Тақырыбы: Мариан шұңғымасы Сабақтың мақсаттары



Дата13.12.2021
өлшемі390,9 Kb.
#125053
түріСабақ
Байланысты:
0004fa6c-e3aadde5
Сабитбекова К самоанализ математика

Тақырыбы: Мариан шұңғымасы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларға мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік бере отырып, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын және шаруашылықтағы алатын орны жайлы түсінік беру

 2.Дамытушылық: Картамен, атласпен, кескін картамен, оқулықпен, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге дағдыландыру.



3. Тәрбиелік Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздылыққа, саналылыққа, уақытты үнемдеуге, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: СТО,Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дж. Физикалық картасы,Атлас , кескін карта,

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

10

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

8-10

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеу,топқа бөлу, зейіндерін тұрақтандыру.

Үй тапсырмасы:

  1. Оқушылардың атлас, кескін карталарын, тапсырмаларын тексеру

  2. Гидросфераның бөліктерін картадан көрсету?

  3. Гидросфера туралы түсінік бер?

  4. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?

Жаңа тақырып: Оқушылар топ ішінде түсініктерін қорғайды. Мұғалім кейін қосымша мәліметтермен толықтырады.

Дүниежүзілік мұхит» терминін алғаш ғылымға енгізген Ю.М. Шокальский (1917). 
Жер бетіндегі барлық құрылық бөліктерін қоршап жатқан су кеңістігін Дүниежүзілік Мұхит деп атайды. Оның ауданы 361 млн км2. Жер бетінің 71%-ын құрайды. Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ын алып жатыр. 
Дүние жүзілік мұхиттың орташа тереңдігі – 3711 км, еңң терең жері 11022 м м (Мариан шұңғымасы). 

Мариана шұңғымасы — Тынық мұхиттың батысындаМариана аралдарын бойлай 1340 км-ге созылып жатқан тар депрессияТабаны тегіс, ені 1 — 5 км. Орташа тереңд. 8 — 11 км. Ең терең жері — оңт. бөлігінде 11022 м. Бұл дүниежүзіндегі мұхит бойынша ең терең жер. Оны 1958 ж. кеңес ғалымдары «Витязь» кемесінде ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізгенде анықтаған.[1] Мариана шұңғымасының тереңдігі 11022 метрге дейін жетеді: ол Мариан аралдарынан Шығысқа және Оңтүстікке 11°21'0" Солтүстігінде және 142°12'0" Шығысында орналасқан. Ұзындығы 2000 километрды құрайды. Оның түбіндегі қысым 108.6 MPa, бұл Әлемдік мұхит деңгейінде қалыпты атмосфералық қысымнан 1000 есе көп. Алғашқылардың бірі болып, швейцариялық физик Огюст Пикар өзі құрастырған старостатпен 1931 жылы 14 780 метрге және 1932 жылы 16 370 метрге сүңгіді. Содан соң өзі құрастырған батискафпен 1948 жылы 1380 метрге және 1953 жылы 3160 метге сүңгіді. Бұл батискаф Триест деп аталды. 1960 жылы Пикар және АҚШ ӘТФ летейнанты Дон Уолш 11022 метр тереңдікке сүңгіді, бұл абсолюттік рекорд болып табылады. Сүңгу 5 сағатқа созылды, көтерілу 3 сағатты алды. Олар шұңғымада 12 минут болды. Бұл сүңгудің ең маңызды жаңалықтарының бірі мұндай тереңдікте жоғарыұйымдастырылған тіршілік бар екенін анықтау болды
Тынық мұхит (Ұлы  мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер  бетіндегі ең үлкен мұхит. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен 178,620 млн км² (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған "Тынық мұхит" деген ат берді. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері - Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Әлемдегі ең терең су астындағы шұңқыр Тынық мұхитында екені белгілі. Ол жақын маңдағы Мариан аралдарының атымен аталады. Шұңғыманың тереңдігін 1875 жылы британдық «Челленджер» кемесінің көмегімен анықтаған. Түпсіз тұңғиыққа алғаш рет 1960 жылдың 23 қаңтарында «Триест» батискафымен швейцарлық ғалымдар Жак Пикар мен Дон Уолш түсіп, әлемдік рекорд жасады. Олар 10 911 метр тереңдіктегі су түбіне жетті.


«Триест» батискафын әлемде алғаш жасалған FNRS-2 батискафының үлгісімен швейцарлық ғалым Жак Пикар жасады. Италияның Триест қаласында жасалғандықтан батискафқа осы қаланың аты берілді. 1953-1957 жылдар аралығында Жерорта теңізінде батискаф бірнеше сынақтан өтті. Ол кездегі рекорд – 3150 метр ғана болыпты. 1958 жылы су астын зерттейтін құралды АҚШ Әскери-теңіз күштері сатып алды. Енді екі жылдан кейін осы батискафтың көмегімен әлемдегі ең терең шұңғымаға адам аяғы жетті.
Бекіту: «Сандар сөйлейді» ойыны
361 млн км2, 92 млн км2, 11022 м, 180 млн км2, 8742 м, 5527м, 75 млн км2, 7729 м, 14 млн км2
«Ең, ең, ең...» ойыны
Ең үлкен материк. Еуразия
Ең үлкен мұхит. Тынық
Ең терең шұңғыма. Мариан
Ең суық мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең таяз мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең жылы мұхит Үнді мұхиты
Ең терең мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең ұзын мұхит Атлант мұхиты
Ең енді мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші материк Австралия
Қорытынды:Біз бүгін Мариан шұңғымасымен таныстық

Бағалау:


Үй тапсырмасы

Жаңа тақырып

Картадан табу

Сұрақтар

2ұпай

2ұпай

2ұпай

2ұпай

Үй тапсырмасы: Мариан шұңғымасы туралы мәліметтер топтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет