Тақырыбы: Бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастыру мен жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқу мен оқытудың сапасын арттыру.
Мақсаты: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға, оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беру.
1.Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру (3 мин) . «Сурет бірлігі»
Барысы: Әр отырған оқушы өзі салғысы келген бейнені өздері ойлап табады. Бірінші отырған оқушыға таза бет, қарындаш беріледі. Ол суретті бастап сала бастайды. Мен «тоқта» деген кезде ол салып жатқан суретін тоқтатып, келесі оқушыға береді. Ол суретті өз қалауы бойынша жалғастырып салады. Осылайша ойын соңғы отырған ойыншыға дейін жалғасады.
2. Топқа бөлу
/2 – мин/ Мақал-мәтелдірдің жалғасын табу арқылы топқа бөлінеді.
1-топ. «Білім»
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық).
2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы).
3.Өнер - ағып жатқан бұлақ,
... (Білім – жанып жатқан шырақ).
2-топ. «Отан»
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отан оттан да ыстық.
Отан отбасынан басталады.
3-топ. «Еңбек»
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.
Еңбек түбі – береке.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
3.Топтық жұмыс 1-топ: Рөлдік ойын. «Қожанасырдың май сатып алуы»
2-топ: «Образға кіру» Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін.
3-топ. «Диалог-ертегі» «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді.
4.Шатасқан логикалық тізбектер. Мұғалім ішінде кейбіреуі дұрыс және сондай- ақ дұрыс емес пікірлер қатарын оқушыларға ұсынады . Оқушылар жеке жұмыс істеп, өлеңді оқиды, шатасқан тізбектерді белгілейді .Топта өздерінің нәтижелерін талдайды, нақтылайды, жөндейді, мәнерлеп оқиды .
Неткен байтақ қазақ жері, кең еді, Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Дамылдап жатқан балғындай, Қызықты демалыс кезінде.
1-топ.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
2-топ. Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
3-топ. Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
5.Сергіту сәті. Құбыр» жаттығуы
Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)
Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады.
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.
6. Сұрақ құрастыр
7. Есім әріптерінен басталатын сөйлем. Оқушылар өз есімдерінің бастапқы әріптерінен сөйлем құрайды. Мысалы Айгүлдің мынандай сөйлем келтіруіне болады. Айшықтай иілген гүл үзіле лүпілдейді. Тапсырма орындалғаннан кейін , әр оқушы өз жазғандарын жариялап, басқалар олардың есімін атайды.
Рефлексия. Кері байланыс
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |