Тақырыбы: Өнеркәсіптік биотехнологиялық процестердің асептикасы Зертханалық жұмыс № Химиялық әдістер – 2 балл



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,51 Kb.
#95343
  1   2
Байланысты:
Зертхналық сабақ № 9


Тақырыбы: Өнеркәсіптік биотехнологиялық процестердің асептикасы


Зертханалық жұмыс № 8. Химиялық әдістер – 2 балл.
Микроорганизмдерді химиялық заттармен әсер ету арқылы залалсыздандыруға болады. Бұл жағдайда химиялық заттардың газдары немесе ерітінділері залалсыздандыру агенттері болуы мүмкін.
Тапсырма:
1. Кестені толтырыңыз
Химиялық залалсыздандыру және дезинфекциялау

Агент ретінде

Әсер ету механизмі

Мысалдар, қолданылу аясы

Хлор құрамды заттар

Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты. Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісі-
нің зарарсыздандыру әсері күшті. Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісі шамалы лайланған, оны дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады. Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады. Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%) белсенді хлор кіреді.
Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады.

Хлорамин Б -Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.
Натий гипохлориді-0,25% ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.
Хлориксидин биглюконат-хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.
Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді, ыдыстарды, заттарды дезинфекциялауға арналған.

Спирт құрамды заттар

Этанол:
Микробқа қарсы агент, жергілікті қолданған кезде антисептикалық әсер етеді (микроорганизмдердің ақуыздарын денатурациялайды). Грамоң және грамтеріс бактерияларға да белсенді әсер береді, сол сияқты вирустарға да. Антисептикалық белсенділік этанол концентрациясының жоғарылауымен жоғарылайды.

Спирттер тобынан этил спирті (этанол), изопропил және пропил спирті тері антисептиктері ретінде практикалық маңызы бар. Оларды құрамында спирттердің біреуі ғана бар, ешқандай қоспасыз монопрепараттар ретінде немесе құрамында спирттің екі, тіпті үш түрі, сондай-ақ басқа топтардағы белсенді заттар, мысалы, катионды беттік белсенді заттар, сүт қышқылы, феноксиэтанол және басқа да химиялық қосылыстар болуы мүмкін аралас препараттар ретінде қолдануға болады.

Сутегінің асқын тотығы негізінде

Сутегі асқын тотығының әрекеті оның электрондарды тарту арқылы ашық жасуша мембраналарын бұзуына негізделген. Бактериялардың ішінде каталаза ферменті орналасқан - сутек асқын тотығы онымен әрекеттескенде көбіктеніп, бір молекула оттегін бөліп шығарады. Пероксид сау клеткалардың мембраналарынан электрондарды тартып, оларды өлтіріп, жасуша каталазымен әрекеттеседі де көбіктенеді.

Сутегі пероксиді әмбебап антимикробтық әсерге ие. Оған грамоң және грамтеріс бактериялар, вирустар және патогенді саңырауқұлақтардың көптеген түрлері сезімтал. Көптеген спорогендік бактериялардың спораларын жояды. H2O2 микробқа қарсы әсері оның жоғары тотығу белсенділігімен байланысты. Микробтық және тіндік протеазалармен ыдырау кезінде бөлінетін оттегі сульфгидрилді және белоктар мен липидтердің гидроксил топтарын тотықтырады, микробтардың өлуіне әкеледі.

Формалин негізінде

Формалинді полимерленуден сақтау үшін 4 — 12%-дай метил спирті қосылады. Сондықтан 1%-дық метанол деп те атайды. Формалин түссіз, өткір иісті сұйықтық. Ұзақ сақталса (әсіресе суықта) ақ түсті тұнба параформальдегид (параформ) түзіп лайланады. Формалиннің микробтарға қарсы әсері және денені тітіркендіру қабілеті болғандықтан клетка протоплазмасындағы белокпен әрекеттесіп, оны ұйытады және клетканы өлтіреді.

Формалин ауланы, киімдерді, ыдыстарды дезинфекциялау ісінде пайдаланылады. Ол зертханаларда анатомилық және микроскопиялық препараттарды сақтауда, ауыл шаруашылығында тұқымды дәрілеу үшін, парниктерді, әр түрлі құбырларды дезинфекциялауда, тері илеуде, фенол-фармальдегидті шайырлар алуда қолданылады.

Альдегид қосылған

Альдегидаралас дезинфектанттар құрамында формальдегид 40% су ертіндісі – формалин улы, тұрақсыз, көп тұрса өзгере бастайды

Көбінесе эндоскоптарды, аппаратураларды, наркоздық жабдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Күрделі қоспалы

Химиялық күрделі қоспалы дезинф. құрамына бір немесе бірден бірнеше әсер етуші заттар кіруі мүмкін.
Органикалық қышқылдар медициналық мекемелерде гемодиализ аппараттарын дезинфекциялау үшін қолданылады. Қазіргі уақытта ғалымдар перокси қышқылдарының микробқа қарсы қасиеттерін зерттеп жатыр — төмен концентрацияда оларға негізделген препараттар жоғары бактерицидтік қасиеттерді көрсетеді. Катионды беттік-белсенді заттар (Биодез-экстра, Вельтолен, Вапусан) оларға кіретін төрттік-аммоний қосылыстары, аминдер, амфолит ББЗ есебінен әсер етеді. Олардың өткір иісі жоқ, металдарға инертті, бірақ қоздырғыштардың шектеулі санына ғана тиімді. Кейде олар тұрақты штамдардың пайда болуын тудырады. Жоғары жуу қасиеттерінің арқасында дезинфектанттардың бұл тобы табысты

Кейде олар тұрақты штамдардың пайда болуын тудырады. Жуғыш заттардың жоғары қасиеттеріне байланысты дезинфектанттардың бұл тобы алғашқы дезинфекциямен бірге зарарсыздандыру алдындағы тазарту кезеңдерінде сәтті қолданылады. ЧАВ және үшінші аминдер жабдыққа зақым келтірмейді, аз уытты, шырышты және тыныс алу жүйесін тітіркендірмейді, пациенттер мен қызметкерлердің қатысуымен қолдануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет