Тақырыбы: Білім беру философиясы жайлы түсінік



Дата17.04.2023
өлшемі32,16 Kb.
#174708
Байланысты:
Арнайы окыту 2 бож


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті




БӨЖ
Тақырыбы: Білім беру философиясы жайлы түсінік
Қабылдаған: Дуйсенов О.
Орындаған:Нурмахамбетова А.
Тобы: Мдш 011 
Түркістан 2023
Бес балдық бағалау көрсеткіші басқа да нормативті бағалау түрлері сияқты нақтылығы жоқ қолайсыз құрал екеніне күмән жоқ. Алайда бағалау жүйесін оны көпқырлы ете отырып жетілдіруге болады.
Алдымен бүгінгі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтерін анықтап көрейік:
1. Нормативті қызмет, біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екіншіден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жүмысының сапасын әкімшілік бақылау.
2. Ақпараттық-диагностикалық қызмет, оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, жеке оқушылардың амандығын ойлауға мүмкіндік береді.
3. Ынталандыру қызметі, оқушылар қызметін ынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажет етпейді. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар.
Жоғарыда аталып кеткен қызметтерге сүйене отырып, бағалау жүйесі шешімін табуға жағдай жасайтын мәселелерді анықтауға тырысайық:
– Бағалау жүйесі оқу әдістемесінің қай түрі тиімді меңгерілгенін, қай практикалық дағды қалыптастырғанын, басқаша айтқанда, нақты талаптар минимумымен оқушының жеткен жетістігін салыстыруға мүмкіндік туғызуы керек.
– Екіншіден, бағалау жүйесі әр оқушының жалпы дайындық деңгейінің өзгеруін, танымдық қызметтің әр саласында оның жеткен жетістіктерін тіркеп отыруы қажет (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеу, өз ойы мен ойындағы образдарды шығармашылықпен көрсету және т.б.). Бұл білім алу жолындағы жетістіктер мен сәтсіздіктердің нақты суретін алуға мүмкіндік тудырады. Сонымен қоса, аталмыш ақпаратты тіркеу стандартқа сай, мұғалімнен көп уақытты талап етпеуі, яғни вербалды болмауы керек. Оны жүзеге асыруға жұмсалған уақыт жекелеген оқушылармен жасалатын жұмыстарға ғана арналуы мүмкін деген сипатқа ие болуы мүмкін.
– Үшіншіден, бағаларды қою механизмінің өзінде ондағы ақпаратты сәйкес талдау мүмкіндігінің болуы, бағалау жүйесі ағымдағы және қорытынды бағаларды қоюда, сонымен қатар мақсатқа жетудегі бағаларды қою нақты болуы шарт. Әйтпесе, бағалаудың ақпаратты-диагностикалау қызметінен ынталандыру қызметі басымдық алып кетеді.
– Төртіншіден, бағалау жүйесінде оқушылардың өз жетістіктерін бағалау барысында өзін-өзі көтермелеу және дамыту, сонымен қатар оқыту процесі барысында болып жатқан әрекеттерген рефлексия жасау механизмі болуы. Өзін-өзі бағалап отырған оқушы мұғалімнің бағалауымен келген нәтиже мен өзін бағалау барысында жеткен нәтижені салыстыруға мүмкіндігі болуы шарт. Әрине бағалау жүйесінің мінсіздігі өзін-өзі бағалауға итермелейтін фактор болып отырғаны анық, алайда бұл қойылып отырған міндеттердің бірі ғана.
– Бесіншіден, бағалау жүйесі әрдайым мұғалімнің, оқушының, ата-аналардың, сынып жетекшісінің, сонымен қатар мектептің әкімшілік және педагогикалық ұжымының арасындағы байланыстың орнауын ескеріп отыруы керек. Бұл байланыссыз оқу процесін құрудың жүйелік әдісін, оны толық қамтамасыз ету мүмкін болмайды.
– Алтыншыдан, оқушыға бірыңғай білім беру кеңістігі тақырыбын жалғасыта отырып, бағалау жүйесінің мектептегі нақты бір сынып үшін бірыңғай сәйкес болуын атап кету шарт. Басқаша айтқанда, әртүрлі сабақта әртүрлі қағидаттарға негізделеген бағалау жүйесінің тиімді болуы мүмкін емес. Бағалау жүйесіндегі қағидаттық сипаттардың түрлілігі жас ерекшеліктеріне сай оқушылар тобының арасында ғана мүмкін.
– Жетіншіден, бағалау жүйесі оқушылардың психикасына ұқыптылықпен қарауға, олады жаралайтын жағдайлардан аулақ болуды көздеуі керек. Бұған қол жеткізудің негізгі жолы – оқу процесіне қатысушылардың барлығының санасына бағалау жүйесіне сәтті білім алудың, кері байланыс алуды жүзеге асырудың құралы ретінде қарауды сіңдіру. Аталған ережелер бағалау жүйесінің сұлбасын құрастыруға, оның қызмет етуінің жалпы аясын анықтауға, және оған қоса жетістік критерийі қызметін атқарып, әр білім беру жүйесінің нақтылы жүзеге асуына жол береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет