9 сынып
Қазақ әдебиеті
I вариант
-
Фольклор деген не ?
а) ауыз әдебиеті б) эстрадалық әндер в) эссе г) өнері
-
Ауыз әдебиеті шығармалары түрін анықта.
а) повестер б) мақал-мәтелдер в) фильмдер г) романдар
-
Наурыз жырлары қай мейрамға байланысты туған?
а) 1 мамыр б) Тәуелсіздік күні в) Наурыз мейрамы г) ораза айт
-
Қайта өркендеу немесе Ренессанс дәуірі әдебиеті қай ғасырларды қамтиды?
а) V-XV б) X-XII в) XVIII-XIX г) XIX-XX
-
Қой иесі - ... .
а) Зеңгі баба б) Ойсылқара в) Шопан ата г) Шекшек ата
-
Лиро – эпостық жырлардың негізгі тақырыбы қандай?
а) батырлардың ерлігі б) аңыз – әңгімелер в) ақындар айтысы г) екі жастың арасындағы ғашықтық пен сүйіспеншілік
-
«Қыз Жібек» жырының неше жылдық тарихы бар?
а) 500 б) 400 в) 300 г) 200
-
«Қыз Жібек» жырының кейіпкері:
а) Сарыбай б) Төлеген в) Арыстан г) Қодар
-
Шығарманың құрылысы:
а) сюжет б) эпилог в) композиция г) пролог
-
Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат !
Оның аты - ...
а) калькулятор б) тақта в) сағат г) интернет
-
Мақал – мәтелдер - ... .
а) әңгімелер б) ауыз әдебиетінің бір түрі в) өлеңдер г) қызықты әңгімелер
-
Мақалдың жалғасын тап.
«Әдепті бала – арлы бала, ... ... - ... ...».
а) Білім – өмір шырағы б) Жалқаудың жаны тәтті
в) Әдепсіз бала – сорлы бала г) Ата-анасын қақсатар
-
Қай мақалда Отан туралы айтылған ?
а) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. б) Еңбек түбі - зейнет.
в) Жалқаулық адамды тоздырады. г) Ерінбеген етікші болар.
-
Абайдың өмір сүрген жылдары:
а) 1845-1906 б) 1854-1905 в) 1846-1903 г) 1845-1904
-
«Көзі тірісінде Гомер атанған» ақын кім?
а) Шоқан Уәлиханов б) Жамбыл Жабаев в) Мұхтар Әуезов г) Василий Радлов
-
Абай білім алған қала:
а) Омбы б) Алматы в) Семей г) Ташкент
-
«Бостандық таңы атты» өлеңінің авторы кім ?
а) Абай Құнанбайұлы б) Жамбыл Жабаев в) Мағжан Жұмабаев г) Шәкәрім Құдайбердіұлы
-
Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдер жинағы:
а) «Шолпан» б) «Батыр Баян» в) «Сағындым» г) «Мен жастарға сенемін»
-
Аққу қандай құс ?
а) жыртқыш б) сүйкімсіз в) қасиетті г) қанатсыз
-
«Бір адамға» өлеңінің авторы:
а) С.Сейфуллин б) М.Жұмабаев в) Ж.Жабаев г) С.Торайғыров
Тест
II вариант
-
Алғашқы қазақ хандығы қашан құрылды?
а) XV ғасыр б) XX ғасыр в) XVII ғасыр г) XII ғасыр
-
Сәкен Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы:
а) «Дала» б) «Өткен күндер» в) «Кел, жігіттер» г) «Аққудың айырылуы»
-
Абайдың қара сөздері -
а) қазақтың ұлы жазушысы б) қазақтың ұлы күйшісі
в) қазақтың ұлы жырауы г) қазақтың ханы
-
Шәкәрім өлеңдерін алғаш нотаға түсіруші кім?
а) Затаевич б) Радлов в) Шоқан г) Бимбоэс
-
Мифтік кейіпкерлер мен тарихи адамдар жайында айтылатын жанр
а) ертегілер б) төрт түлік мал туралы жырлар
в) аңыз – әңгімелер г) тұрмыс – салт жырлары
-
Жамбылдың Абайға арнаған өлеңі:
а) «Зілді бұйрық» б) «Жалғызбын деп жүрмесін»
в) «Ленинградтық өренім» г) «Өтеген батыр»
-
Абай Құнанбайұлы кім?
а) ақын, аудармашы, сазгер б) ақын, жазушы, суретші
в) ақын, мұғалім, жыршы г) ақын, тарихшы, аудармашы
-
Қазақша жыл басы қай айдан басталады?
а) қаңтар б) мамыр в) наурыз г) сәуір
-
Жылқы иесі - ...
а) Шекшек ата б) Қамбар ата в) Шопан ата г) Ойсылқара
-
Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
а) ауыздан ауызға б) жазбаша в) кітап түрінде г) жылнамалар арқылы
-
«Өнерлі өрге жүзеді» мақалының тақырыбы қандай?
а) еңбек б) Отан туралы в) өнер г) достық
-
Мақалдың жалғасын тап.
«Отан оттан да ...»
а) тәтті б) ыстық в) суық г) ауыр
-
«Жеребенок мой» сөзінің аударамасы қалай болады?
а) лағым б) қорқағым в) торпағым г) құлыным
-
Мақалды аяқта.
«Ас атасы - ...».
а) артық б) басталады в) нан в) бауырсақ
-
Жұмбақтың шешуін тап.
Алдына келесің, Өзіңді көресің.
Ол не ?
а) айна б) сурет в) су в) терезе
16. Лиро – эпостық жырлардың кейіпкері:
а) батырлар б) қарапайым адамдар в) тылсым күш иелері г) ғайыптан пайда болған адамдар
-
Адамның көңіл – күйін, сезімдерін бейнелейтін жанр -
а) эпос б) қара сөздер в) батырлар жыры г) лирика
-
«Қыз Жібек» жырының шыққан жері:
а) Оңтүстік Қазақстан б) Орталық Қазақстан
в) Батыс Қазақстан г) Шығыс Қазақстан
-
«Белгілі» сөзінің синонимі:
а) атақты б) сезімтал в) көпшіл г) құрметті
-
Абай Құнанбайұлы қай өлеңінде «бес дұшпан мен бес асыл іс» туралы айтады?
а) Интернатта оқып жүр... б) Әсемпаз болма әрнеге в) Ғылым таппай мақтанба
г) Болыс болдым мінеки
Тест жауаптары
1 вариант
1 а 2б 3в 4б 5в 6г 7а 8б 9в 10в
11б 12в 13а 14г 15б 16в 17г 18а 19в 20г
2 вариант
1а 2б 3в 4г 5в 6б 7а 8в 9б 10а
11в 12г 13в 14а 15б 16б 17г 18в 19а 20в
Достарыңызбен бөлісу: |