Тақырыбы: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру (конспект)



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.12.2021
өлшемі235,15 Kb.
#105337
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
ҚУАНҒАЛИ Н.Қ. СЕМИНАР.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
ареал 6 апта , Мәдениет №9 Жанахметова Мадина, тест 9 с, kasiptik oku, Все времена, doc7608079 607043726, сөж 3 куратор, экг


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Биология және биотехнология факультеті 

 

 



 

 

 

 



Тақырыбы: 

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру (конспект)

 

 

 



 

 

 



Орындаған:  «7М01504-Биология» тобының   

                                                                        1 курс магистранты Қуанғали Н.Қ. 

                                                Тексерген: PhD, доцент м.а., Ыдырыс Ә. 

 

 



 

 

Алматы, 2020      




 

Экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру  және  оны  қалыптастыру 

бойынша ұсыныстарым

 

 



 

Экология  проблемасы  тек  бүгін  кӛтеріліп  отырған  жоқ.  Олар  ғасырлар 

бойы  ғалымдардың  зерттеу  объектісінен  түскен  жоқ.  Адамзат  баласына 

экологиялық  тәрбие  мен  білім  берудің маңыздылығы  ІХ-ХV  ғғ.  ғұламалары 

Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  М.Қашқари,  Қ.А.Иассауи,  Қорқыт  ата-бабалардан 

бастау алады. 

Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де ӛткір қойылып отырды. 

Қоршаған  ортаны  күйзелтпеу,  оны  асқындырмау  әрбір  адамның  қасиетті 

борышы  деп  түсіндіреді.  Алайда,  осы  қоршаған  ортаны  біреулер 

білместікпен  ластап  жүрсе,  екінші  біреулері  «Табиғаттың  жаратылысы 

ешқашан да ӛзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде мәңгі сақталады» 

деген 


тұжырымның 

жетегінде, 

ал 

үшіншілері 



«Біз 

табиғаттың 

қайырымдылығын  күтіп  отырмай,  оны  бағындыруымыз  керек»  деген  ойда 

болады.  

Бүгінгі  қоғам  алдында  тұрған  негізгі  мәселелердің  бірі  -  экологиялық 

мәселелер,  табиғатты  қорғау  және  табиғи  байлықтарды  үнемді  пайдалану 

болғандықтан  Республикада  қоршаған  ортаны  қорғау  үкіметіміздің  саяси, 

экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2030  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму 

бағдарламасында  қоршаған  ортаны  ластауға,  экологиялық  қалыпты 

жағдайды   бүлдіруге  жол  бермеуге  зор  кӛңіл  бӛлінгендіктен,  оқушыларға 

экологиялық   білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек 

күттірмейтін   ӛзекті  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Экология  -  бүкіл 

адамзат баласының шалыс басқан  әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, 

оның  тыныс  -  тіршілігіне  тікелей  атсалысатын   ғылымның  жаңа  саласы.  Ол 

қоршаған  ортаны  кесапат  жағдайлардан,  кейбір  кӛлденең  оқиғалардан 

сақтауға,  табиғатпен  арадағы  тепе-теңдікті  қалпына  келтіруге  бағытталған 

маңызды  мемлекеттік  және  әлеуметтік  шара.  ҚР  «Қоршаған  ортаны  қорғау 

туралы» (73-74 баптар), ҚР «Білім туралы»  заңдарында (3-бап)  экологиялық 

білім  мен  тәрбие  беру  мемлекеттік  саясаттың  білім  беру  саласының  негізі 

болып табылатыны атап кӛрсетілген. 

Бүгінгі  таңда  шегіп  отырған  экологиялық  зардаптар  бүкіл адамзат  қауымын 

алаңдатып  отыр.  Қазақстандағы  Арал,  Балқаш  проблемаларын,  Семей 

полигонын  және  тағы  басқаларды  адам  қолымен  жасалған  залалдар  деп 

түсінуге  болады.  Кӛптеген  ғалымдардың  пікірі  бойынша,  табиғаттағы 

күрделі ӛзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы 

экологиялық  мәдениетті  дамытып,  қалыптастырудан  бастау  қажет  деген 

ұсыныстарды айтады. 

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал балаларға 

қоршаған орта туралы кӛзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән. 




Экологиялық  ағарту  осыны  қанағаттандыра  алады,  сондықтан білім  берудің 

негізгі  баспалдағы  -  мектепте  оны  қолға  алу  керек.  Қоғамның  экологиялық 

мәдениеті  негізі  балалық  шақтан  қалыптасқан  әр  адамның  экологиялық 

мәдениетінен тұрады. 

Қазіргі  таңда  мектептердің  басым  кӛпшілігі  бүгінгі  күні  осы  бағытта 

балаларға  үздіксіз  экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  ісін  ӛзінің  негізгі 

міндеттерінің бірі ретінде қарастыруда немесе кейбір мектептерде жекелеген 

пәндерде  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беріп  оқушыларды  экологиялық 

мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда. 

Гуманитарлық-экологиялық  бағыттағы  мектеп-гимназияның  экологиялық 

білім 

және 


тәрбие 

беру 


кешенін 

жасауда 


Ресей 

ғалымдары 

Е.С.Сластенинаның,  Н.А.Рыковтың,  А.И.Щербаковтың  және  қазақстандық 

ғалымдар 

Ә.Бейсенованың, 

М.Сарыбековтың, 

Ж.Жатқанбаевтың, 

Е.Мәмбетқазиевтің  ғылыми  ұсыныстарын,  сонымен  қатар  халықтық 

педагогика негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі бойынша профессор 

С.Қалиев,  К.Қожахметов,  К.Бӛлеев  және  тағы  басқа  ғалымдардың  зерттеу 

жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды және оқушыларға 

экологиялық  білім  мен  тәрбие  беруде  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақтың 

Білім  академиясының  орта  білім  беру  институтының  әдіскер  ғалымдары 

ұсынған ғылыми тұжырымдамалары басшылыққа алынды. 

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның 

тұтастығы  және  қоғаммен  бірлігі  хақындағы  ғылыми  негізделген  білімді 

меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды 

дәлелдеп  орнықтыру,  қоғам  мен  адам  үшін  табиғаттың  құндылығы  шексіз 

екенін  ұғындыру,  табиғи  ортада  дұрыс  жүріп–тұрудың  нормаларын  сақтау, 

табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны 

жақсарту жӛніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады.  

Қазіргі  кездегі  жастар  тәрбиесінің  ӛзекті  мәселелерінің  бірі  экологиялық 

білім  мен  тәрбие  әлемдегі  экологиялық  деректерді  ғылыми  мағлұматтық 

білім  мен  тәрбие  процесінде  пайдалану  мұғалімнің  терең  білімділігіне, 

педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. 

Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың туындауы, соның ішінде табиғи 

ортаға  тигізетін  адамның  іс-әрекетінің  шексіз  ӛсуі  және  оның  келеңсіз 

кӛріністері  айқын  байқалуда.  Оған  себеп  табиғи  ортаға  деген  кӛзқарастың, 

жауапкершілік  сезімнің  жетіспеуі.  Жалпы  әлемдік  денгейде  мойындалып 

отырған  экологияландыру  процесіне  сәйкес  ізгілік  қасиеттерін,  құндылық 

қатынастарын, теориялық – практикалық тенденциялары айқындала бастады. 

Экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  –  кӛп  сатылы  процес,  ол  кешенді 

тұрғыда қарастыруды қажет етеді. 

Біріншіден,  адамның,  қоғамның  табиғатқа  әсер  ету  ортасындағы  білімнің 

ғылыми жүйесін қалыптастыру; 

Екіншіден,  жеке  тұлғаның  ізгілік  қасиеттері  арқылы  дүниетанымын 

қалыптастыруға тәрбиелеу

Үшіншіден,  қарым-қатынас  негізінде  білім  мен  тәрбиенің  жүзеге  асуына 

ықпал ету. 



Осы  орайда,  елімізде  жас  ӛспірімдерге  үздіксіз  экологиялық  білім  беруді 

ұйымдастырудың  бүгін  күн  тәртібіне  қойылуы  орынды.  Оның  ӛзіндік 

объективті және субъективті себептері бар.  Олар: 

-

 



туған  ӛлкеміздің  табиғаты  мен  оның  табиғи  ресурстарының  ұзақ 

жылдар  бойы  орынсыз  пайдалану  нәтижесінде  азаюы,  ластануы  және 

есепсіз сарқыла бастауы; 

-

 



ӛндіріс  пен  ӛнеркәсіп  кешендерінің  зиянды  қалдықтары,  ғарыш 

айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, 

адам денсаулығының нашарлауы; 

-

 



экологиялық  білім,  тәрбие  және  мәдениеттің  қалыптасуы  мен 

«тұрмыстық» қажеттілік мақсатындағы «табиғатты пайдалану» сипаты 

арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы. 

Аталған  проблемаларды  шешу  үшін  экологиялық  білім  алу  ауадай  қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет