Ізмағамбетов Еркебұлан Ізмағамбетұлы
Мәртөк ауданы, Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі
География пәнінің мұғалімі
Телефоны: 8777 928 75 39
Тақырыбы: Биосфера және оның құрамдас бөліктері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
7.3.4.1 биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды;
7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді (кіріліктірілген)
Сабақтың мақсаты:
- сызба және фотосуреттер арқылы биосфераның құрамын, шекарасын, құрылымын анықтайды ( түсіну)
- ұғымдар мен анықтамаларды кестеді толтырады ( қолдану)
- биосферадағыкөптүрлілік зат айналымын сызбасынтүсіндіреді ( талдау)
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
«Бір-бірімізді бағалайық»тренингі .Шаттық шеңбер құру арқылы бір-бірлеріне тілек айтады.
«Мозайка» әдісі . «Ауа», «су», «жер», «тіршілік» топтарына бөлу.
Бір-бірімен амандасады. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп. Карточкаларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.
1-тапсырма: «Жаңасөздер» тәсілі. Жұптық тапсырма.
Оқушыларға жаңа сөздерді есте ұзақ сақтау мақсатында «Биосфера және оның құрамдас бөліктері» тақырыбында кездесетін жаңа термин сөздерді тізімін жазыңыз. Әр терминнің мағынасын түсіне отырып, сәйкестеңдіріңіз, иерархиялық карта құр. Ұғымдардың байланысын түсірдір. Жаңа сөздер: Биосфера, фауна, Флора, Микроағзалар, биоценоз, биография, географиялық қабық, ноосфера т.б
2- тапсырма Мән мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс . «Елшілер»тәсілі
Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) – бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын.Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.
Тақырыпты оқиды,бір-біріне түсіндіреді,постер қорғайды, әр елшіден алған ақпарат арқылы кестені қолдана отырып ерекшелігін анықтайды
1-топ Биосфераның құрамы, 2-топ-Биосфераның құрылымы, 3-топ-Биологияның шекарасы, 4-топ- Биосфераның қасиеттері
3 -тапсырма: «Мен зерттеушімін» тәсілі . Жеке жұмыс:
Сызбадағы деректерді талдаңыз, сызбадағы деректерді пайдалана отырып қандай сызба екенін анықтаңыз, осы сызбаны қолдана отырып зат айналымының тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіріп, өз ойынды жаз.
«Менімен сөйлес» әдісі
Оқушылар бір бірін диологтарға тартып өзара сұхбат құрады. Сабақ тақырбына нені түсінді соны талдауды! Мысалы ретінде төмендегі сұрақты қоюға болды
1.Сізде қандай қиындықтар болды?
2.Сізге қандай тапсырма қатты ұнады?
3.Бүгінгі көңіл-күйім қандай болды?
4.Бүгін мен қандай жетістіктерге қол жеткіздім?
5.Бүгін мен не білдім,қандай тәжірибе жинақтадым?
Рефлексия. Жетістіктер аралын таңдау арқылы жасайды
Бағалау: Жетістік критерийі бойынша өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: Биосфера тақырыбын зерттеуші ғалымдар туралы хабарлама дайындап келу
Достарыңызбен бөлісу: |