Тақырыбы. Жапония 1918 – 1939жж.
1. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапон капитализмі Жапон мемлекеті шығыс Азияда орналасқан, төрт ірі аралдардан тұрады – Хоккайдо, Хонсю, Сикоку және Кюсю. Жер көлемі – 372,2 мың км2 , халқы – 130 млн. (2006ж) 99 % -Жапондықтар, астанасы – Токио (25 млн. ад. Тұр 2008ж қараша)мемлекеттік тілі – жапон тілі, ең негізгі діні – синтоизм және буддизм ақшасы – иен, дамыған 50 елдің ішінде – 3 орын. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Жапония экономикалық жағынан күшейіп, дамыған капиталистік елге айналды. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары қарыштап өсе түсті. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды. Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдунь түбегін, Тынық мұхиттағы Карамен, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бағындырыпалды. Ресейдің құрамындағы Приморье 1922 жылға дейін, ал Солтүстік Сахалин 1925 жылға дейін Жапония қарамағында болды. АҚШ пен Қытай көнгісі келмеді, тоқыма өндірістік фабрикаттар, фирмалар, мұнай Жапон технологиясы капитализмді бақылайтын және дамытты. Елде 1924 – 1932 ж. Сэйюкай, Минсэйта, Кокусин, Курабу сияқты саяси партиялар елдің капитализмін дамытты.
2. Жапонияның кеңістік Қиыр Шығыстағы агрессиялық саясаты – азия Мемлекеттерін жаулап алып өзіне бағындыру саясатын ұстанды, елдегі императорлар жапонияның экономикасын толыққанды дамыту салалары Қиыр шығысмемлекетінде жүргізген саясаты ықпал еткен болатын. 1915ж. Шандун правинциясын 1931ж. Маньчжур провинцияларын басып алуы Жапон мемлекетінің агрессиялық саясатын жүргізді. 1917ж. Қытайға 626 банк салығы 222 зауыт фабрикасы 26 жеңіл кәсіпорындары және 13 көмір шахты бассейні 22 Қытайдың ұлттық капиталына үлес қосатын модернизация мануфактуралар енгізіп Жапон мемлекетіне салық түсіретін инвестициялық саясат экспорттық рыногтық тауар бұйымдарын кірістіру арқылы Жапония ХХ-ХХІ ғ І ширегінде агрессиялық саясат арқылы алға итермелеген дамыған елдердің біріне айналды. Қиыр шығыс мемлекеті үшін көлемді қаржы аударып отырды.
3. 1921 жылғы Вашингтон конференциясы – Германия және оның одақтастарымен жасалған бітім шарттарын теңіз қару-жарақтарын шектеу, Тынық мұхиты және Қиыр Шығыс мәселелері бойынша шарттармен толықтыру қажет болды. АҚШ үкіметі осыны іске асыру үшін Вашингтонда Конференция шақырылды. Конференция 1921 жылдың 11 қарашасынан 1922 жылдың 6 ақпанына дейін өтті. Оның құрамына тоғыз елдің – АҚШ, Англия, Франция, Португалия, Қытай, Жапония, Бельгия, Голландия, Испания және т.б. конференцияға Кеңестік Ресей мен Қиыр Шығыс мемлекеттері шақырылмады. Вашингтон конференциясында теңіз қару жарақтарын қысқарту туралы шарт қабылданды. Осыған сәйкес 35 мың тоннадан астам салмақты кемелерді жасауға тыйым салынды. Мұндай кемелерді жасауда АҚШ-тың шамасы жоқ емес, тек Панама каналы арқылы мұндай кемелер өте алмайтын еді. Салмақты кемелерді жасауға тыйым салу АҚШ үшін тиімді болды. Конференция АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия үшін кемелердің үйлесімді шамалары белгіленді, «ашық есік» және «тең мүмкіндік» ұстанымдарын басшылыққа алуды ұсынды.
7. Жапон мимитаризациясы - Өнеркәсіптің ең аса маңызды салаларына ең ірі концерндер – Дзайбацу қожалық етеді. Дүние жүзілік соғыс жылдарында Менцун, Мицубиси, Сумитамо, Ясудо концерндері ұлттық байлықтың 40 % астамын бақылап отырды. Жапон мимтаризациясының басты тірегі болған – дзайбацу елдің бүкіл ішкі және сыртқы саясатына бағыт беріп отырды. Соғыс жылдары экономиканың өте мөте құлдыраған кезең туған еді, жалпы осы Кризистен құтылған дзайбацу Жапонияның ең ірі моноплиялық бірлестігі болды, жалпы ел экономикасын бақылап отырды. Трестердің 70 % дзайбасудікі болды. Мицубиси концерні меншігінде ауыр өнеркәсіптің соғыс авиация өнеркәсібінің соғыс және сауда өнеркәсіп кемелері және басқада техникалары болды. Сумитано концерні ауыр өнеркәсіп, соғыс өндірісі Кеме жасау саласында Мицубисимен бәсекелес болды. Ясуда, Окуро Концерндері және басқалары Жапон Мимитаризмінің тірегі және оның агрессияшыл тізе бүккеннен кейін, американың окупациялық өкімет орындары дзайбацуды Жоюға заң шығарса да, іс жүзінде оларды сақтап қалды. Жапония монополиялары дүниежүзілік рыноктарға өтіп алып, американ және ағылшын компанияларымен бәсекелесін жалғастыруды жүргізе білді.
9. Үштік пактінің құрылуы. Жапон фашизмнің ерекшеліктері. 27 қыркүйек 1940 жылы Берлинде Германия, Италия және Жапония арасында соғыс – саяси одақ туралы жасалған, дүниежүзілік екінші соғысты бастаған фашистік агрессорлар одағын біржолата қалыптастырған шарт. Жапония «Ұлы шығыстың кеңістікте», ал германия мен Италия – Европада «Жаңа тәртіп» орнатуға басшылық етуге тиісті болды. Үш державаның пактісіне бірінші болып 20 қараша 1940ж. Румынияның 23 қараша 1940ж. Болгарияның 1 март 1941ж. реакцияшыл үкіметтері қосылды. Бұдан кейін пактіге Франция, Испания, Тайланд, Хорватияның (Европада) Маньчжауго және Ван Цзинвейдің (Қытайда) құрмақ үкіметтері қосылды. Үш державаның пактісімен құрылған фашистік агрессорлар тобы дүниежүзілік екінші соғыста жеңілуі нәтижесінде толығымен күйреді. Пактінің басқыншылық сипаты ойдан анық болған оған қатысу аймағында ықпалын анықтап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |