Тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Мақсаты: Білімділік мәні



Дата31.12.2019
өлшемі22,5 Kb.
#55288
Тақырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Мақсаты:
Білімділік мәні:
“Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің”- демекші, туған жердің тарихын, , соның ішінде Кенесары Қасымұлының өмірі, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің себептері, сипаты, қозғаушы күштерімен таныстыру.
Дамытушылық мәні:Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, іздемпаздық қасиетін арттыру.
Тәрбиелік мәні:“Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз” – дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, “Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі”, - деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі:Жаңа білім беру
Қолданатын әдістер:Тірек-схема, таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап.
Жоспар:
1.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
2.Көтерілістің барысы
3.Кенесарының хандық билігі
4.Көтерілістің маңызы мен жеңілу себептері.
«Сүйетін аруақты Кене ағасын,
Кененің кең пейіштей Сарыарқасын.
Ол сүйген туған тауын, өскен жұртын,
Сол үшін жарқылдатқан көк найзасын»- осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы

Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты».

Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметініңнаградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы(1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.

Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады.

Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.

Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.

Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасағанәрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді.

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.

Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[1]
Ел қорғаған - ер бабаң"
Оқушылар өз ойларын айтып класстер құрайды.
Шыңғысханның 27-інші ұрпағы ----------------------------------------Абылай ханның немересі Әкесі Қасым
--------------------------------------------- Көтерілістің басшысы
1802 жылы Көкшетау өңірінде --------------------------- Мемлекет қайраткері және дипломат
дүниеге келген. --------------------------------1847 жылы қайтыс болды
Сонымен, бүгінгі сабақта біз не біліп, не үйренуге тиіспіз?
* Қозғалыстың себептерін,
* Мақсаттарын,
* Сипатын,
* Қозғаушы күштері кім
болды.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің себептері:
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.
1836 жылы Қоқан ханы оңтүстікке қоныс аударған Санжар Қасымұлын өлтірді
Орта жүз жерінде 1822 жылғы жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтер, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.
Көтерілістің мақсаты:
Ресей отарлау саясатына шек қою. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтау, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
Көтерілістің қозғаушы күштері:
Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды.Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты.
1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған кім?
Суреттегі сөздерді рет-ретімен қою.
М.Өтемісұлы, Абылай хан, Кенесары хан,И.Тайманұлы
"Цифрлар сөйлейді" ойыны.
1837 ж. К.Қасымұлы казак отрядына шабуыл
1838ж. Кенесары өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады.Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті.
1838 ж. тамыз Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838 ж. 7 тамызында Кенесарының сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады.Бекініс өртке оралды.
1840 ж. Орынбор губернаторы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді.Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды.

«Кестені сәйкестендіру»


Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.(Қалам арқылы апарады)
1841 ж. Кенесары Қасымұлы хан сайланды.
1842 ж. Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды.
1843 ж. Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды.
1844 ж. Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.
1845 ж. Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.
1847 ж. Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
Картамен жұмыс
1842ж. 1843ж. 1844ж. 1845ж. 1847ж.
Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы
Көтерілістің жеңілу себептері
- Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады
- Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар,
руға жіктелу басым болды.
- Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары
аса қатты жаза қолданды.
- Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
- Оңтүстікте Қоқан бектеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста әлсіреген
Кенесары қолы Ресей патша қарсы тұра алмады.
Тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғасырдағы барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын дәлелдеді. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.
Құжатпен жұмыс
1.Кенесарының жіберген елшілері Қытай шебінде қандай міндет атқарды?
2.Қытай Кенесарыны және оның әскерлерін өз жеріне жіберуден неге бас тартты?

Жаңа сөздер:


Зекет - мал өсірушілер
Ұшыр - диқандардан алынатын салық
Жасауылдар - сенімді адамдары
Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары
Номадтар - көшпелі қазақтар
Бекіту: Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін осы кесте толтыру арқылы бекітеді
Білім Білгім келеді Білдім
Қорытындылау:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет