3-курс студенті сарсенбай гүлмарал әбілқайырқызы



Дата08.04.2020
өлшемі21,4 Kb.
#61967
Байланысты:
Бала арманы. Гулмарал

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

3-КУРС СТУДЕНТІ САРСЕНБАЙ ГҮЛМАРАЛ ӘБІЛҚАЙЫРҚЫЗЫ

Бала арманы

Қарт Қаратаудың етегінде орналасқан, менің кіндік қаным тамған туып өскен жерім Майдантал ауылына қарасты, алты шақырым жерде Қаражон ауылында нағашы жұртым ежелден мекендеген еді. Жыл бойы жазғы демалысты асыға күтіп ауылға бәріміз жиналуымыз, жыл сайынғы дәстүрге айналған. Күн сайынғы дағды бойынша, таң ертең ерте тұрып апамыздың таңдырға жапқан ыстық нанына қолдың майын жағып, сүт ішіп ойынға шығамыз. Үй артында артизаннан тоқтаусыз су ағып тұратын еді. Ал күн ауған шақта үй іші толық ұйықтауды әдетке айналдырған, балалар бір бөлмеге жатып ұйықтаған кейіп танытамыз, үлкендер қалың ұйқыға кеткенін күтіп, ақырын шығып артизанға тартамыз. Үйдеглер оянғанша суға түсіп алып, айранымыз бен нанымызды жеп кеш қарайғанын күтеміз, қызықтың бәрі кеш түскенде басталады.Апалар мен жеңгелеріміз де дәл осы сәтте Шехризат пен Онур не болды?, кеше көре алмадым деген әңгімелері де осы сәтте басталатын. Өрістен малды күтіп алуды біз балалар асыға күтеміз қораның алдына тізіле тұрып сапқа бөлініп, сен оң жақтан, сен сол жақ деп өзімізше бөлініп алып қораға жүгіріп қамаймыз.Одан соң міндетті түрде апам:

- Әй, ауқатқа келіңдер!, деген дауысын естей сала, жарыса жүгіретінбіз, далада тал астында, ошақ қазанға пісірілген тамақ пен самаурынның шайына не жетсін шіркін! Таласып тармасып жеп, асығып тұрып кетеміз де, түгел атамыздың күні бойы мініп келген ешегіне жармаса қаламыз. Қызықтың көкесі мынау, ауыл маңында егістік алқабы болатын қауын, қарбыз,мақта секілді егін еріп ауыл адамдары күнелтетін. Бір күні өзіміз ұйымдасып қарбызға барымтаға түспек болдық, егер қолға түссек өз атамыздың атын мүлдем айтпаймыз,(Уалихан, Тұрсынәлі, Өмен) қаладан келген немересімін деп келісіп, барымтаға түсіп, қолға түсіп әшкере болған күніміз де болған.

Үйде адам көп болатыны соншалық бір кроват (кереует) сыймаймыз, екеу болатын біреуі темір, екіншісі ағаштан жасалған. Ағаштан жасалғанға балалар жатқымыз келмей темір кереуетке таласамыз. Ауылда үйде жалғыз өрік тал болатын, көңілім түсіп жабыққан сәтте талдың үстіне шығып ұзақ ой түбінде отыратынмын.

Осындай қарбалас күндердің бірі болатын. Күн ұясына батып жатқан сәт, қып-қызыл түске боялып айналаны ымырт басып жатқан кезі, үйдегілер түгелімен теледидар алдына жайғасқан «Мың бір түн" түрік сериалын балаларға дейін тамашалауда. Сыртта шегірткенің және бақаның бақылдағаны мен амалдардың мәңірегені, одан соң көрші Рақия жеңгенің дауысы еміс-еміс естіледі. Осы көріністі сырттай тамашалап ұзақ отырдым, кенет қасыма атам жайғасып әңгімесін бастап кетті:

- Анау, көрініп тұрған «Шашты ана» кесенесін білесің бе?, деп сұрады

Мен атама таңырқай қарап, кенеттен неге олай сұрады екен деп, бірден:

- Жоқ, деп жауап бердім. Атам өзі кітапты көп оқитын, аңыз әңгімелерді, әулие әпсаналарды жатқа білетін кісі. Менің де қызығушылығымның барын білсе керекті

- Ендеше тыңда!, саған бір аңыз айтып берейін, деп әңгімесін бастап кетті

VI-VII ғасыр шамасында Ислам діні енді келіп жеткен уақытта осы маңда Құрышхан және Шашты ана мекен еткен екен. Бұл ерлі зайыпты дәулеті мен сәулеті жарасқанымен бір перзентке зар болыпты деседі. Шашты ана өзі сұлу шашын ешқашан қырықпаған шашы өте ұзын болған екен.Құрышхан өз дәулетіне еге болатын АЛЛАҺтан бір перзент сұрап тілегі орындалып Шашты ана құрсақ көтереді. Айы күні жетіп Шашты ана босанады, бірақ қалыпты сәби емес мес туады.

- Ата, мес деген не?, деп сұрадым

- Мес деген қарын, деп қысқа қайырып әңгімесін жалғастырды

Содан мазасызданған Құрышханның түсіне Қыдыр ата кіріп аян береді

- Бұл бала қасиетті бала, месті 41 күн бойы жармаңдар өзі күні жеткенде шығады, әзірге көтеріп жүре беріңдер, деп бұйырады. Солай месті көтеріп жүргеннен жалыққан ана Қаратау маңындағы өзенге келіп:

- Сені қашанғы көтеріп жүре береміз, не сөйлемейсің, не күлмейсің, не жыламайсың деп тұрғанда мес қолынан түсіп 41 күннің 40шы күнінде жарылып ішінен нұрлы жүзді, аса таяғы бар бала шығады. Бірақ бала қаша жөнеледі, ата-анасына біз бұл өмірде бірге бола алмаймыз, арғы өмірде жолығамыз деп айтады да үңгір ішіне кіріп шықпай қояды. Міне қызым қазақта «қырығына шыдап, қырық біріне шыдамады" деген сөз осы аңыздан қалған екен деді.

- Ата, ол үңгір әле де бар ма?, деп сұрадым

-Иә, әрине ол үңгірден қазіргі таңға дейін су атқылап тұрады, сарқырама іспеттес. Ол Жылаған атаның көз жасы деген сөз ел арасына таралған. Бұл жерге зиярат етіп келушілер, Сарқыраманың аққанын көргісі келеді, десе де сарқырама үнемі ағып тұрмайды, Құран оқыса, сондай ақ шынайы ниетте келсе бірден үңгірден су сырқырап аға түседі екен.

Осы Жылаған атаның анасы Шашты Ананың кесенесі міне біздің ауылда орналасқан деп маған қолымен нұсқап көрсетті, біздің ауыл киелі аймақта орналасқан деп мақтанышпен айтқаны мен атамның ішінде бір әттеген айы бар екенін байқадым.

-Ата, мен «Шашты-Ана» кесенесіне барсам болады ма?, деп қиылып сұрадым, атамда менің қызығушылығыммен таңданысымды көз жанарымнан ұққандай көрінді…жай ғана басын изеп кете барды. Ел ұйқыға жатқанша ой толғаныста жүрдім, бар ойым таң атса кесенеге қарай жолға шығу.

Таң атты. Таңғы асты ішіп, сөмкемізге айран, нан,су салып жаяу жолға шықтық. Көп ұзамай әңгімені арқау етіп жетіпте алдық. Сөмкемізден орамалымызды алып, басымызға тағып,аласа ғана кесенеге кіріп құран оқып шықтық, бірден кесене алдында бұлақ көзі бар екенін көзім шалды, жердің астынан қалай екені белгісіз су шығып жатқанын көріп таңдана да тамсана да қарадым, бұл да Шашты-анамыздың көз жасы шығар деген ойға келдім. Барлығымыз су ішіп алып, үлкен талға жақындадық ауыл адамдары «Арман ағашы" деп атап кеткен бұл талға арман тілегіңді айтып бір орамал сынды нәрсе байласаң, арманың орындалады деген аңыз әңгіме бар деседі әпкем. Менде кесене маңына қарап, өз тілегімді айтып «Бісіміллә" деп байқадым.

Тал түбіне жантайып, айналама қарап ұзақ ойланып, көзіммен көргеннен соң атамның әттеген айын түсінгендей болдым. Қоршалмаған, ескі аласа кесене жөндеу жұмысын мүлдем көрмегені көрініп ақ тұр, төрт түлік малдың, кесене жанында жайбарақат жайылып жүргенін көргенде, көзіңнен еріксіз жас тамады. Қараусыз қалған кесене маңайынан адам баласынан гөрі, ессіз қойлардың қарасы көп екенін байқайсың.

Ол кезден бері сегіз жыл өтті. Балалық шағымдары «Арман ағашы» ,на байлаған қызыл орамалым әлі де бар ма екен?, ал арманым орындалды ма?, жоқ әлде баз баяғы қалпында ма?, Асыл құрсақты «Шашты-Ана» күмбезі қашан жарқырайды екен, деген бала арманы сол жерде қызыл орамалмен бірге қала берді.



Атамның осы аңыз әңгімесін қанша рет тыңдасамда жалыққан емеспін, тіпті қазіргі таңға дейін отыра қалып тыңдаймын. Бұл аңызды қарт Қаратау етегінде тұратын әр бір адам біледі. Ал сіз білесіз бе?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет