Тарих және геоагрфия апталығының ашылуы
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, ұстаздар, жиналған қауым !!!
Тәуелсіздік бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Осы тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік, азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын, бұралан жолдардан өтттік. Халқымыз батырлығы мен жігерлігі, рухының жоғарылығының арқасында тәуелсіздікке қол жетікізді.
Қазақстан көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мектебімізде дәстүрге айналған тәуелсіздік күні атты айтулы мереке қарсаңында тарих және география апталығы ашылуда.
Апталықтың ашылуын еліміздің тәуелсіздігі, амандығы жолында өзіндік керемет үлесін қосқан керемет тарихи тұлғаға арнаймыз !!!
Ал енді ол кім екенін мына ойын арқылы тауып көрейік !!!
(Сұрақтар қойылады, осы сұрақтар жауабының алғашқы әріптерінен тұлға есімі құралған. Сұрақтардың жауабын тыңдап, алғашқы әріптерінен сөз құраған оқушы жеңімпаз болып танылады )
Қазақтың ұлттық валютасы теңгенің туған айы ? Қараша
ХХ ғасырдың басында ерекше саяси белсенділігімен көзге түскен саяси партия ? Алаш
Байқоңырдан ұшырылатын құрылғы ? зымыран
Босағада тұруға болмайды деген заңдылық не ? ырым
Елбасы тағайындаған, жастардың шетелдерде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламасы қалай аталады ? Болашақ
Қатаған қырғыны қай осы хан есімімен тығыз байланысты. Есім
Мемлекеттің Ата заңы Конституция
Жауабы: Қазыбек
Ол кім ? Би
Қай жүздің биі ? Орта жүз
Бүгінгі апталықтың ашылу тақырыбын осы тұлғаға тектен текке арнаған жоқпыз. Себебі бұл дара да алып, қазақтың тұлғасының туғанына биыл 350 жыл толып отыр. Ендеше назарларыңызға Қазыбектің өмірінен қысқаша қойылым.
ҚОЙЫЛЫМ
Қоңтажы ханның ордасы. Хан уәзірлерімен кездесіп отыр.
Қоңтажы хан. Мына қазақтар хабаршы қылып, бізге қаршадай баласын жіберді. Өзі тайға мінген дейді. Келеке қылғаны, ма, бұ несі? Келекеге келеке деп, келген кісілерді қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді?
Достарыңызбен бөлісу: |