Тақырыбы: Халықтық этимология. Аңыз әңгімелердегі атаулардың сыры



Дата08.02.2022
өлшемі23,7 Kb.
#119320
Байланысты:
Халықтық этимология
акуш.генк.5.№№№, 1 мамыр үлгі

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АБАЙ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Халықтық этимология. Аңыз әңгімелердегі атаулардың сыры

Орындаған: Жәнібек Гүлназым


Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лексика-грамматикалық мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт – тарихи факторлармен санасу. Фонетикалық принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен флексия мен фузия т.б.) сан алуан фонетикалық заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфологиялық принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, Семантикалық принцип – сөздердің мағынасын анықтауда этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семантикалық заңдылықтар – этимологиялық принцип. Тарихи принцип – этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Этимологияның түрлері үш топқа (ғылыми, қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғылыми этимология – жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады. Халықтық этимология – сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, түрлену, даму, жасалу, т.б. заңдылықтарымен, этимологияның ғыл. принциптерімен санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым алыс ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім тұрады. Этимологиялық зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және пайдалануға қолайлысы – этимологиялық сөздіктер. Мамандардың пікірінше, түркі тілдері бойынша жарық көрген әр деңгейдегі этимологиялық сөздіктердің 7 түрі бар.

Сөз этимологиясын айқындау өте күрделі және қиын мәселе болып саналады. Дегенмен сөздердің этимологиясын айқындаудың қиындығы барлық сөздерге бірдей айқындауды қиындатып соған орай, олардың этимологиясын күңгірттендіре түседі. Мысалы, тілдің қазіргі қалпының тұрғысынан алғанда, мына сөздердің құрамы түбірге я қосымшаға ажыратылмай, бір бүтін түбір ретінде қаралады: 1) жалқы, жалғыз, жалаң; 2) қайт, қайр; 3) өксі, өкір; 4)оят, оян, ояу; 5) жоқ, жой; 6) тоқ, той, тол; 7)тімтін, тіміскі (ле), тінт; 8) шұнақ, шұнти, шұнтаң, (да) 9) қисық, қисай, қисаң (басу) қиқай, қиғаш, қыңыр т.б. Мысалға келтірілген сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән ортақ түбірі бар екені даусыз. Мысалға жалқы, жалғыз, жалаң деген үш сөздің барлығына бірдей ортақ, ең алғашқы түбір - жал, ал -қы, -ғыз, -аң дейтін морфемалар - әр түрлі аффикстер. Бірақ бұл ортақ түбірдің ол бастағы мағынасы күңгірттеніп кеткен және ол дербес қолданылмай, аталған сөздердің құрамында ғана ұшырасады. Күңгірттеніп, көнелтіп кеткен мұндай түбірлердің сыр-сипаты этимологиялық зерттеулердің барысында айқындалады. Тілдің тарихи даму барысында сөздердің морфемалық құрамының көп өзгеріске ұшырап, соның нәтижесінде сөздің өзінің де тұлға-тұрпатының мүлдем басқаша болып кететінін мына мысалдардан да көруге болады,қазірде өйкені, әйтпесе деген сөзде құрамы ажыратылмайтын, түрлі морфемаларға' бөлінбейтін, бір бүтін сөздер ретінде ұғынылады. Ал, тарихи тұрғыдан алғанда, бұл сөздердің әрқайсысыда екі сөзден жасалған;өйткені дейтін сөз олай еткені деген екі сөздің бірігіп, өзгеріске ұшырауынан пайда болған


Семантикалық принцип. Бүл принцип этимологиялық зерттеулерде сөз мағыналарын, сөздің семантикалық жақтан өзгеруін, даму жолдарын есепке алуды талап етеді. Этимолгиялық зерттеулерде сөз мағынасына, оның семантикалық жақтан өзгеруі мен дамуына әрі тарихи тұрғыдан,әрі туыстас тілдердегі сөздердің мағыналарымен салыстыру тұрғысынан қарау басты шарттардың бірі болып санапады. Мысалы, сағы сыну, кежегесі кейін тарту деген тұрақты сөз тіркесіндегі сақ, кежеге деген сөздер осы аталған тіркестердің құрамында ғана қолданылады. Бұл сөздердің мағынасы мен этимолгиясын туыстас басқа тілдердегі материалдармен салыстыру арқылы ғана айқындауға болады. Мысалы, сағы сыну деген сөз тіркесіндегі сақ хакас тіліндегі (саг) күш дегенді білдіреді хакас тілінде сам сыхты деген сөз тіркесі - «әлім бітті» сағ чок - « күш жоқ» деген мағынада да жұмсалады. Сөздердің этимологиясын айқындауда ерте дәуірлердегі жазба нұсқалардағы деректер мен ондағы сөздердің мағыналарын есепке алу көп көмегін тигізеді. 

Этимологиялық принцип. Бұл принцип белгілі бір сөздердің туына себепші болған тарихи жағдайларды жете білуді талап етеді. Этимологиялық зерттеулердің тек тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге тарих пен фолклордың археология мен этнографияның және т.б. ғылымдардың деректеріне сүйенуі өте-мөте қажет. Мысалы, құрал атауы - біз деген сөз ертеректе бігіз түрінде дыбысталған. Бұл көне форма өзбек, ұйғыр тілдерінде сақталған. Қырғыз, қарақалпақ т.б. түркі тілдерінде сөз ортасында г дыбысының редукцияланып түсіп қалуы нәтижесінде бұл сөз біз түрінде дыбысталған. Бігіз сөзі шығу төркіні және мағынасы жағынан мүйіз сөзімен байланыстырылады. Сонымен жоғарыда аталған принциптерді этимологиялық зерттеулерде қолдана білу сөздердің шығу тегін дұрыс бағытта айқындауға көметеседі. Этиологиялық зерттеулерде басқа тілдерден енген кірме сөздер мен топонимиялық атаулар да айрықша орын алады. ¥зақ замандар бойында өмір сүріп келе жатқан топонимикалық атаулардың этимологиясын айқындаудың тіл тарихы мен халық тарихын танып білуде үлкен мән бар. 


‘’’Халықтық этимология’’’ — сөздердің дыбыстық ұқсастығына қарай шығу тегін анықтауға байланысты пайда болған атау. “Халықтық этимология” терминін 1952 ж. неміс лингвисі Ферстеманн енгізген. Ал Н.В. Крушевский “лексикалық ассимиляция” деген терминді ұсынды. Халықтық этимология - да халықтың дамуындағы тарихи факторлар, тілдің фонетикалық, морфологиялық және морфонологиялық заңдылықтары ескеріле бермейді. Сол себепті көп жағдайда Халықтық этимология болжамдары ғылыми этимологияға қайшы келіп жатады.
. Білмегенді білуге ұмтылу, өмірдегі жұмбақ құбылыстардың сырына үңілу адам табиғатына тəн қасиет. Адамдар айналасын қоршаған заттар атауының қайдан шыққанын, қа- лай пайда болғанын үнемі қызықтап, үнем «зерттеген», өз шама-ша- рықтарынша дəлелдеуге тырысқан. Бұл сатыны тіл білімінің ірге- тасы, алғашқы баспалдағы деп қараушылар да бар. Орхон-енисей ес- керткіштерінің алғаш «кілтін» табушы В.Томсен Москвада 1938 жылы жарық көрген кітабының36 «Этимология у древних и ее ошибки» деген тарауында былай деп жазады: Античная этимология ищет в слове известное, заранее созданное представление о предмете, которое оно обозначает, прибегая к произвольным ассоциациям и к столь же произвольному применению чисто логических фигур, как равенства, аналогии, противоречия и т.п.»37.
«Өнер алды – қызыл тіл» дейтін қазақ халқы да сөз сырына үңілуден жалықпаған. Ел, жер, жұрт атаулары, сырттан енген түсініксіз кірме сөздер т.с.с. жүздеген, мыңдаған сөздер халық санасында қайта жаңғырып, талай аңыз-əңгімелерге арқау болып, ауыздан ауызға көшіп жүрген. Түсініксіз сөздерді халық өзі түсінетін сөздерге «туыстырып», солардан төркіндетіп отырған. Сондықтан, көп жағдайда «халықтық» этимология «жалған» (ложная) этимология деп те аталады.
«Халықтық» этимологияға мысалды алыстан іздемей-ақ, бала күннен жаттап өскен ауыз əдебиеті нұсқаларынан табамыз. Соның бірі – көне жырларымыздың бірі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Ата- бабаларымыз өздері «кіндік кесіп, кір жуған» талай жер атауларын осы жыр кейіпкерлерімен сабақтастырады. Мысалы, Қорқау ойлы Қарабай аударыла көшкен сəтте, абыр-сабырда сабасы жарылып, қымызы төгілген
ген жер «Ақкөл», «Жайылма» атанады. Қозыны аңсай күткен Баян шыдамай, алтын сандыққа сəлемдеме толтырып, Айбасты ұзақ жолға шығарып салып, содан «Домбыралы», «Моншақты», «Қарқаралы» деген жерлер сол сандықтан «түсіп қалған» нəрселер болса, «Жауыртауға» келгенде аты титықтап, сол жерде амалсыздан «Алтын сандық» та қалған-мыс.
Жазушының əртүрлі стильдік мақсатқа пайдалануына қарай бұл «дəстүр» бүгінгі əдебиетімізде де үзіліп қалған жоқ. Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романынан мынадай үзінді келтіруге болады: «...Мен саған айтып берейін, біліп ал, дүние жүзіндегі елдердің көпшілігін біздің қазақтар ашқан. Оған дəлел: көп ел, көп жердің аты қазақша. Мəселен «Азия» деген атау қазақтың «аз ұя» деген сөзінен шыққан, яғни ата мекен деген сөз. Ұқсай ма? Мен ұқсайды екен дедім. Дүйсен əрі қарай түсіндіре бастады: «Африка» қазақтың «қапырық» де- ген сөзінен шыққан, яғни «ыстық» деген сөз. «Жапон» халқы «жұпы- ны» дегеннен, «Бразилия» «мынауың біраз ел, ə» дегеннен шыққан. «Европа» ол да қазақ сөзі, «жауропа» дегеннен шыққан. Көрдің бе, бəрі де қазақ сөзі. «Пекин» қазақтың «бекін» деген сөзі. «Жау келе жатыр, қаланың қақпасын жап, бекін» дегеннен шыққан. Қазақта «қызың Қырымға, ұлың Ұрымға кетсін» деген сөз бар. «Қырымы – кəдімгі өзіміздің Қырым, Қара теңіздің жағалауы. Ал Ұрымы – Рим. Италияның астанасы. Қазақтар Римге тілі келмеген соң «Ұрым» деген.
...Мен бұл əңгімені алғашында шын көріп тыңдасам, сосын біртін- деп қалжың екенін білем. Дүйсеннің өзі ойлап тапқан, өте бір қисын- ды, тапқыр қалжың. Əдемі қалжың. Оқуы аз адамдар сеніп те қалатын- дай. Дүйсеннің тапқырлығына мəз болып рахаттана күлемін.
-Қазақтар ашқан тағы қандай жерлер бар? – деймін.
-Көп,- дейді Дүйсен. Өзі күлімдейді, шын сөйлегендей етіп айтады. – Монғолияны да қазақтар ашқан. «Монғол» қазақша «мың қол» деген сөз. «Корея» қазақша «қария» сөзі. «Чили» қазақтың «шилі» деген сөзі, жерінде ши көп өсетін болғандықтан, солай атаған. Міне, тампыш бала, түйеге, атқа мініп алып, біздің ата-бабаларымыздың бармаған жері қалмаған. Мына шеті Жапония, мына шеті Америкаға дейін аралаған»38.
Осы типтес «халықтық» этимологиялар, əсіресе көрнекті, шын мəніндегі халық жазушысы С.Мұқановтың қаламынан көп туындаған. Мəселен ол көмек сөзі туралы былай дейді: «Біздің жақта бір қазақтың үйі өртеніп кетіп, татар көршісінен көмек сұрай барыпты: «Абзи, үйім өртеніп кетті, көмек бер» депті. Сонда бергісі келмеді ме, көмек деген сөзге түсінбепті. «Жəрдем сұрап отырмын» дегеннен кейін: «Ə, сенің көмек деп отырғаның помог екен ғой» депті. Кім біледі, сол помог бізге көмек боп кірді ме?»39.
Бүгінгі таңда «халықтық» этимологиялардың авторлары көбіне-көп ақын-жазушы, журналистер болып келеді. Əрине, бұлардың арасында оқушысын күлдіру мақсатында, əншейін, жеңіл күлкіге құрылғандары да баршылық. Негізінен бізді қызықтырары – аңыз-əңгіме, шежіре түрінде болып келетін «халықтық» этимологиялар. Халық творчествосы іспеттес бұл көне шежіре-сырлар халық тарихына сəулесін түсіріп, бағзы заман елестерінен деректер береді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет