Тақырыбы: Жиынтық бағалау және оның түрлері



Дата25.05.2022
өлшемі23,38 Kb.
#144890
Байланысты:
БӨЖ(11)
13 апта, Документ (3), Бөж 1

Қожа Ахмет Ясауй атындағы халыққаралық қазақ-түрік университеті.

БӨЖ


Тақырыбы: Жиынтық бағалау және оның түрлері

Орындаған:Қырғызбай Н


Қабылдаған: Дайрабаева Г
Тобы: МДШ 912


Оқушылардың үлгерімін бақылау тоқсанның соңында оқу материалдарының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және тіркеп отыру үшін тақырыптық жиынтық бағалау түрінде оқытушылар жүзеге асырады.


Бөлім / өтпелі тақырыбы бойынша алынатын жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша (бұдан әрі - БЖБ) оқушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін баллдар қойылады.
БЖБ тоқсанның екінші жартысында бір рет, оның аяқталуынан кемінде екі апта бұрын, тоқсанның бір бөлімін (тақырыпты) өту барысында өткізіледі. Оны екі кезеңде өткізуге рұқсат етіледі.
Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:

  • 43,11 = 43 

  • 43,31 = 43

  • 43,52 = 44

  • 43,81 = 44

Мысал: журналда 64,5-ке тең ТЖБ мен БЖБ математикалық дөңгелектеуде үтірден кейінгі сандар есепке алынғандықтан 65-ке тең болады

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу. бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейі мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады




















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет