Тақырыбы: Допты төменге ұрып ойынға қосу техникасы Орындаған: Нұғыманова Самал Ералина Жаннұр фип-101



Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#91750
Байланысты:
Физкультура 9 семинар


Тақырыбы:
Допты төменге ұрып ойынға қосу техникасы
Орындаған:Нұғыманова Самал
Ералина Жаннұр
ФИП-101
Допты төменнен тіке ойынға қосу.
  • Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі.
  • Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолымен допты ұру арқылы ойынға қосады. Допты соғуымен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.
  • Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

Допты жоғарыдан тіке ойынға қосу.
  • Допты жоғарыдан тіке ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Ойыншы допты оң немесе сол қолмен алдына ұстап, бір (оң немесе сол) аяғын алдына қойып, допты жағары лақтырып оң немесе сол қолмен соққы беру арқылы орындалады. Ойыншы алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады. 

 Допты төменнен екі қолды қосып білекпен қабылдау және бір қолдың сыртқы жағымен қабылдау.
  • Ойыншы шабуылдар алдында бірінші допты қабылдап доп ұзатушыға допты биік көтеріп беруі керек, содан соң доп ұзатушы допты шабуылшыға көтеріп береді. Шабуылшы сызық бойлап немесе алаңның диоганал бұрышы жағына допты соғуы керек.

Волейбол ойынында жеке қорғану әдісі.
  • Қарсылас команда ойыншысы шабуылдап жатқанда орындалады. Жеке өзі тосқауылға шығады, қалған ойыншылар тосқауыл қоюшыдан өткен допты алаңға түсірмей немесе тосқауылшының қолына тиіп кеткен допты қайтарып алуы керек. Волейбол ойынында топ болып қорғану әдісі. Мұндай әдіс қарсылас команда ойыншысы шабуылдап жатқанда орындалады. Екі немесе үш ойыншы тосқауылға шығады, қалған ойыншылар тосқауыл қоюшыдан өткен допты алаңға түсірмей немесе тосқауылшының қолына тиіп кеткен допты қайтарып алуы керек.

Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет