Жалқы есімдер үнемі бас әріппен жазылады
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағынасын ашу, түсіне білу.
|
Қолдану
«Болжау» әдісі
|
1-тапсырма.
«Көне түркі руника жазуы» мәтіні бастап оқылады, ортасынан асқан кезде оқу тоқтатылады, оқушылар мәтіннің соңын топта болжау арқылы аяқтайды, мәтінмен салыстырады және жалқы есімдерді табады.
|
Оқылым дағдысын қалыптастыру, дәйексөздерді тауып, көтерілген мәселені болжай алуын және жалқы есімдерді табуын нақтылауға үйрету
|
Оқушылар топ болып жұмыстанады
|
Талдау
«Жобалау» әдісі
|
2-тапсырма.
«Ежелгі түркілердің жазу өнерінің болуы-оның мәдениетінің өзіндік көрінісі бола алды ма?» әр топ өз жобасын дәйексөздермен дәлелдеп, қорғайды
|
Ғаламтордан және мәтіннен алынған дәйексөздер арқылы көтерілген мәселені болжап, әр топ жоба арқылы қорғауға үйрену
|
Табылған мәліметтер бойынша әр топ өз жобасын қорғауы күтіледі
|
Жинақтау
|
3-тапсырма
Берілген үзінділерден көтерілген негізгі мәселені анықтап, жалқы есімдерді қолдана отырып, «Түйінді ой» кестесіне жазыңыз.
|
Оқылым, айтылым, жазылым дағдылары зерделенеді. «Түйінді ой»кестесіне жазуын бақылайды
|
Берілген үзінділерден негізгі мәселені анықтап, жалқы есімдерді орынды қолдануы күтіледі.
|
|