Тақырыбы: КИІЗ ҮЙ- АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы,көшпелі тұрғын үйі.Ол —көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстанның жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.
Киіз үй түрлері: Киіз үйлер қазақы және қалмақы деп екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді.
Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
Алтын Орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттантұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй.
Ақ Орда – 12 қанаттан тұратын үй.
Ақ Ала Орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар үйі.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрек , қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері. Ақтағыр - 2 қанатты, 2 үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.
Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет.
Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді.
Киіз үй құрамы: Шаңырақ- киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оныңпішіні күмбезтәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.
Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қарай бағытталады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.
Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Киіз үйндің негізгі бөлмелері:
Төр – мұнда жүк жаналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғарғы әрі қымбатты орыны деп саналады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік ыдыс аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Оң жақта - (кіргенде сол жақ) балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киімдер ілінеді.
От орны қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
Киіз үй жиһаздары:
Абажа - ас, тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі.
Абдыра - киім-кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.
Ағаш төсек - жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.
Адалбақан - киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз.
Жозы - жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.
Сандық - әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.