Топпен бірге мәтін бойынша жұмыстанады, мәтінді талдап оқиды.
Талдау
3- тапсырма. Жеке тапсырма «Кім жылдам?» әдісі (Саралау тапсырма жеке орындалады). Оқушыларға көне руна жазуларының таңбасы мен кириллица таңбалары жазылған парақша таратылады. Сол парақшадағы көне руна таңбасына қарай отырып, Күлтегін, Тоныкөк, Орхон - Енисей, атауларын 5 минут ішінде жазады
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.
Бағалау
«Асыл тас» әдісі Әр оқушы өз – өздерін бағалайды.
Маржан тас – мен тапсырманы орындауға мүлде үлгермедім.
Жақұт тас – мен сыныптасымның көмегімен орындай алдым.
Гауһар тас – мен барлық тапсырманы толық орындадым.
«Асыл тас» әдісі
Өзін өзі бағалайды
Кері байланыс
«Эверест шыңын бағындыру» әдісін пайдалана отырып, оқушылар бүгінгі оқу мақсатына толықтай жеткен, жетпегендігін білу мақсатында оқушыларға жалауша түрінде әзірленген стикерлер ұсынылады. Сол жалаушаға есімдерін жазып өздерін Эверест шыңының қай деңгейінде тұрғандығын бағалап жапсырады. Эвересттің төменгі тұсына жапсырса, сабақтың өте тиімсіз тұстарының көп екенін білдіреді. Жалаушаны орта тұсына жапсырса сабақтың орташа деңгейде, әлі де болса толықтырулар қажет екенін білдіреді. Жалауды шыңның үстіне жапсырса, сабақ өте қызықты әрі тиімді, өз мақсатына жеткенін білдіреді.