Тарих және геоагрфия апталығының ашылуы



бет5/7
Дата12.12.2021
өлшемі49,35 Kb.
#99902
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
апталық 2020

Бала Қазыбек(Қоңтажының алдына жетіп барып, қасқая қapan тұрып). Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат!

Қоңтажы хан. Әй, өзің жөніңді айтшы, атың кім?

Бала Қазыбек. Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек. Халқым – қазақ...

Қоңтажы хан. Япырмай, даусың қаздың даусындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы.

Бала Қазыбек(аузынан жалын шашып, қайтпас қайсар-лықпен). Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқ-тықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Acқaқтaғaн хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен – арыс-тан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет