді, етістікті сөз тіркестерін табады.
15. Меңгеру (1сағат) Мәтіннен алынған үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжайды. Меңгеру туралы алған білімдерін жаттығу жұмыстары және қосымша тапсырмалар арқылы бекітеді. Мәтіннен есімді, етістікті сөз тіркестерін табады.
16. Нәтиже сабақ. (1сағат) Осы тарауда өткен сөз тіркестері, олардың байланысу түрлері мен тәсілдерін қайталайды, алған білімдерін бекітеді. Қайталауға арналған тапсырмалар мен жаттығулар орындайды.
17. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. (1сағат) Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыштың ережесімен, жасалу жолдарымен танысады. Мәтіннен бастауыш пен баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан екенін анықтайды.
18. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш. Толықтауыш. (1сағат) Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдайды. Тұрлаусыз сөйлем мүшелері - анықтауыш, толықтауыштың сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп, алған білімдерін жаттығу жұмыстары және қосымша тапсырмалар арқылы бекітеді.
19. Пысықтауыш. (1сағат) Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады. Пысықтауыш, оған тән белгілермен танысып, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы грамматикалық білімдерін шыңдайды.
20. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай бастауыштар мен баяндауыштар. (1сағат) Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды. Бірыңғай бастауыштар мен баяндауыштар туралы ережемен танысады. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қай сөйлем мүшесі екенін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет