Біздің позиция:қостілділіктің қажеттілігі мен біз үшін жағымды жақтарын ашық жеткізу. Тілді білу оңай шаруа емес. Ешкім тумысынан қостілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды
Үкімет
1.Позиция: Біздің позиция:қостілділіктің қажеттілігі мен біз үшін жағымды жақтарын ашық жеткізу. Тілді білу – оңай шаруа емес. Ешкім тумысынан қостілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды. Қазіргі уақытта көп тілді білу – өмір қажеттілігі. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады.
Шет тілін үйрену барысында адам басқа бір ұлттың сөзін, сөйлем құрау тәсілдерін меңгеру арқылы оның ойлау жүйесіне еніп, рухани әлеміне қадам басады; жаңа бір халықтың ұлттық болмысын ашады.
Шет тілінде сөйлеу арқылы сол ұлтша ойлайды; мұның өзі сол ұлтпен іштей жақындастыра түсетін болады. Ең бастысы басқа тілдерді білу адам мен адамды, ұлт пен ұлтты, халық пен халықты жақындастыра түседі.Тіл білуі барысында адамның қарым-қатынас жасау, әлеуметтену, білімін арттыру мүмкіндіктері екі-үш есеге дейін артады. Өйткені әр тіл - өзінше бір тұтас әлем.
Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір әлемнің, әлемдік өркениеттің тағы бір ғимаратының есігін ашып, ішіне кіріп, таныса бастайды. Бірінші кезекте адамның ақпараттық, мәдени және экономикалық кеңістігі кеңейіп, таным-түйсігі арта түседі.
Соңғы кездердегі зерттеулер бірнеше тіл білетіндердің басқаларға қарағанда ұқыптырақ, ойын тез жинақтап айтуға қабілеттірек келетіндігін анықтап жатыр. Оның басты себебі адам бір тілден екінші тілге ойлауға көшкенде, оның миы ақпараттарды шапшаң реттеп, ең маңыздыларын тез іріктеп алуға машықтанады екен.
ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Әрбір адам белгілі бір қоғамда өмір сүре отырып, сол қоғамның сұраныстарына, талаптарына сай өмір сүретіндігі белгілі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан–2050» стратегиясында еліміздің әлемдік интеграцияға кірігуі үшін көптілділікті дамыту міндеті қойылды.
Демек, қостілділік те адамның қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында туындайтын табиғи құбылыс екен. Бұл - қостілділіктің, көптілділіктің пайдалы жағы.
Н.Назарбаевтың – Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында – «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,-деген болатын.