Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани – танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.
Сайыстың міндеті:
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау, көшбасшылық қабілетін дамыту
Барысы:
І . Ұйымдастыру бөлімі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
« Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет » деп Шоқан Уәлиханов, ал Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі » деп айтып кеткендей , еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Ал сол білімді жастарды болашақта сіздер құрайтын боласыздар. Осы мақсатпен 4 – сыныптар « ХХІ ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық ойынын өткізгелі отырмыз.
Сайысқа қатысушылар: 4 - сынып оқушылары
(Әділ-қазы алқасын сайлап алу)
Сайыстың кезеңдері:
1 кезең-«Бәйге»
2 кезең- «Дода»
3 кезең- «Полиглот» ойыны
4 кезең- «Жорға»
Жүргізуші:
Мына ғасыр білімдінің ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Білімдіні анықтайтын сайыста,
Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы – дей келе, өз-өзіне сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын, болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын 4 - сынып оқушыларымен таныс болайық.
4 «А» сынып оқушылары: Бердікеева Әнел , Токмурзин Жәнібек
4 «Ә» сынып оқушылары:Болат Нұрбек, Бақытқазықызы Алия
4 «Б» сынып оқушылары: Нұрдаш Диана, Сағынғалиева Аружан
4 «Г» сынып оқушылары:Нұрғазы Хантөре,Биғазы Алихан
4 «Ғ» сынып оқушылары:Қали Әди, Дәрменұлы Нұржан
4 «М» сынып оқушылары:Салимова Айжан, Абдрахова Айгерім
Олай болса сайысымызды бастайық!
І Тур: «Бәйге»
«Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы кім (Б.Момышұлы)
Жер ғаламшары қашан пайда болған?( осыдан 5 миллиард жыл бұрын)
Тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
Көркеуде – оқымаған,надан адам
Домбығу – қызарып ісіну
Сағаттың 1\6 бөлігі? (10 мин, 60:6=10)
Құрмалас сөйлемге айналдыр: Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жауды.(Аспанды бұлт торлады да, жаңбыр жауды.)
Әлемнің жеті кереметіне нелер жатады? (Аспалы бақ, Фаростық мұнара шам, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Радос алыбы, Мысыр пирамидасы және свинкс, Эфестегі Артемида ғибадатханасы)
«Су мен Балық» мысалының авторы? (Шона Смаханұлы)
Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
Шаршы пішінді сөренің ауданы 64м². Периметрін тап? (S=a*a,Р=32см)
Карта дегеніміз не? (жер бетінің кішірейтіліп берілген кескіні)
Теңге қай жылы айналымға енді? (1993ж 15 қараша)
Қос сөздер дегеніміз, түрлерін ата?(қайталама, қосарлама, күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөз)
Биылғы қысқы олимпиада қай қалада өткелі жатыр? (Сочи – Россия қ.)
Ертай, Ерден, Жантай қай әңгіменің басты кейіпкерлері? («Нағыз малшы» Д.Қасенов)
Биыл Тәуелсіздікке қанша жыл?(24 жыл)
Фигураның көлемін тап. 6см, 2см, 11см(132 см³)
Президент күні? (1 желтоқсан)
Жер бетінің өте биік жерлерін не деп атайды (тау )
Бірыңғай мүше дегеніміз? (бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді айтамыз)
12 сәуір, 8 наурыз , 30 тамыз қандай күндер? (Ғарышкерлер, Халықаралық әйелдер күні, Конституция күні)
«Сыбызғышы» ертегісінің басты кейіпкері кім? (Асан)
Желтоқсан құрбандарын ата? (Л. Асанова, Қ. Рұсқұлбеков, С.Мұхаметжанова)
Жердің бетінен кен қазу мақсатында қазылатын үлкен шұңқыр ( Карьер)
План дегеніміз? (жер бетіндегі заттарды төбесінен қарағандай етіп бейнелейтін сызба)
Күзгі күн мен түннің теңелуі? (23 қыркүйек)
Биіктік белдеулік дегеніміз? (таудың етегінен басына дейін топырақтың, өсімдіктер және жануарлар әлемінің ауысу заңдылығы)
Теңеу дегеніміз? (Шығармада бір нәрсені белгілі басқа затқа балап, ұқсатып көрсету мақсатында бейнелі сөз)
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-45 ж.ж)
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІІ тур «ДОДА»
1 ұяшық.
Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз, мысал келтір?
360:40, 325:65 (9; 5)
Жеті байлықты ата (1-ші байлық – денсаулық
2-ші байлық – еркіндік
3-ші байлық – тіл байлық
4-ші байлық – қайрат күш
5-ші байлық – ақ жаулық
6-ші байлық – балаңыз
7-ші байлық – жүз саулық)
Жердің диаметрі ? (12740 км)
Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (Барлық айда)
2 – ұяшық
Жатыс септігінің сұрақтары мен жалғаулары? (кімде? неде? қайда?)
: 54= 9 (1 қалд.) (487)
«Шаңырақ» кімнің өлеңі? (Ф. Оңғарсынова)
Ауа райының өзгеруін бақылап, болжам жасайтын кім? (метеоролог ғалымдар)
Автобустан түсу үшін не істеу керек? (Автобусқа міну керек)
3 – ұяшық
Арман сыртқа шықса, далада қар жауып қалыпты. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдыр? (Арман сыртқа шықты. Далада қар жауып қалыпты)
90°-қа тең, 90°-тан кем, 90°-тан асады қандай бұрыштар? (Тік, сүйір, доғал)
Ақ күріштің атасы? (Ыбырай Жақаев)
Тянь – Шань таулары оңт. пен оңт. – шығыста қанша км жерге созылып жатыр? (2450 км)
Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат 2-ші орын алмаса, ал Талғат 3-ші орын алмаса, кім қандай орын алды? (Марат – 1, Талғат-2, Әсет – 3)
4 – ұяшық
«Шие» сөзін септе (Шие, шиенің, шиеге, шиені, шиеде, шиеден, шиемен )
Асан 15км/сағ жылдамдықпен 3 сағ. жүрді, арақашықтығы қандай? (S=45км)
Бір шешімге келгендей. – Жіберейік, аға! – деді
Мен үнсіз бас изедім.
Қай шығармадан үзінді? («Қармаққа түскен шағала» М. Тоқашбаев)
Тыңайтқыш алынатын шөгінді тау жынысы (фосфорит)
Отыз деген саннан және "Я" әрпінен тұратын есімді табыңыз? (Зоя)
5 – ұяшық
Қосарлама қос сөздер дегеніміз? (екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөз)
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте? (15га=□м², 590м=□мм, 45000жыл=□ғасыр (150 000га, 590 000мм, 450ғасыр)
Кейіпкер дегеніміз? (шығармадағы көркем бейнені айтамыз)
Сарыағаш шипажайы қайда орналасқан (Шымкент)
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары)
6 – ұяшық
Сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстырып тұратын қосымшалар не деп аталады?(септік жалғау)
Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен жүреді. Ол 5 сағатта қанша жол жүріп өтеді?(S=75 км)
Міз бақпайды – орнынан қозғалмайды
Тізгін – атты жетелеу үшін ауыздығына байлаған қайыс.
Иілгіш, биік өсімдік. Оның сабағы құрылыста жылуды жақсы ұстайтын материал ретінде пайдаланылады. Бұл? (құрақ)
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (Егер оны мұз етіп қатырса)
7 – ұяшық
Олар қатал табиғатқа бейімделген. Септік жалғауында тұрған сөзді тап және қай септікте тұрғанын айт?(табиғатқа – барыс септік)
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 4дм, ал ені 30 см. Ауданы мен периметрін тап? (S=1200 кв.см, Р=140 см)
Шытыну, ошарыла қарау, мойынсыну деген сөздердің мағынасы? (қабақ түю, ренжу, бұрылып қарау, мойындау)
Бір – бірімен жалғасып жатқан төбелерді не деп атаймыз? (қырат )
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)
8 – ұяшық
«Жұлдыз» сөзін септе
6900 : Х = 92 : 4 Х-тің мәнін тап? (Х=300)
Асық жатыстарын ата? (алшы, тәйке, бүге, шіге)
Ауаның белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы жай күйі не деп аталады? (Ауа райы)
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?(Үсті су болып)
9 – ұяшық
«Биші» сөзін жікте (Мен бишімін, сен бишісің, сіз бишісіз, ол биші)
9³, 5³, 8³ есепте?(729, 125, 512)
Қасиетті бабалардың қара шаңырағы атанған қала? (Түркістан)
Қарағанды көмір бассейнін ашқан кім? (Аппақ Байжанов)
Жеген сайын жылататын нәрсе?(таяқ)
10 – ұяшық
Темір-терсек, жора-жолдас, үйрек-қаз қандай сөздер? (қосарлама қос сөздер)
Матаның 3\8 бөлігі 120 метр болса, тұтас мата қанша метр?(320метр)
Қ.Мырза Әли «Қысылу» деген өлеңі арқылы сендерге не айтқысы келді? (Тазалақ туралы)
Мемлекеттің басты заңдық құжаты ?(Конституция)
Аңшы қыста орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны? (Сауысқан қарға құлаған)
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІІІ тур «ПОЛИГЛОТ» ойыны
АКС
Жылдың қай мезгілі?
Аптаның қандай күні?
Қандай түсті ұнатасың?
Досыңның қай жері ұнайды?
Туған жерің қандай?
ҚЖА
Нешінші сыныпта оқисың?
Көңіл күйің қалай?
Қандай кітапты оқығанды ұнатасың?
Ауа-райы қандай?
Қар жауып тұр ма?
СМТ
Сағат неше?
Қалың қалай?
Сүйікті жануарың?
Дала қандай?
Өзіңді қандай оқушымын деп есептейсің?
ЖБО
Дала қандай
Сүйікті жемісің?
Арман қандай оқушы?
Киіміңнің түсі қандай?
Нешінші?
БАД
Кім болғың келеді?
Бір зат есімді ата?
Бүгін нешесі?
Сыныбың қандай?
Қай спорт түрімен айналысасың?
Б Р Ә
Досың қандай?
Қандай гүл ұнайды?
Алма қай жерде өседі?
Қай спорт түрін ұнатасыз?
Қай пән ұнайды?
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІV тур «ЖОРҒА»
Салт – дәстүр
10 - Ұлттық ойындарды ата? (Асық, қыз қуу, алтыбақан, ақсүйек т.б)
20 – Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт, ақыл-білім, қыран бүркіт, жүйрік тазы).
30 – Енші дегеніміз? (Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шыға-рады.)
40 – Бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы үшін дәстүрлі қандай тойжасайды?
50 – Бесік жабдықтарын ата? (жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолдау, тартпабау)
Өнер және спорт
10 – Адам бойынан қандай өнерлер табылады?
20 – Мына спортшылар кім және қандай спорт түрімен айналысады?
30 – Бейне сұрақ. Бұл кім? (қазақтың бұлбұлы Б.Төлегенова)
40 – Бұл қандай спорт түрі? (Бәйге)
50 - Мына өнер ғимараты туралы не білесің? (М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры)
Тұлғалар
10 – Бұл кім?
20 – 1 ғасырға жуық өмір сүрген ақын, жыршы?
30 – Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі кім? ( Әбілхан Қастеев )
40 – 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, кейін Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Кім туралы? (Ахмет Байтұрсынов)
50 – Бұл кім? (Сәкен Сейфуллин)
Еркін тақырып
10 – Мақалды жалғастыр: «Өзге елде сұлтан болғанша, ......» (Өз еліңде ұлтан бол)
20 – Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
30 – Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)
40 – «Алтын адам» қай тайпадан шыққан жауынгер? (сақ)
50 – Үш түбірдің бірігуінен жасалған қала аты? (Екібастұз)
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |