Тарих және геоагрфия апталығының ашылуы



бет3/7
Дата12.12.2021
өлшемі49,35 Kb.
#99902
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
апталық 2020

Данышпан сыншы. Мен олардың ішінен сен шошитындай адам көре алмадым, бірақ...

Қоңтажы хан. Байқа, елшілер келгеннен-ақ бақыла деп едім ғой. Олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен? Есіңе түсіріп көрші.

Данышпан сыншы. Бірақ, бір байқағаным, жылқының ішінде көгінде хабаршы болып келген атшы бала жатты. Екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта. Аузынан жалын атқылайды. «Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін. Төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлеуге жараймын. Халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін» деп жатқандай екен.

Қоңтажы хан. Ақылгөй қариям, сен ақылыңнан шатасып тұp-ғaн жоқсың ба? Ол өзі бала болса, өзі аттардың арасында жатса, одан несіне қорқамыз? Қой, бұларды қаңтарып қоймайық, бәрін де ордаға шақырыңдар. Сөзден де, үкімнен де жеңіп, аттарына теріс мінгізіп жіберейік.

Абыз ата. Қоңтажы ханның жігіттері қазақ елшілеріне келіп: «Хан шақырып жатыр. Сөзге, сөз сөйлеуге дәмелілерің, қалмаң-дар!» – деп шақырып кетеді. Қазыбек те аттардың арасында қалмай, хан ордасына барады. Хан тісін суытып, ашулы жүзбен, мұртын тікірейтіп, сөз бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет