Тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары



Дата08.07.2018
өлшемі18,71 Kb.
#48568
     Тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары.

        Мақсаты: 1.Оқушылардың білімін арттыра отырып,жануарлардың көртүрлілігі

туралы түсінік қалыптастыру.Жануарлардың топтарға бөліну

ерекшеліктерін түсіндіре отырып,білімдерін  тереңдету.

2.Логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа,танымдық

қабылдауын арттыруға дағдыландыру.


3.Табиғатты,жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

        Көрнекілігі: Белсенді тақта,тағам түрлері.

        I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.


        II.Өтілген материалдарды бекіту.

-Балалар,кәне  бәріміз еске түсіріп көрейікші.Жануарлар қандай топтарға бөлінеді.

        СЛАЙД   1.
-Бунақденелілер,жорғалаушылар,құстар,қосмекенділер,сүтқоректілер,балықтар.
-Дұрыс айтасыздар,мына суреттегі жануарлар қай топқа жатады?
-Бунақденелілер (көбелек,бал арасы)
-Кім маған бунақденелілер туралы қысқаша түсінік бере алады?
         ОҚУШЫ.
Бунақденелілер-басқа жануарлардан негізгі ерекшелігі-денесі 3 бөліктен
құралады.Олар: бас,көкірек,құрсақ.Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты .
Басым бөлігінде қанаттар болады.
-Ал мына жануарлар қандай топқа жатады?
-Балықтар(балықтардың суреті)
-Балықтар туралы не білеміз?
         ОҚУШЫ.
Балықтың денесі 3 бөліктен(бас,кеуде,құйрық) тұрады.Бір-екі жыл тіпті жүз
жылға дейін тіршілік ететін балықтарда бар.Балық- адам үшін қажетті билокқа
бай тағам көзі.
         МҰҒАЛІМ.
         Балықтардың жиырма мың түрі бар.Олардың айырмашылығы жүзеді.
-Мына жануарлар қандай топқа жатады?
-Қосмекенділер (бақа,пингвин)
-Қосмекенділер туралы не айта аламыз?
         ОҚУШЫ.
        -Қосмекенділердің сумен тығыз байланысы,сонымен қатар олардың
дернәсілдерінің құрылысы мен тіршілік етуі,бұл жануарлардың балықтан
шыққандығын көрсетеді.
        МҰҒАЛІМ.
        Қосмекенділердің 4000 түрі бар.Олардың айырмашылығы құрлықта да,суда да
тіршілік етеді.
-Келесі суретте қандай топ?
-Жорғалаушылар.(ЖЫЛАН,КЕСІРТКЕ)

-Жорғалаушылар туралы не білеміз?


        -ОҚУШЫ.
-Жорғалаушылар теңізде ,тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді.Бауырымен
жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді,ірі жұмыртқаларын құрлыққа
салады.
        МҰҒАЛІМ.
        Жорғалаушылардың 8000 түрі бар.Олардың айырмашылығы бауырымен жорға-
лайды.
-Келесі топ-Құстар.(Әр түрлі құстардың суреті)
        ОҚУШЫ.
-Құстар-мекен ететін орындарына қарай орман,ашық дала,батпақты-шалшықты
және су құстары деп бөлінеді.Алғашқы құстардың дене тұрқы 1м 80см-ге дейін
жеткен.Құстар үйқұстары және жабайы жануарлар болып бөлінеді.
         МҰҒАЛІМ.
         Құстардың 8600 түрі бар.Айырмашылығы ұшады.
-Міне,балалар,өздерің атап көрсеткендей өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі   болып келеді.Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп.Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2млн-дай түрі белгілі болды.”Жануар” сөзі парсының”ДЖАН-ДЖАНВАР” қазақша жануар әлемі,яғни тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.Тірі мақұлықтардың басқа тірі табиғат иелерінен айырмашылығы,олар бір-бірін қорек етеді.
СЛАЙД2.
Ойын “Кім батыл?”
Міне аш жолбарыс орман іші тасада жатып,өзінің қорегін аңдып жатыр.Ол түлкіні көріп бұқпантайлап,түлкіге қарай  бас салғалы жатыр.Кәне,кімнің қолынан қандай көмек келеді.?
Балалар түлкіні  жазық далаға, қоянды бұтаға,керікті орманға, құсты аспанға қашырады.
-Біз батылдығымыздың арқасында жануарларды жолбарыстың тырнағынан құтқардық.Бірақ біз оларға үнемі көмектесе алмаймыз.Кейбір жануарлар өз жаулары-
нан қорғана алады.Қалай қорғанады?
III.Үй тапсырмасын сұрау
“Сақтандырғыш рең ” мәтінінің мазмұнын 2-3 оқушы айтып береді.
IV.Жаңа сабақ.
-Мәссаған,балалар,мына шулаған дыбыстар нелердің даусы?
-Үй жануарларының
СЛАЙД 3. Үй жануарлардың суреті.
1.Үй жануарлар туралы түсінік беріледі.
2.Үй жануарлары туралы өлең,мақал,жұмбақ,жаңылтпаш,тыйым сөздер айтылады.
3.Үй жануарларынан алынатын өнімдер мен тағамдар туралы мысалдар келтіріледі.
-Қазы-қарта жылқы жануарынан алынады.Қазақта “Жылқы- ер қанаты”  деп тегін айтылмаса керек.Біз кеше ғана бәріміз жақсы көңіл күймен жылқы жылын қарсы алдық.Халқымыздың жылқыға деген құрметі ерекше.Түрлі спорттық ойындар-ат бәйгесі,қыз қуу аударыспақ,көкпар,осының дәлелі емес пе.
Қазір бізде “Ат бәйгесін” ұйымдастырамыз.Мәреге қыздардың ұлдардың атының қайсысы бұрын жетеді?
СЛАЙД4. Ұл мінген және қыз інген 2 ат және мәре сызығы.
Оқушыларға сұрақтар қойылып,жауаптар алынады.
Сұрақтар:
1.Тірі табиғатқа қажетті бес жағдайды ата.
2.Өсімдіктің мүшелерін ата.
3.Көк жиек деген не?
4.Сурет пен сұлба деген е?
5.Ауаның қасиеті.
6.Судың қасиеті.
7.Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарлар қалай аталады?
СЛАЙД  5. (Жабайы жануарлар суреті)
Жабайы жануарлар туралы түсінік беріледі.
-Балалар,біз жабайы және үй жануарлары  туралы білетіндерімізді ортаға салдық.
Ал оқулық бізге қандай мәліметтер береді екен.?
V.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді шынжырлап,дауыстап,мәнерлеп оқыту.
-Оқушылар,біз кітап оқып жатқанда аю,түлкі,ат,тиін,арыстан,арқар сияқты жануарлар
өз мекенінен адасып қалыпты.
Ойын “Мекені қайда?” 
СЛАЙД 6.

Ат                                         орман                              тиін


Аю                                          тау                                арқар
Түлкі                                    ағаш                               арыстан
апан
ін
қора
VI.Қорытынды.
СЛАЙД  7.
Сонымен

   ЖАНУАР

                Ауа,су,жылу,жарық,қорек

      Өседі,өледі,қоректенеді,тыныс алады,көбейеді.



                Адам өміріне қажетті маңызы зор.

-Адам өмірін үй жануарларынсыз елестету мүмкін емес сондықтан да жануарларды
табиғатымызды аялап қорғайық.

VII.Үйге тапсырма.Мәтінді оқып әңгімелеу.Қалаған жануарларының суретін дәптер-
ге салып,сипаттау

VIII.Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет