Тақырыбы:
|
§48. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы
|
Сабақтың мақсаты:
|
Планк гипотезасы арқылы жарықтың кванттық теориясы туралы мағлұмат бере отырып, денелердің сәуле шығаруын есептеп үйрену
|
Күтілетін нәтиже:
|
Жарықтың кванттық теориясы туралы мағлұмат алды, Планк формуласы арқылы денелердің сәуле шығаруын есептеп үйренді
|
Дереккөздер:
|
АТК, стикер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, бор, тақта, оқулық
|
Негізгі идеялар
|
Планк гипотезасы:
Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті үлес –квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
Дененің үзікті шығаратын немес жұтатын бір үлес энергиясы: Ео=hv
Е0 – ең кіші энергия үлесі;
ν –сәуленің жиілігі;
h –Планк тұрақтысы.
Һ=6,62*10-34Дж∙с
Е=nhν Планк формуласы
п - фотон саны
Фотон – тыныштық массасы нөльге тең элементар бөлшек
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар:
|
Көпшілік оқушылар:
|
Жекелеген оқушылар:
|
Жарықтың фотондар ағыны екенін білді. Жарық бөлшектік қасиетін түсінді.
|
Өмірдегі жарық кванттарының денелерге қалай әсер ететінін білді. Денелердің сәуле шығаруын есептей алды.
|
Денелердің сәуле шығаруын зерттеп, жарық көздерінің қуаты мен энергиясын есептеп шығарды
|
Уа-
қыт
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1 минут
|
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
|
Сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеп, бағалау парақшалары таратылады
|
Кезекші сынып туралы мағлұмат береді
|
1 минут
|
Жағымды ахуал туғызу
|
«Шашу» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу
|
Жағымды сөзер жазылған жасырын қағазын таңдап алады
|
8-минут
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
«Өрмекші тор» әдісін қолдану арқылы үй тапсырмасын сұрау
|
Оқушылар бір-біріне жіп тарату арқылы сұрақтар қойып, сұраққа жауаптар беріледі
|
5-минут
|
Жаңа сабақ
|
Жұптық жұмыс: «достық» әдісі бойынша оқушыларға тапсырма беріледі
|
Оқушылар берілген тапсырма бойынша оқып-білгендерін әр оқушы өз жұбымен ой бөліседі
|
12- минут
|
Топ пікірін тыңдау
|
Топтық жұмыс: сынып екі топқа бөлініп, топтар жаңа тақырып бойынша Постер қорғау
|
Топ өз пікірін ортаға салады, постер қорғайды, әр топ екінші топты бағалайды
|
2-минут
|
Сергіту сәті
|
Сурет арқылы логикалық есеп беру
|
Есепті шешеді
|
12-минут
|
Есеп шығару
|
Жеке жұмыс
38-жаттығу №1,3
|
Оқулықта берілген есептерді шығарады
|
2-минут
|
Кері байланыс
Рефлексия
|
«Бес саусақ» әдісі
«Басбармақ» әдісі
|
Саусақтың суретіне оқушылар сабақтағы өзінің қандай дәрежеде белсенді болғанын жазады
Сабақтан кейінгі толғаныстарын басбармақпен көрсетеді
|
2-минут
|
Жинақтаушы бағалау. Үйге тапсырма. /бағыт-бағдар, беруге болады/
|
Үйге: §48, 38-жатттығу №2есеп
|
|
Кейінгі оқу
|
§48. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы.
|
Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар:
(мұғалімге арналған)
|
Не сәтті болды? (бұл сұрақты өзгертуге болады)
|
Сабақты ұйымдастырудағы «Шашу» әдісі мен ұй тапсырмасын қорытындылауда «Өрмекші торы» әдістері, топтық жұмыстарды ұйымдастыру сәтті өтті
|
Не сәтті болмады? (бұл сұрақты өзгертуге болады)
|
Уақыт жетіңкіремей «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс жасауда сәтсіздіктер болды
|
Нені жақсартуға болады? (бұл сұрақты өзгертуге болады)
|
Оқушылардың жылдамдықтарын арттыруға ықпал жасап, уақытты тиімді пайдалануға болады
|
Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? – мен өз сабағымды жаңартылған форматта өтуде жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды дағдыландым
|