Тақырыбы: «Менің Мұқағалиым» Ашылуы: Мәңгілікке өзімен ала кеткен



Дата21.11.2016
өлшемі111,12 Kb.
#2258
Тақырыбы: «Менің Мұқағалиым»

Ашылуы: Мәңгілікке өзімен ала кеткен,

Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
Кештің мақсаты:

  1. Оқушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылығымен кеңірек таныстыру.

  2. Ақынның сөзіне жазылған әндерді оқушылардың назарына ұсыну.

  3. Оқушыларды Отанын , елін, жерін сүюге, өлеңді бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілік: Мұқағали Мақатаевтың портреті, өлеңдер жинақтары,нақыл сөздер , буклет.

«Жыр басы Қарасаздан басталған М. Мақатаев бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады»

«Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің , берілмеген сый-сияпаттың , орнын толтырудың бір жолы , бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу.
Бірінші жүргізуші: Жыр керуені алға жылжыған сайын М. Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай өркендей түсуде. Ол өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті, төңірегіндегілердің түсінбеушілігінен қажыды, өмірінің рахаты аз болды. Бірақ , шындап ұққан адамға – Мұқағали өмірдің шын рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты жан. Өйткені ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан , бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят ала білген жұмбақ ақын .

Өмір дегенде,

Тіршілікте сірә , жетер ме ой?

Жарық сәуледен ,

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі ,

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!


Екінші жүргізуші: Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген жақсы мақал бар. М.Мақатаевтың өлеңдері өзінің көзі тірісінде түгелімен жарық көрген жоқ. Оған кезінде әміршілдік-әкімшілдік саясат кедергі болды. Бүгін де ақын ағамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында , азат даласында қыран құстай самғап жүр. Оған аққынның соңғы жылдары жарық көрген өлеңдер жинағы , ол туралы естелік кітаптары куә. Мысалы: «Жылап қайттым өмірдің базарынан» , «Соғады жүрек», «Дариға жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қош, махаббат» т.б
Хор: «Есіңе мені алғайсың» әні
Кеш 4 бөлімнен тұрады.
1-БӨЛІМ: «Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерін оқу)

2-БӨЛІМ: « Ән сал, жаным» (әндерін орындау)

3-БӨЛІМ: «Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын жайлы)

4-БӨЛІМ: «Мұқағали әлеміне саяхат» (білім мен парасат сыны)
Бірінші бөлім: Поэзия !

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

Неге іздедім?



  1. Оқушы: «Поэзия» өлеңін оқыды


Бірінші жүргізуші: Кір жуып , кіндік қаны тамған жері, ғажайып өлкесі жайлы толғанысы, оның адамға барша болмысымен таныстығы алабөтен ыстық. Ақынның өлшеусіз махаббатын маздатуы, тәттілігі . Қалаға қоныстанған ақынның өзін тар жер- қапасқа қамалғадай сезінуі, сағыныш- сазын өлең өрнегінен түсіруі.

Баяндама : “Мұқағали және табиғат “,«Қайран, Қарасазым-ай!» , «Қарасаз» , «Туған жер», «Санаулы менің сағатым», «Майгүліме» (1,2 өлеңі), «Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға», «Махаббат диалогы» сияқты өлеңдері орындалды .


Екінші бөлім: «Ән сал, жаным»

Әніңменен тербет мені,

Бір сәтке тынсын, тірлік жер- көктегі.

Дала ұйысын ,

Дамылдап таулар ,

Таулар жатсын, мәңгілік жөргектегі.

«Фариза қыз», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Бақытыңды жырлайды» т.б әндері орындалды.
Үшінші бөлім: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер- тұрманы.

Жазылар естеліктер нешеленген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден .

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе-

Көшеді өлең немесе өшеді өлең!


Лашын Әзімжанова «Мәңгілік сырласым»

Нағима Батанқызы «Ойлағанда өзегім өрттенеді»

Мұзафар Әлімбаев «Мұраты мықты Мұқағали»

Нұрғиса Тілендиев «Біз осылай табысып едік»

Фариза Оңғарсынова «Аққу жырлар»

Айтақын Әбдіқалов «Мұқағали» кітабынан.


Төртінші бөлім: « Мұқағали әлеміне саяхат» (викториналық сұрақтар)

  1. М. Мақатаев қай жерде , қай жылы дүниеге келді? (Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы , Нарынқол ауданы , Қарасаз ауылында дүниеге келген)

  2. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? (Мұқаметқали)

  3. Мұқағалидың неше баласы бар? (Барлығы алтау, қазір төртеу, ұлдары – Жұлдыз, Айбар, қыздары- Алмагүл , Шолпан)

  4. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңде жазады? («Менің анкетам»)

  5. Ақынның жары Лашынның шын аты кім? (Ләсима)

  6. Ақынның «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған? (Ақын Фариза Оңғарсыноваға)

  7. Ақынның анасының аты кім? (Нағима)

  8. Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тұтты? (Сергей Есенин)

  9. Мұқағали ағамыздың өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім? (Нұрғиса Тілендиев)

  10. Мұқағалидың әкесінің аты кім? (Сүлеймен)


Екінші жүргізуші: Міне, тағдыр таразысының тарлан талантқа өлшем емес екеніне көз жеткіздік.

Тірлігінде шекпен қимай, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға,

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді –ай!

деп Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағалидың поэзиясы әрбір мезгілмен бірге көктеп, көгеріп, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек.


Қорытынды сөз: Өлемін деп өкініп, сескенбеймін,

Өлмек парыз, өмірден өтсем мейлі.

Айта алмаған сөзім бар, арманым бар,

Арманымды қалдырып кетсем деймін,


-деп келетін өлең жолдарынан ақын тағдырының көп сырлары бізге белең береді. Өмірге сәби болып келмек бар да, өмірден адам ретінде өлмек бар. Ақынды өмірден көшуі қорқытпаған, керісінше, айтар сөзін , арманын халқына жеткізсем , келер ұрпаққа мына өмірден түйгені мен түйсінгенін, көргенімді жырым арқылы жеткізсем бе деген мақсат-мұратын аңғарамыз.Ақын ол тілегіне жетті деп қабылдау керек. Өзінен кейінгі ұрпақтың өз өлеңдерін жаттап өсетінін, сол өлеңмен өмір кешетінін, өз өлеңдерінің сүйікті әнге айналып қазақ көгінде шырқайтынын ақындық түйсікпен сезе білгенін байқаймыз.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп тума таланты мен өлең әлемінде өз қолтаңбасын қалдырған Мұқағали мұрасы- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын , өлмейтін ,өшпейтін мәңгілік мұра.

17 мектеп – интернат




Тәрбие сағаты

Тақырыбы:


Орындаған: Тастанбекова Жанар

Алматы, 2010 ж

Тақырыбы:

«Менің Мұқағалиым»

Ашылуы: Мәңгілікке өзімен ала кеткен,

Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

Кештің мақсаты:

  1. Оқушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылығымен кеңірек таныстыру.

  2. Ақынның сөзіне жазылған әндерді оқушылардың назарына ұсыну.

  3. Оқушыларды Отанын , елін, жерін сүюге, өлеңді бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мұқағали Мақатаевтың портреті, өлеңдер жинақтары,нақыл сөздер , буклет.

«Жыр басы Қарасаздан басталған М. Мақатаев бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады»

«Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің , берілмеген сый-сияпаттың , орнын толтырудың бір жолы , бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу.

Бірінші жүргізуші:

Жыр керуені алға жылжыған сайын М. Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай өркендей түсуде. Ол өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті, төңірегіндегілердің түсінбеушілігінен қажыды, өмірінің рахаты аз болды. Бірақ , шындап ұққан адамға – Мұқағали өмірдің шын рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты жан. Өйткені ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан , бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят ала білген жұмбақ ақын .

Өмір дегенде,

Тіршілікте сірә , жетер ме ой?

Жарық сәуледен ,

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі ,

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!

Екінші жүргізуші:

Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген жақсы мақал бар. М.Мақатаевтың өлеңдері өзінің көзі тірісінде түгелімен жарық көрген жоқ. Оған кезінде әміршілдік-әкімшілдік саясат кедергі болды. Бүгін де ақын ағамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында , азат даласында қыран құстай самғап жүр. Оған аққынның соңғы жылдары жарық көрген өлеңдер жинағы , ол туралы естелік кітаптары куә. Мысалы: «Жылап қайттым өмірдің базарынан» , «Соғады жүрек», «Дариға жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қош, махаббат» т.б

Хор: «Есіңе мені алғайсың» әні

Кеш 4 бөлімнен тұрады.

1-БӨЛІМ: «Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерін оқу)

2-БӨЛІМ: « Ән сал, жаным» (әндерін орындау)

3-БӨЛІМ: «Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын жайлы)

4-БӨЛІМ: «Мұқағали әлеміне саяхат» (білім мен парасат сыны)

Бірінші бөлім: Поэзия !

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

Неге іздедім?

  1. Оқушы: «Поэзия» өлеңін оқыды

Бірінші жүргізуші:

Кір жуып , кіндік қаны тамған жері, ғажайып өлкесі жайлы толғанысы, оның адамға барша болмысымен таныстығы алабөтен ыстық. Ақынның өлшеусіз махаббатын маздатуы, тәттілігі . Қалаға қоныстанған ақынның өзін тар жер- қапасқа қамалғадай сезінуі, сағыныш- сазын өлең өрнегінен түсіруі.

Баяндама : “Мұқағали және табиғат “,«Қайран, Қарасазым-ай!» , «Қарасаз» , «Туған жер», «Санаулы менің сағатым», «Майгүліме» (1,2 өлеңі), «Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға», «Махаббат диалогы» сияқты өлеңдері орындалды .

Екінші бөлім: «Ән сал, жаным»

Әніңменен тербет мені,

Бір сәтке тынсын, тірлік жер- көктегі.

Дала ұйысын ,

Дамылдап таулар ,

Таулар жатсын, мәңгілік жөргектегі.

«Фариза қыз», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Бақытыңды жырлайды» т.б әндері орындалды.

Үшінші бөлім:

Жазылар естеліктер мен туралы, Жазылар естеліктер нешеленген,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Көрерміз оның бәрін пешенеден .

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе-

Бүтінделмей кеткен бір ер- тұрманы. Көшеді өлең немесе өшеді өлең!

Лашын Әзімжанова «Мәңгілік сырласым»

Нағима Батанқызы «Ойлағанда өзегім өрттенеді»

Мұзафар Әлімбаев «Мұраты мықты Мұқағали»

Нұрғиса Тілендиев «Біз осылай табысып едік»

Фариза Оңғарсынова «Аққу жырлар»

Айтақын Әбдіқалов «Мұқағали» кітабынан.

Төртінші бөлім: « Мұқағали әлеміне саяхат» (викториналық сұрақтар)

  1. М. Мақатаев қай жерде , қай жылы дүниеге келді? (Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы , Нарынқол ауданы , Қарасаз ауылында дүниеге келген)

  2. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? (Мұқаметқали)

  3. Мұқағалидың неше баласы бар? (Барлығы алтау, қазір төртеу, ұлдары – Жұлдыз, Айбар, қыздары- Алмагүл , Шолпан)

  4. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңде жазады? («Менің анкетам»)

  5. Ақынның жары Лашынның шын аты кім? (Ләсима)

  6. Ақынның «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған? (Ақын Фариза Оңғарсыноваға)

  7. Ақынның анасының аты кім? (Нағима)

  8. Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тұтты? (Сергей Есенин)

  9. Мұқағали ағамыздың өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім? (Нұрғиса Тілендиев)

  10. Мұқағалидың әкесінің аты кім? (Сүлеймен)

Екінші жүргізуші: Міне, тағдыр таразысының тарлан талантқа өлшем емес екеніне көз жеткіздік.

Тірлігінде шекпен қимай, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға,

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді –ай!

деп Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағалидың поэзиясы әрбір мезгілмен бірге көктеп, көгеріп, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек.

Қорытынды сөз: Өлемін деп өкініп, сескенбеймін,

Өлмек парыз, өмірден өтсем мейлі.

Айта алмаған сөзім бар, арманым бар,

Арманымды қалдырып кетсем деймін,

-деп келетін өлең жолдарынан ақын тағдырының көп сырлары бізге белең береді. Өмірге сәби болып келмек бар да, өмірден адам ретінде өлмек бар. Ақынды өмірден көшуі қорқытпаған, керісінше, айтар сөзін , арманын халқына жеткізсем , келер ұрпаққа мына өмірден түйгені мен түйсінгенін, көргенімді жырым арқылы жеткізсем бе деген мақсат-мұратын аңғарамыз.Ақын ол тілегіне жетті деп қабылдау керек. Өзінен кейінгі ұрпақтың өз өлеңдерін жаттап өсетінін, сол өлеңмен өмір кешетінін, өз өлеңдерінің сүйікті әнге айналып қазақ көгінде шырқайтынын ақындық түйсікпен сезе білгенін байқаймыз.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-

деп тума таланты мен өлең әлемінде өз қолтаңбасын қалдырған Мұқағали мұрасы- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын , өлмейтін ,өшпейтін мәңгілік мұра.
Каталог: uploads -> doc -> 05b4
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05b4 -> Сабақ тақырыбы: Білімді мыңды жығар
05b4 -> 1.Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; Тағаттылықты, этносаралық және
05b4 -> Сабақтың тақырыбы: Көркем әдеби стилі. Туған жер- киелі мекен. Сабақмақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет