Тақырыбы: Қазіргі заманғы ғылымның рөлі



Дата08.02.2022
өлшемі20,16 Kb.
#124641
Байланысты:
Академ


Тақырыбы: Қазіргі заманғы ғылымның рөлі

Мазмұны:
1.Ғылым және оның қоғамдағы рөлі


2.Ғылым және тұлға
3.Ғылымның қазіргі рөлі
4.Пайдаланған әдебиеттер
5.Қорытынды

Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдыльқтары, танымның өзі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропадағылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзіндік өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.


Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану; таным мен ойлау туралы логика,геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика,физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына- тарих,экономикалык ғылымдар,кұкыктану жатады.
Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды. Мысалы, физика —оптикага, катты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінін; пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді. Қазіргі замандык ғылымда ғылыми білімдердің үздіксіз жіктелуімен бірге, ғылыми білімдердің ыкпалдастығы деп аталатьш, жекелеген ғылымдардьщ өзара әрекеттесуі және бірігу үдерісі катар жүруде. Ықпалдың нәтижесі есебінде соңғы кезеңдерде "аралык" немесе "түйіскен" ғылыми пөндер пайда болуда.Мысалы, физикалык химия, биохимия, физикалык география, т.б. Кейде ғылым іргелі және колданбалы болып бөлінеді. Бұлай бөлу, әрине, шартты, өйткені ғылым — коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым езінің тамыңын қоғам койнауларынан алады және мөдениеттің бірегей күбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асьфылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді.
Ғылыми білім жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдастырылуымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылым көптеген қиындықтар мен қайшылықтарға толы мол ізденістер мен шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындады. Ғылымның даму тарихына келсек, танымдық форма ретінде оның өз тағдыры мен тіршілігі бар.Ғылымның дамуы ғылымдағы мəліметтер көлемінің ұлғаюымен сипатталмайды, оның дамуы глобалдық сипатқа ие. Əрбір кезеңде оның мазмұны мен мақсаты, қоғамдағы маңыздылығы, таным логикасы өзгеріске ұшырап отырады. Ертеректе ғылымдардың ғылымы жəне патшасы саналған философия Көне Үнді, Қытай жəне Грек елдерінде пайда болған. Барлық білім салалары философияға қатысты болып, философия барлық білім салаларының басын біріктіріп, жүйелеген.Ғылымның төрт ғасырдан астам тарихы бар, оны үш түрлі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVІI ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі кезең. Бұл кездегі ғылымды классикалық ғылым деп атаймыз. Классикалық ғылымның дамуы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен, оның ішінде механиканың дамуымен ерекшеленеді. Ғылым дамуының классикалық емес ғылым деп аталатын екінші кезеңі ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың 60–70 жылдарына дейін созылады. Классикалық емес ғылым ең алдымен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған революциялық ғылыми жаңалықтарға байланысты.Мысалы, атомның күрделілігі анықталды, микробөлшек — электрон ашылды, Эйнштейннің қатынастылық теориясы жарыққа шықты, кванттық механика мен биологиядағы генетика ашылды. Ғылым дамуының постклассикалық емес деп аталатын қазіргі кезеңі ХХ ғасырдың 60–70- жылдарынан басталып, əлі осы уақытқа дейін жалғасуда. Мұнда ғылым өте күрделі тарихи дамитын жүйелерге назар аударады.
Ғылымның мақсаты — заңдылықтарды ашу, ал заңдылықтар дегеніміз — құбылыстардың арасындағы жалпы, мəнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар. Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың əрқайсысына тəн жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармау, жалпы ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. «Абстракция» деген сөздің өзі көңіл аудармауды білдіреді. Ғылымның қоғамдық сананың басқа да формаларынан ерекшелігі, мұнда жаңа білімді қорытып шығарудың əдіс-тəсілдері шешуші роль атқарады.Білімдердің жүйелілігі мен негізділігі — ғылыми білімді күнделікті қарапайым білімдерден айырып тұратын басты мəнді белгісі. Ғылым тарихында жалған ғылыми идеяларды нағыз ғылымнан айыра білу үшін бірнеше принциптер өңделген. Солардың бірі — верификация принципі. Бұл принцип бойынша, қандай ұғым мен пікір болмасын тікелей тəжірибеде, эмпирикалық жолмен тексеріліп, расталса ғана ақиқат деп танылады. Ал фальсификация принципі бойынша, тек логикалық жағынан бекерге шығаруға болатын білімді ғана ғылыми білім деп атауға болады.Сонымен, ғылым дегеніміз ең алдымен шындық дүниені танып-білудің нəтижесінде қалыптасқан, бір жүйеге келтірілген теориялық білімдер жүйесі болғандықтан, шындық дүниенің өзі алуан түрлі жəне сан салалы. Қазіргі заманғы ғылымдар күрделі білімдер жүйесін құра отырып, ең алдымен мынадай теориялық білім салаларына бөлінеді, олар: жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, гуманитарлық жəне т.б. жаратылыстану ғылымы — табиғат құбылыстары мен заттары жайлы, олардың себепті байланыстары мен заңдылықтары жайлы ғылым. Қоғамдық ғылымдар қоғам өмірінің заңдылықтарын, қоғамдық құбылыстар мен процестердің себепті байланыстарын ашады.Техникалық ғылымдар жеке адамдар мен бүкіл адамзат өмірдің түрлі салаларында қолданатын құрал-саймандардың жүйесі техниканың заңдары мен оларды жасаудың əдіс-тəсілдерін зерттейді. Гуманитарлық ғылымдарға қоғамдық құндылықтарды зерттеудің нəтижесінде қол жеткен білімдерді жүйеге келтіруші ғылымдар жатады. Қоғамдық құндылықтар дегеніміз — мақсат-мүдделер, ойлау нормалары, мінез-құлық нормалары жəне т.б.Ғылым дамуының ХХ ғасырға дейінгі сипаттамасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұрын ғылымда ғылыми білім үздіксіз өсіп жиналады, жаңа ғылыми жаңалықтар ұдайы жинақтала отырып, табиғатты танып-білудің түрлі бағыттарына аса күшті əсер етуі тиіс деп қарайтын. Ал, қазір ғылымның даму логикасы басқаша екені анықталды. Ғылым жаңа фактілер мен идеялардың үздіксіз жинақталуы нəтижесінде ғана күн сайын дамымайды, табиғат жайлы бұған дейінгі көзқарастар мен түсініктерді түбірінен өзгертетін аса ірі теориялық жаңалықтар ашылуына байланысты дамиды екен.Ғылым əрбір тарихи дəуірде қол жеткен ғылыми жетістіктерді мұқият жинақтап, адамзаттың мəдени қорына қосып отырады, оларды жаңадан ашылған жаңалықтар тұрғысынан талдап, түсіндіруге тырысады. Қазіргі заманғы ғылымның дамуының маңызды бір заңдылығы — ғылыми білімдердің интеграциясы мен дифференциациясы. Интеграция мен дифференциация процестерінің бірлігі, əсіресе жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдарының шекарасында айқын көрініп отыр. Аристотельдің заманында бар ғылымдардың саны 10–15 шақты еді, мысалы: философия, геометрия, астрономия, медицина.Жаңа пайда болып, қалыптаса бастаған ол ғылыми білімдер əлі бір-бірінен бөлінбеген біртұтас еді. Олардың қосындысы натурфилософия ғылымын құрады. Сол кездегі қоғамдық өмір натурфилософияның жеке ғылымдарға жіктелуін талап етпеді, тек XVII ғасырда капиталистік өндірістің тууы, техниканың күшін қолдану қажеттігі табиғатты жан-жақты терең талдап зерттеу қажеттігін тудырып, біртұтас ғылымның жеке білім салаларына — жеке ғылымдарға бөлінуін, дифференциациялануын тудырды.Сонымен, ХХ ғасырға дейін ғылым логикалық-гносеологиялық тұрғыдан дамудағы білім жүйесі ретінде қарастырылып келді. Бұл уақытта ғылым əлеуметтік контекстіде қаралмады. Тек ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылымның əлеуметтану жəне ғылым философиясындағы əлеуметтік мəдени феномені зерттеле бастады.Осыдан бастап қоғамдағы ғылымның алатын орнына назар аударылды. Қоғамдағы əлеуметтік- мəдени факторлар ғылымға, ғылыми теорияның қалыптасу процесіне əсер етеді. Ғылым болса философия мен дүниетаным арқылы танымдық процеске, ғылыми теорияның қалыптасуына əсер етеді.Ғылым философиясының қазіргі уақыттағы жағдайына келсек, оның парадигмалық мазмұны жаңаруда. Өйткені адамзат болмысының барлық сфераларында түбірлі өзгерістер байқалуда, мысалы, эпистемология, тарих, мəдениеттану жəне ғылым методологиясының əлеуметтік, мəдени жəне көзқарастық негіздемелері сыни тұрғыдан қайта қаралуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет