Тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздіктің жалпы мәселелері



бет1/2
Дата26.04.2020
өлшемі32.07 Kb.
  1   2

Тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздіктің жалпы мәселелері

Ақпараттық қауіпсіздік концепциясы жалпы алғанда қарапайым үш сұраққа жауап беруі тиіс:



  • Нені қорғау?

  • Неден, кімнен қорғау?

  • Қалай қорғау?

«Нені қорғау?» сұрағымен қорғау нысанының ұғымы байланысты. Қорғау нысаны деп ақпаратты жинауға, тасымалдауға, өңдеуге және сақтауға арналған физикалық, аппараттық, бағдарламалық және құжаттық құралдардың кешенін ұғамыз.

Ақпараттың спецификасына оны қолданғанда, түгел жойылып кетпейтіндігі, алмасқанда өз иесінде қалатындығы жатады /ақшадан айырмашылығы- бұрынғы тұтынушысында қалады/.

Бірінші сұраққа жауап беру үшін алдымен қандай ақпарат қорғауды қажет ететіндігін ажыратуымыз керек. Ол фирмада жинақталған және құралған барлық коммерциялық құнды берілгендер болуы мүмкін. Ол қандай да болмасын іскерлік кездесулер, жеке адамдардың өмірінен мәліметтер болуы да мүмкін. Әрбір жекелеген жағдайда қандай ақпараттың жария болуы қажетсіз екендігін мұқият сараптау қажет. Артынан бұл ақпаратты оны тасымалдауышқа еппен енгізу керек. Келесі атқарылатын жұмыс осы қорғалатын обьектілерді олардың құрамындағы ақпараттың құндылығына байланысты аранжировкалау және оларға ене алатын қауіпті жүйелерді анықтау.



Ақпаратты бұзатын және оған қауіп төндіретін көздер

«Неден сақтану керек?» сұрағы қауіп төнгенде қойылады. Қауіп – қорғау обьектісіне әдейі заңсыз немесе кездейсоқ әсер етіп, ақпараттың жойылуына не жария болуына әкелетін мүмкіндік.

Қауіп деп ақпараттың тұтастығын жоятын, оның жоғалып кетуін не ауысып кетуін туғызатын жағдаяттарды айтады.

Қауіп, өзінің қолданылуына байланысты кездейсоқ не әдейі құрылған болады.

Кездейсоқ әсерлер уақыты мен орыны кездейоқ процесстер заңына бағынады.

Кездейсоқ қауіптерге /случайные угрозы/ жататындар:



  • Қызмет көрсету персоналы мен тұтынушылардың /пользователи/ қателері: архивтік берілгендерді дұрыс сақтамау кезінде ақпаратты жоғалту, берілгендерді кездейоқ /случайное/ жойып жіберу немесе өзгерту.

  • Жабдықтар мен электржүйесінің істен шығуы: кабель жүйесінің істен шығуы; дисктік жүйенің істен шығуы, берілгендерді архивтеу жүйесінің істен шығуы, сервер жұмысының, жұмыс станцияларының, желі карталардың істен шығуы т.б.

  • Бағдарламамен қамтамасыз ету жұмысының жеткіліксіз орындалуында ақпараттың жоғалуы:бағдарламамен қамтамасыз етуде берілгендерді жоғалту не қателесу кезіндегі жоғалту; жүйені компьютер вирустарымен жұқтырғандағы жоғалтулар.

  • Санкциясыз енуге байланысты жоғалтулар: конфиденциалды ақпаратпен бөгде адамдардың кездейсоқ танысуымен байланысты жоғалтулар.

Олардың жанасу нүктелері жүйенің барлық «ауданында» орналасқан. Кездейсоқ әсер етулерден сақтандыру үшін сақтандыру құралдарын, жағдаяттарды табу мен осы жағдаяттарды блокировкалау (жабдықтардың жұмыстан бас тартуы – отказ, электр энергиясының өшуі) қолданылады.

Әдейі әсер етудің жанасу нүктелері алдымен, компьютер жүйесіне ену мен шығумен байланысқан, яғни оның барлық периметрлерімен. Бұл ену мен шығулар ақпараттың енуінің штатты және штатты емес каналдары болуы мүмкін. Штатты каналдарға жататындар: тұтынушылар терминалдары, ақпаратты бейнелеу мен документтеу құралдары, ақпаратты енгізу мен шығару құралдары, ақпаратты тасымалдауыштар, бағдарламамен қамтамасыз ету құралдары, сыртқы байланыс каналдары.

Компьютер жүйесіндегі қорғау болмағанда ақпаратқа әдейі енудің мүмкін каналдарына жататындар:



  • Барлық жоғарыда аталған құралдар, егер оларды заңсыз түрде қолданса;

  • Технологиялық пульттер мен басқару органдары;

  • Аппаратты құралдардың арасындағы байланыс сызықтары;

  • Ақпаратты тасымалдайтын электромагнитті сәулелер;

  • Электр жүйесіндегі қосымша қосылулар, аппаратты, компьютер жүйесі жанында орналасқан бөгде коммуникацияларды жермен қосу.

Әдейі әсер ету жағдаяттарының уақыты мен көрінетін жерін алдын ала білу мүмкін емес, алдымен потенциалды бұзушының кейбір моделін анықтау үшін аса қауіпті жағдайларды болжап отыру керек:





  • Бұзушы кез келген уақытта және компьютер жүйесі периметрінің кез келген жерінде пайда болуы мүмкін;

  • Бұзушының біліктілігі /квалификация/ мен білетінділігі /осведомленность/ берілген жүйені жобалаушы дәрежесінде болуы мүмкін;

  • Жүйенің жұмыс істеу принциптері туралы үнемі сақталатын ақпарат, құпия ақпаратпен бірге, бұзушыға белгілі;

  • Бұзушы өзінің мақсатына жету үшін ең әлсіз звеноны таңдайды;

  • Бұзушы ретінде тек бөгде адам ғана емес, сонымен қатар жүйенің заңды тұтынушысы да болуы мүмкін.

Әдетте ішкі және сыртқы қауіп көздерін айырады.

Ішкі қауіп көздеріне персоналдың кездейсоқ жіберген қателері және әдейі жіберген жағдаяттары жатады./действия/

Сыртқы қауіп әр түрлі. Нарықтық экономика жағдайында, ұжымдар арасындағы бәсекелестік олардың бір- біріне қызығушылық танытуына әкеледі.

Бәсекелестерден басқа фирмалар мен жеке тұлғаларға мафиозды топтар да үлкен қауіп тудырады.

Көптеген ірі коммерциялық структуралар өздерінің мықты қауіпсіздік қызметін құрды, олардың қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы негізгі алдына қойған мақсатына потенциалды клиенттері, партнерлері мен бәсекелестері туралы ақпараттарды табу жатады.

Ақпараттарды бұзу көздеріне жататындар:


  • Кедергілер /помехи/;

  • Жабдықтар жұмысына кедергілер /сбои в работе оборудования/

  • Жауапсыз тұтынушы (персоналдың қателері);

  • Санкциясыз ену;

  • Вирустар.

Қорғау құралдарына экрандалған бөлмелер құру, жүйені қоректендіру сүзгілерін /фильтры сетевого питания/ жатады. Олар жүйедегі ауыспалы токтың жоғары вольтты /300 – 600 вольт/ қысқа импулстарынан қорғайды. Жабдықтардың жұмысындағы кедергілер /сбои/:





  1. Қоректендіруден айыру /отключение питания.

  2. Процессордың немесе жұмыс құралдарының істен шығуы.

  3. Ақпаратты жинақтаушының істен шығуы.

Дискілерді айнадай көшіру /зеркальное копирование дисков/ (егер сізде бірнеше диск болса, бір дискідегі берілгенді екіншісінің бос жеріне айнадай көшіруге болады. Басқа дискіде берілгендердің нақты көшірмесі шығады. Нәтижесінде берілгендердің айнадай көшірмесі шығады. Бірақ екі диск үшін бір конроллер қолданылады және бұл оның осал жері. Айнадай бейнелеу ақпаратты жазу операциясын баяулатады, себебі контроллер екі дискіден де ақпаратты оқи алады. ). Дискілерді дублдеу /дублирование/ - айнадай бейнелеу сияқты, бірақ әрбір дискіде өзінің жеке контроллері бар, сондықтан ол істен шығу жағдайында осал емес, RAID массивті дискілер (бірнеше қымбат емес дискілерді құрастырып қолдануда олардың көптігінен қорғау күші артады) архивтеу мен резервті көшіруде қолданылады.





  1. Жауапсыз тұтынушы (персоналдың қателері).

Берілгендерді верификациялау, маңызды позицияларды бекіту, берілгендерді тексеру.





  1. Санкциясыз ену. Жүйені тұтынушының зондтау /зондирование/ - бұл тұтынушының жүйенің нашар қорғалған бөліктерін пайдалануы. Ресурстарды рұқсатсыз пайдалану тәртіп бұзушылық болып саналады.

Тұтынушының енуі – бұл тұтынушының жүйеге қорғанышын бұзып енуі. Бұл бұзушылықтың қауіпті түрі. Ақпаратты НСД түрімен бұзуға қарсы қорғаныс әдісіне жататындар:





  • Файлдар мен хабарламалардың нумерациялау;

  • Байланыс каналдарын тұтынушылардың пароль қоюы арқылы қорғауы;

  • Криптографиялау;

  • Электронды кілтті қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет