Тақырыбы: Қиын бала қайдан шығады?



Дата12.03.2018
өлшемі32,87 Kb.
#39312
Тақырыбы: Қиын бала қайдан шығады?

«Қиын бала дегеніміз қандай бала?


Қиын бала» - белгілі бір жұмысы жоқ, жағдайлары төмен немесе жұмыстан қолы тимейтін, баласына қарауға уақыты жоқ, қызметтегі ата-ана отбасынан шығады.
Демек тәрбиенің осалдығынан, мінез ерекшеліктеріне қарай қиын бала туындайды.
Шет елдерде бұл ұғымды девиантное поведение», -дейді.

Жасөспірімдердің тобын «группа риска деп атауы, қазақша дәл баламасы болмағанымен «қауіпті топ –құқық бұзушылыққа бейім топ деген мағынаны білдіреді. «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек. –деп белгілі К. Д. Ушинский айтқандай баланы «қиын деп атау үшін оған тән жеке бастың қиындығын танытатын белгілерін таба білу керек.


Адамның әуелден тігінші болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуелден жаратылысынан дарымайды.

Сол себептен қиындық туғызатын баланың белгілерін, қиындық туғызатын оқушылармен


әңгіме жүргізу, оның өзіне сауалдар беру, ата-ана, сынып жетекшісі, жолдасымен-интервью жүргізу керек. Көңіл-күйі, оның алаңдаушылығы, баланың жан-дүниесіне көңіл бөлу керек. Жағымды-жағымсыз қылықтарды да ата-аналарынан үйренеді. Ата-анаға баланың болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бала тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін қолайлы психологиялық ахуал қажет.

Ата-аналардың жан ұядағы келіспеушілігі, баланың толық емес жанұяда тәрбиеленуі, ата-аналардың ішкілікке салынуы, ұрпақ тәрбиесіндегі көзқарастарының әр түрлі болуы бала бойында жағымсыз мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді.


Баланы қыспақта ұстау да оның психологиясына зиян.
Үлкендердің қолайсыз іс-әрекеттері, ата-ананың арақ ішуі, балағат сөзді боратқан аға, қылмыс жасаған көрші осыны көрген баланың тәрбиесі не болмақ.

Бала үлкендер бойынан жағымды-жағымсыз қылықтарды жинайды, осыдан келе дер кезінде дұрыс тәрбиелеп жолға түсірмесе, мінез-құлықтары қоғамға жат, тәрбиесі»қиын


Тұлғалар қалыптасатыны шек келтірмейді.
Ал мұндай тәрбиесі «қиын баланың шығуына ең алдымен, жанұя тәрбиесінің дұрыс болмауы, отбасындағы жанжал, ата-ананың біреуінің болмауы және мектептегі оқу - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер.

Жас өспірім он үш жасқа келгеннен кейін оларда өзгерістер байқалады. Бұл жас өте тынымсыз, ең қиын (ұшқалақ шақ. Мінез-құлқында өзгерістер болады. Осындай сәтте ата-ана, мұғалім бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына күш салуы керек. Бұл жағдайда мұғалім және ата-ана бала мінез-құлқы мен темпераментін білуі қажет. Себебі жасөспірімдердің осы «өтпелі кезеңде өздеріне қол жұмсап (суицид, өмірден түңілулері көбейеді. Оның себептері өзіне назар аударту, мүсіркеушілік тудырту, жанұядағы кикілжіңнен қашу, мұғалім достарымен келіспеушілік, сыныптастарының оны қатардан бөліп тастауы, оны менсінбеу, достарының болмауы, тест жұмысын ҰБТ тапсыра алмауы, жауапсыз махаббат, өзін ренжіткендерді кінәлі етіп көрсету, психологиялық ауытқу.


Ұлдар мен қыздардың мінез-құлқына талдау жасаған кезде психикасы мен іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді ескеру қажет. Ұлдардың жүрген жері әрқашан шу болатыны белгілі, бұл олардың тәртіпті жиі бұзатындығынан деп ойлауға болмайды. Қыздар бойында жағымсыз қасиеттер көбіне жасырын сипатта болады. «Қиын ұлдар мен «қиын қыздарды салыстырғанда ұлдар тынышсыз болғанмен, »қиын қыздар одан да «қиындау болады.
Бұл туралы А. С. Макаренко былай деп жауап жазады. Ұлдар көшеде қаншама қаңғып жүрсе де, қандай күрделі, заңсыз оқиғаларға қатысты болса да, біздің педагогикалық әрекетімізге көнбей сонша қасарысқанымен, оның тіпті болар –болмас ақылы болса, жақсы орта оны тәрбиемен адам етіп шығарады.

Баланың бос уақытын ұйымдастыруда жанұяның ықпалы зор. Мектепте оқушы күніне алты сағат болса, үйінде он сегіз сағат болады. Баланың жағымсыз іс-әрекетке баруы, өтірік айтуы және қылмыс жасауы, жанұяның қадағаламауынан.


Ата-анасына көмектескен, еңбекке ерте араласқан бала теріс жүріске бармайды.
Дүниеге келген нәресте арамтамақ, құқық бұзушы болып тумайды.
Жанұяда тәрбиеден кеткен ақаулық жіберілген қателіктер салдарынан қиын бала туындайды. Көңілшек ата-ана баласын ешнәрсеге үйретпейді, еңбек атаулыдан қорғаштайды, еңбек адамын құрмет тұту тағылымын үйретпейді.

Балаға қалаған нәрсесін алып беруді мақтаныш тұтады. Өзіне керектінің бәрін


Алдырған бала ненің қайдан, қандай еңбекпен келетінін біле бермейді.
Белгілі жазушы Ж. Аймауытов «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе - өскен орта, ата-ана тәрбиесі.
Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас жолдастың азғырып, не түрлі
Жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Отбасының жылуын көрмеге, ата-ананың махаббатына бөленбеген бала жаны қатыгезденіп, қылмыстық жолға бейімделетінін мұғалімдерге түсіндіру артық болар. – дейді. Бұл сөз ата-анаға үлкен жүк артады.

Тәрбие - тал бесіктен» демекші іргетасы берік үй оңайлықпен құламайды, яғни жастайынан берілген тәрбиені қоршаған орта түбегейлі өзгерте алмайды.


Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі-ата-ана, екіншісі - ұстазы, үшіншісі-құрдасы»- деп айтып кеткен екен Абай атамыз.
Ойлы ұстаз –бала жанының зергері. Еркені райға көндіру, жалқауды еңбек етуге үйрету, ұшып –қонба жеңілтекке сабырлы болудың сырын ұқтыру ұстаз шеберлігін
талап етеді.
Жас шыбық иілгіш келеді, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бейім.
Біздің үйдегі, түздегі іс-әрекетіміз балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы-жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.ит
Каталог: uploads -> doc -> 05e9
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05e9 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет