Біздің позиция:қостілділіктің қажеттілігі мен біз үшін жағымды жақтарын ашық жеткізу. Тілді білу оңай шаруа емес. Ешкім тумысынан қостілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды



бет3/4
Дата02.12.2022
өлшемі20,75 Kb.
#160889
1   2   3   4
Байланысты:
дебат аянат

Позициясы: Біз Үкіметтің тарапынан айтылған позициясын мұқият тыңдап, толықтай түсіндік. Ал енді біздің позициямызды ашық атап кетейін. Біз қостілділікті қолдамаймыз, керісінше оның ана тілімізге деген кері әсерлерін айтамыз. Әрине, қостілділік ол заман талабы болып табылады, бірақ ол заман талабының артында еліміздің ауыр тарихы да жатыр.
Ал тарихымыздың ішіне ана тіліміздің қалыптасуы да кіреді. Ата-бабамыздың аманаттап кеткен тіліміздің, бай мұрасын жалғастырып , мәртебесін көтеру –бізге міндет. Бүкіл қазақ халқының тағдыры саналатын тіл тағдырына алаңдауға біздің толықтай негізіміз бар. Өйткені тіл әр елдің ділі, рухы, ұлттық болмысының жиынтық көрсеткіші.
Мысалыға, Алпауыт мемлекеттер Польша, Германия, Франция немесе Ресейде ана тілдерінің ертеңіне алаңдамайды. Себебі бұл елдерде ұлттық әдебиет, мәдениет, білім мен өнер өз тілдерімен біте қайнасып, айырылмастай тұтастық орнаған. Ал біздің қазақ тілі үшін мұндай дамушы мемлекеттердің дәрежесімен теңесу үшін көп жұмыс жүргізіп,еңбектену қажет.
Қазіргі қоғамдағы жағдайларды айтайықшы. Қоғамда кішкентай балалардың өзі кіші кезінен ұялы телефондарды қолдану арқылы, өзге тілдегі әртүрлі мултьфильмдер мен видеожазбаларды қарап, есіне сақтап алады. Соның кесірінен қазақ тілі жетік білетін балалар өте көп. Әрине де бұл ата-ана тәрбиесімен тікелей байланысты. Ата-ана балаға кіші кезінен ана тілін үйретуі тиіс. ? Балаларымызға басқа тілде тәрбие мен білім бергеніміз қасиетімізден айырып, қасіретімізге айналғанын әлі толық сезіне алмай отыруымыз, тағы да өзге тілдер мен өзге мәдениеттер етегіне жармасып жатуымыз – біздің бүгінгі шынайы бет-бейнеміз. Сол бет-бейнемізді бүркемелеген сайын бет-аузымыз қисайған үстіне қисая беретінін ұмытпаған абзал.
«Елу жылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. А. Байтұрсыновтың «Бала ең алдымен, өз ана тілінде ойлауы, сөйлеуі, білім алуы шарт»
Асан қайғы біркезде «Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қадірін не білсін? Қырда жүрген дуадақ, Су қадірін не білсін?» деп ұлт мәдениетінен сусындап, ана тілінің уызына жарымаған ұрпаққа алаңдап, қазақ тілін қастерлеп, оның қасиетін қайдан ұқсын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет