Қазақстан-ресей



Дата15.04.2024
өлшемі65,46 Kb.
#200848
Байланысты:
Әдебиеттегі философия


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»



БӨЖ №5
Тақырыбы: Әдебиеттегі философия


Орындаған: Ермағанбет Ақнұр
Курсы: 2-курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 207 A
Тексерген: Оразхан Т. О.


Алматы 2024

Жоспары:



  1. Әль Фараби “Ғылымдар жіктемесі”

  2. Медицина және философия

Адамзат тарихы таңбаланған ең алғашқы жазба дерек – Перигё қаласы маңындағы (Франция) Ласко үңгірінің қабырғаларында кескінделген «Аңшылық». Бұл осыдан 42 мың жыл бұрынғы адамның санасында үлкен серпіліс, өркендеу болғанын айғақтайды. Сол кезеңнен бастап, адамзат біздің қазіргі түсінігіміздегі «адамгершілік» ұғымын бойына біртіндеп сіңіре бастады.


Адамдардың бір-бірімен көбірек тілдесуі үлкен қауымда бірігіп өмір сүруге себеп болған жоқ, керісінше, бір-бірімен тілдесу арқылы үлкен қауым құрылды.
Алғашқы саналы адамдардың әңгімелер көбінесе шектеулі ережелік сипатқа ие болды. Оларды баяндаудағы басты мақсат – жастарға бірлескен қоғамда өмір сүрудің тәртібін үйретіп, тіршілік тәжірибесіне баулу болды.
Ауызекі әңгіменің қағазға түсірілген алғашқы үлгілерінің бірі – Гомердің эпосы. Ол бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар арасындағы қонақжайлылық пен сыйластық сынды қарым-қатынас қағидаларынан тағылым береді.
Әдебиет теориясы баяндау түріндегі әңгімелердің нормативтік қызметі айтарлықтай маңызға ие болған кезде пайда болды. Теорияның негізін қалаушылардың бірі – Платон; ол – 2600 жыл бұрын Афинада өмір сүріп, Батыстағы тұңғыш жоғары оқу орны болған академияның негізін қалап, оқытушылықпен айналысқан ғұлама. Оның ойынша, әдебиет – жастарды жақсы мінез- құлыққа тәрбиелеуші құрал. Бұл өте маңызды қадам болды, өйткені адам танымы біртіндеп дами келе, өмір сүру ортасында қажеттілікті қалыптастырды және жаңа танымдық қабілеттерді дамытуға жол ашты.
42 мың жыл бұрын пайда бола бастаған абстракцияның жаңа танымдық күші, білімді - сезім әсерлері және абстрактілі идеялар деген топтарға бөліп тастады. Ол өз кезегінде жаңа танымдық ойларға жол ашты.
Платон өз философиясын аталған топтардың өзара айырмашылығы негізінде зерделеді. Ол сезімдік әсерлерге қарағанда, санада дамитын абстрактілі идеялардың әлдеқайда нақты болатынын терең түсінді. Біздің қоршаған ортамызда айрықша жаратылған әдемі дүниелер аз болғанымен, санамыз идеалды, мінсіз сұлулықты елестетуге мол мүмкіндік береді. Платон сұлулық, шындық, әділдік сынды дерексіз категориялар таза, мінсіз формалар немесе идеялардың рухани әлемі іспеттес өмірдегі шынайы ұғымдар - деген қате пікірде болды. Қазіргі кезде біз оның тек адам миының жаңа танымдық қабілеттерін, сезімнен тыс ұғымдарды бейнелей алатын жаңа қасиеттерін сипаттағанын ұғынамыз.
Платон: «Қоғамымыздың болашақ иелері өзара түсініспеушілікке бармасын десек, қазірден бастап тыңдалатын әңгімелер мен назарға ұсынылар көріністерді құдайлар мен алпауыттар арасындағы соғыстар, досы мен жақындарына сатқындық жасау, зорлық-зомбылық сынды сюжеттік желілерден тазартуымыз керек. Шынында, біз олардың санасына бір-бірімен жауласудың дұрыс емес екенін сіңіргіміз келсе, онда балалық шағынан бастап ата-әжелерінен
тыңдайтын әңгіме, ертегілері осындай мазмұнда болуы тиіс; есейген кезде олар тыңдайтын шығармалардағы сюжеттерде ақындар оқиғалардың балама нұсқаларын беруге дайын болуы керек... Бүкіл ақпарат уақыт өте келе толықтай қорытылады, сол себепті алғашқы тыңдалатын әңгіменің адамның тәрбиелік тұрғыдан қалыптасуына барынша ықпалды болуы өте маңызды».
Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, тек өмірдің көлеңкесі, нағыз шындық өмірлік идеяда деп түсіндірді. Таным – дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады.
Платонның шәкірті Аристотель әдебиеттің құрылымы мен әсерін геология ғылымына ұқсатып, осы дүниеде бар, зерделенуге лайықты нысан ретінде зерттеді. Сондықтан ол әңгімелердің құрылымын сипаттай келе, баяндау барысында оқиға желісінің өрбуі мен шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты сәттердің айналасында шоғырланатынын байқады. Сондай-ақ ол баяндау тәсілі кейіпкерлердің арақатынасын айқындайтынын және трагедия жанрынан комедияның айырмашылығын, олардың бір-бірінен ерекшеленетін негізгі сипаттарын, сонымен қатар әдебиеттің аудиторияға тигізер әсерін талдайды.
Трагедия бейнеленетін кейіпкерлердің басынан кешірген азапты, қайғылы оқиғаларға қатысты күшті әсер, үрей, аяушылық сезімдерін туғызады. Адамзат өркениетінің дамуында эмоцияның рөлі ұлғайған сайын Аристотельдің көңіл күй туралы зерттеулерінің маңызы арта түседі.
Жаңа саналық елестету негізіндегі бейнеленген кейіпкерлерге жанашырлық таныту қабілеті болмаса, адамдар өздері өмір сүріп отырған жаңа күрделі қоғамды қалыптастыра алмас еді.
Аристотель: «Трагедия – пьесаның әртүрлі бөлімдерінде бөлек қолдануға болатын, көркемсөзбен сомдалған элементтер; толық әрі салмақты ой мен әрекеттің көрінісі; қорқыныш пен қайғының көмегімен рухтың тазалануына арналған сезімдерді баяндау түрінде ғана емес, адамдардың іс-әрекеттері арқылы көрсетуге негізделген эмоциялық арылу...
Көріністердің әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі бар; ол ерекшелік әр нысанда әртүрлі... Трагедия мен комедияның бір-бірінен айырмашылықтары мынада: комедия – ұсқынсыздықты суреттеу (біз бұрмаланған бірдеңені көрсек күлеміз), ал трагедияның негізгі мақсаты – аяушылық, мұң һәм үрей сезімдері арқылы эмоция (катарсис) туғызуды көздейтін байыпты іс- әрекетті бейнелеу.
Трагедияның басты кейіпкері – өзге кейіпкерлердің арасындағы ерекше бекзат тұлға.
Осы орайдағы үшінші бір мәселе әр адамның бұл жайттарды қалай қабылдауына байланысты. Өйткені әр адам түрліше ақпаратты қабылдайды, Осы айырмашылықтар – кейіпкер тағдырының өзгеруі, сюжеттің дамуы, шарықтау шегіне жетуі һәм басты кейіпкердің азап шегуі
– трагедияның құрылымдық ерекшелігін айқындайды».
700 жылдай бұрын адамзат жоғалып кеткен грек жазбаларын тауып алып, грек жобасын қайта жаңғыртады. Қайта өрлеу дәуірінде зайырлы мәдениеттің қайта оралуына орай, ойшылдар әдебиетті әдептілікке тәрбиелеудің формасы ретінде және талдауды қажет ететін бірнеше өлшемді қамтыған мәдени нысан ретінде қайта зерттеуге мүмкіндік алды. Данте Алигьери Қайта өрлеу дәуірінің танымал ақындарының бірі және әдеби мәтіннің әртүрлі мағынаға ие бола алатынын зерделеген талғампаз әдебиет теоретигі де болған. Герменевтика мен жаңаша зерделеуге деген қызығушылық діни мәтіндерді аллегориялық
тұрғыдан зерттеуден туындаса керек, бірақ көп ұзамай бұл әдістер әдеби талдауда зайырлы қолданысқа ие болады.
Данте Алигьери: «Жазбалар, ең алдымен, түсінікті тілде жазылуы тиіс және негізгі төрт түрлі мағынаны қамтуы керек. Алғашқысы – тура мағына. Мұнда сөздер тек тура мағынасында ғана қабылданып, сол мағыналық шектің аясынан шықпайды. Екіншісі – аллегориялық мағынадағы ауыспалы түрі. Бұған ақындардың шығармалары мысал бола алады. Айталық, Овидий шығармасында өзінің кейіпкері Орфейдің ішекті-шертпелі музыкалық аспабының сүйемелдеуімен жабайы аңдарды қолға үйретіп, ағаштар мен тастарды өзіне қарай жылжытқанын суреттейді. Сөйтіп, ол қатыгез жүректі жан дүниені тебірентерлік әннің құдіретімен жұмсартып, ізгілендіру арқылы адамның бойындағы білім мен өнерге деген құштарлығын оятуға болатынын астарлап жеткізеді. Ал өз өмірінен саналы мән-мағына таба алмаған адамды автор жансыз тасқа теңейді. Ойшылдың неліктен бұлай жұмбақтағаны соңғы кітабында көрсетіледі екен. Шынында, құдайшылдар бұл мағынаны ақындарға қарағанда мүлдем басқаша тұрғыдан қабылдайды.
Жан-жақты білім беру жүйесі орныққан Италиядағы Қайта өрлеу дәуірінде адамның танымдық қабілеттерін дамытуға, әдеби теориядан саяси теорияға дейінгі соны ойлардың бірнеше тармақтарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік туды. XVIII ғасырға дейін жалғасын тапқан Қайта өрлеу дәуірі әдебиетінде грек идеялары басым болды, өйткені жастарды тәрбиелеуде, білім беру жүйесінде ескі грек мәтіндеріне баса назар аударылды. Дінбасылары әдебиетті оқу дегеніміз – моральдық тәрбиенің формасы екеніне күмән келтірмеді. Филипп Сидней сынды жазушылар әдебиет шынайы өмірдегі кейіпкерге қарағанда, әлдеқайда мінсіз суреткерлікке бой алдырады деген көзқараста болды. Әдебиет көркем мысалдар арқылы үйретеді.
Осы кезеңдегі эстетика мәселесі төңірегінде туындаған тағы бір пікірталас классицизм деп аталды. Мұндағы басты идея өнер Платон мен Аристотель бекіткен ережелерге сәйкес болуы керек деген ұстанымға құрылды. Аристотельдің өмірді имитациялау тұжырымынан туған мимесис ұғымы жалпы өнер атаулының
барлығы тек шынайы өмірді немесе табиғатты имитациялау негізінде баяндалуы тиіс деген ереженің туындауына себепкер болды. Жазушы табиғатты негізге ала отырып, өз тарапынан көркемсөзге иелік бермей, мүмкіндігінше қарабайыр тілге сүйенуге тиісті болды.
Гуманистік дәуірдің ең жаңашыл ойшылдарының бірі ретінде Джамбаттиста Виконы атауға болады. Оның жаңа ғылымы ХХ ғасырдың тілдік философиясын зерделейді және бұл ұғымның тілдің барлық метафоралық сипатында мойындалатындығын көрсетеді.
XVIII ғасырда жаңа ойлау тәсілі алға шықты, сонымен қатар ол көп жағдайда рационализм деген атауға ие болды. Өйткені ол ақыл-ойдың (сананың) әрекеттерін тұжырымдауға негізделді. Ұтымды идеялар трансцендентті (олар біз күнделікті қабылдайтын қарапайым дүниеден тыс тұрады) әрі әмбебап (олар біздің көз алдымызға жалғыз қызғалдақтың бейнесін ғана алып келмейді, барлық қызғалдақтарға тән ортақ қасиеттерді жинақтап беруге мән береді) болады. Сол себептен Сэмюэл Джонсон сынды теоретиктер әдебиет жеке оқиғалар мен кейіпкерлерді қалай бейнелей алатындығымен емес, «әрдайым ұқсас болатын ортақ трансценденттік шындықтарға» қалай жете алатындығымен маңызды деп пікір таластыра бастады.
Готхольд Лессинг: «Менің пайымдауымша, сурет өнері өзінің құрылымында поэзияға қарағанда мүлдем бөлек әдістер мен белгілерді, яғни уақытқа қатысты артикуляцияланған дыбыстарды емес, кеңістіктегі сандар мен түстерді пайдаланады. Егер уақытқа тиісті белгілер өздері беріп отырған мағынаға тікелей қатысты болса, кеңістіктегі белгілер белгілі бір нысандарды толықтай немесе жартылай сипаттауға негізделген.
Кеңістіктегі нысандар немесе олардың бөліктері дене деп аталады. Сол денелер көзге көрінетін қасиеттерімен қоса, бейнелеу өнерінің басты нысандары да болады.
Бірінің ізін бірі басатын қозғалыстағы нысандар немесе олардың бөліктері әрекеттер деп аталады. Іс-әрекеттер поэзияның басты нысандары болады деуге негіз бар.
Алайда поэзияның символдары тек дәйекті ғана емес, еркін формада да көрініс беретіндігі жайында пікірлер болды; сондай-ақ еркін символдар ретінде олар ғарыштағы денелерді сол қалпында толықтай сипаттай алады.
Әдебиет теориясын кері бағытта қабылдаған француз символистерінің алдыңғы сапында Стефан Малларме тұрады. Бұл қаламгер мінсіз рухани шынайылыққа қол жеткізудегі поэзияның ерекше қабілетіне назар аударды. Поэзия моральдық мақсатқа қызмет еткен жоқ, оған қоса, әлеуметтік қолданысқа да ие болмады. Есесіне, бұл идеалды жаулап алудың айрықша үстем тәсілі болды. Әдебиетте оның шебер қиыстырылған құрылымына, тіліне және мазмұн байлығына зейін аударылуы тиіс. Нағыз табиғи гүлдердің орнына ақынның «барлық гүлшоқтарына тән қасиетті бір гүлге жинақтап суреттеуі» жайында жазады.
Фридрих Ницше өнер теориясына қарағанда өзінің эпистемологиясымен, түбегейлі танымдық теориясымен көбірек танымал болды, алайда «Трагедияның тууы» (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыThe Birth of a Tragedy) (1872) атты) (The Birth of a Tragedy) (1872) атты1872) атты еңбегінде ол трагедия теориясын қарастырып, онда белгілі бір мөлшерде ХХ ғасыр философиясының қайшылықты әрі күтпеген өзгерулер жағдайын алдын ала анықтаған теориясын ұсынды.
. Философтардың көпшілігі сана категориясын қолданып, болмысты болымсыз түсініктегі әлдене деп санады. Алайда Ницше болмысты қалыптасу барысында сипатын анық танытпаған жалынды ағынға көбірек ұқсайтын үдеріс ретінде көрді
«Трагедияның тууы» атты еңбегінде осы философиялық айырмашылық тақырыбына орала отырып, өнердегі аполлондық үдерісті, философиялық ізденіс көзқарасы тұрғысынан танылған тіршілік иесін оқиғадан кейінгі бірлік негізінде дәйектілікпен сипаттайды. Дионистің принципі тұрақтылық пен бірлік принципіне қарама-қайшы сипатта болды, қай нәрсені де уақытша, өзгеріске бейім, қалыптасу үдерісі үздіксіз жалғасады деп тануға шақырды.
Фридрих Ницше: «Дионис әр нәрседен, тіпті ауру-сырқаудың өзінен де ләззат алуға тырысады, осыдан келіп музыка мен трагедиялық аңыздар өмірге келген

XX ғасырдың басындағы орыс формализмі мен америкалық жаңа критицизм пайда болғанға дейін-ақ, әдебиетті зерттеу – тілді зерттеу деген көзқарас қалыпты құбылысқа айналған болатын. Ал әдебиеттанудың жаңа бағыты әдеби туындының пайда болған тарихи кезеңінен бастап, автордың өмірбаянына дейінгі аралықтағы әдебиетке қатысты барлық мәселелерді қамтығанымен, солардың ішінде тілдік зерттеулерге жете мән берілмеді. Әдеби тілдің қызметінен гөрі әдеби шығарманың мазмұны әлдеқайда маңызды болды; XX ғасырдың басында пайда болған аталмыш екі жаңа ағым әдеби зерттеулердің бағыт-бағдарын басқа арнаға бұрды. Біріншісі білім нысандарын еш нәрсемен


байланыстырмай, сол таза қалпы, дербес күйінде бөліп алуға ұмтылған Эдмунд Гуссерль тәрізді философ ғалымдардың ықпалымен жүзеге асырылды. Жастайынан қаламды серік етіп, жазуға машықтанған жас ғалымдар тобы, формалистер, (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыВиктор Шкловский, Роман Якобсон, Борис Томашевский, Борис Эйхенбаум) жиырмасыншы жылдары осы қозғалыстың көрігін қыздырды. Олар үшін әдебиет әлемге зер салатын дүниетаным көкжиегіне жатпайды, ол – философия немесе әлеуметтануға, өмірбаянға да ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән дара жүйесі мен көркем де кестелі бітімі бар өзгеше құбылыс. Әдебиет – әлеуметтік тақырыптарды, философиялық идеяларды немесе ғұмырнамалық ақпараттарды зерделейтін дүниетаным құралы да емес, керісінше, көздің жауын алатын әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін тылсым қабырғаның өзі немесе ондағы жанды сурет. Көркемдік құралдардың құдіреті шындық туралы елес туғызуы яки әйнектен қарағандай әсерге бөлеуі мүмкін. Алайда бұлардың барлығы жан-жүрегіңе қозғау салуға қатысатын құрылымдар әрі әдебиетті әдебиет ететін де тап осылар.

Екінші қозғалыс – «кез келген ақиқат, ғылыми әдістер эмпирикалық дерек-дәйектерге


негізделеді» деген ғылыми тұжырымдаманы теріске шығарған, жаңа эстетика мен өнер философиясын жасауға ұмтылған Бенедетто Кроче сияқты идеалист философтардың талпынысы. Ғылымдағыдай емес, өнерде ғылыми зерттеулерге бағынбайтын әрқилы ақиқатқа қол жеткізуге болады. Себебі ол ғылыми фактілер тілі (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыденотативті тіл) арқылы жүзеге аспайды, тек коннотативті тіл (The Birth of a Tragedy) (1872) аттытұспал, метафора, символизм т.б.) арқылы көрініс табады. Америкалық жаңа критицизм өкілдері (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыКлинс Брукс, Уильям K. Уимсат, Джон Кроу Рэнсом, Аллен Тэйт) осы жаңа эстетикалық философияның ықпалында болды. Олард ың ойынша, әдебиет – әдеттегі ауызекі тілге ұқсамайтын тілдік қолданыстар мен көркем тіл арқылы берілген ақиқат-шындықты сарапқа салатын ерекше өнер.
формалистер әдебиеттің құрамдас бөліктерін талдауға, оның негізгі құрылымдары мен өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне айрықша қызығушылық танытты. Бұлайша талдау прозалық баяндау мен поэзия сынды екі негізгі жанрдағы екі түрлі негізгі формаға мән берді. Біріншіден, баяндаудың әдіс-тәсілдеріне, екіншіден, өлең шумақтарының үндестігіне ден қойды. Формалистер нарративті әдебиеттің басты екі компоненттен тұратынын аңғарды. Ол – осы кітапта баяндалған әңгіменің сюжеті (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыхронологиялық жүйенің реті), көзқарастар мен пікірлердің орналасу тәртібінің тиісті
ережелерге сәйкес келуі мен белгілі бір талапқа сай құрылған тәртіп-ережелердің бірізділігі. Сонымен қатар аталған үйлесімділіктің ұзақтығын көрсететін оқиғаның нақты масштабы да болу керек. Осы қарапайым айырмашылықтың айқындалуы арқасында оқиғаның баяндалу барысындағы ерекшелігін, шығарманың бітімін, ашық бейнелеудегі байсалдылықты немесе бейтараптылықты ескере отырып, нарративті үн сияқты көптеген мәндерді талдауды бастауға болады. Автор ойдан шығарылған хикаяларды, сюжет амалдарын, сюжеттік құрылымдардың үлгілерін қолдана отырып
жазады. Мәселен, «Алқызыл әріп» (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыScarlet Letters) атты романды зерттегенде, ондағы пуританизмнің ) атты романды зерттегенде, ондағы пуританизмнің (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыАнглиядағы XVI–XVII ғасырдағы діни-саяси қозғалыс) не екені адамның ақындық қасиеті туралы әңгіме қозғап, пікір алмасқанда ғана түсінікті, етене таныс бола түседі.
Формалистер поэзияға талдау жасағанда оның ауызекі тілден ерекшеленіп тұратын қасиеттеріне мән береді, жанрда әдеби және қарапайым тілдің арасындағы айырмашылық
анық байқалады. Егер күнделікті тұрмыста ауызекі тіл өзінің қызмет ету (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыграмматика) ережелерін ақпаратты жеткізу мақсатында қолданылса, поэтикалық тілде әуезділік (The Birth of a Tragedy) (1872) аттыүйлесімді дыбыс), ырғақ, аллитерация, қайталану, ұйқас сияқты көркемдік құралдарға ерекше назар аударылады. Бұл, өз кезегінде ақпаратпен байланыс орнататын қарабайыр тілге қарағанда, мүлде басқа ойды меңзеуге қолданылады. Күн райын бақылаушы: «Пиреней түбегінде жауын-шашын оның орталық бөлігіне ғана түседі», – деп айтуы мүмкін; осы ақпаратты «Испаниядағы жауын, негізінен, жазықтыққа түседі»The Birth of a Tragedy) (1872) аттыthe rain in Spain
falls) атты романды зерттегенде, ондағы пуританизмнің mainly) (1872) атты on the plain) деп қолдану тиімсіз, тым орашолақ көрінеді.
Алайда дәл осы құрылымдар поэтиканы ерекше лингвистикалық әрекетке тәуелді етіп, өзіне ғана тән қызмет ету ережелері бар, лингвистикалық тіл ретінде бөліп көрсетеді. Ол грамматикадан өзге тәжірибелік қызметке бағынбайды. Тәжірибелік сөйлеу тілді барынша ықшамдап, ақпаратқа жылдам әрі жеңіл қол жеткізуге жол ашса, поэтикалық тіл қарапайым сөзге қуат беріп, әсерлендіріп, әрлей түседі. Роман Якобсон айтқандай, «ұйымдастырылған мәжбүрлікке» бағындырады, сөздерді саз балшықша илей отырып, дегеніне көндіріп, қарапайым тілді ауыздықтау арқылы
«қалыптасқан поэтикалық сөйлемге» түрлендіреді. Оны ауа райы болжамын баяндайтын нұсқалық сөйлемнен ерекшелейді, яғни поэзияны ауа райына емес, ауа райын поэзияға айналдырады
Формалистер үшін әдебиет өзгермелі нақыштар, қайталанбалы құрылымдар мен қағидаға ұқсас қатынастармен сипатталса да, ол уақыт өткен сайын өзгереді: бір дәуірден екінші дәуірге көшкенде түрленіп, жаңа мазмұнға ие болады. Олар «бұл өзгеріс екі түрлі жолмен жүзеге асады» деп түсіндіреді. Формалистердің пікірінше, әдеби эволюция дегеніміз – қалыптасқан әдеби дәстүрлердің біртіндеп үздіксіз жойылып, туындаған жаңа ережелермен
орнын алмастыруы. Сонымен қатар әдеби өзгеріс – әдеби құрылымдардың жеке эволюциясының нәтижесі.


Пайдаланылған әдеиеттер, сілтемелер:

  1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» Алматы:

  2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия».

  3. https://thelib.info/filosofiya/2949737-d14-gnoseologiya-zhalpy-m-1241-seleleri/

  4. https://baribar.kz/student/22383/filosofiyadaghy-negizgi-maselelerdinh-biri- adam-maselesi/

  5. https://malimetter.kz/filosofiya-turaly-zhalpy-tusinik/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет