Тақырыбы: Полигон қасіреті Б. Тілегенов шығармашылығының арқауы



Дата19.09.2024
өлшемі16,41 Kb.
#204683
Байланысты:
Қара жел мақала


Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ
Мақала
Тақырыбы: Полигон қасіреті - Б.Тілегенов шығармашылығының арқауы
Орындаған: Мубәрак Гүлден
Тексерген: Қиықбай Қуат Қазезұлы
Полигон қасіреті - Б.Тілегенов шығармашылығының арқауы
Қазақ халқының өмірінде,ұлт тарихында қасіретке айналған оқиғалар жетерлік.Халық басына түскен трагедия қанша уақыт өтіп,заман озса да ел санасында сақталған.Осынау сұм жылдардың қайғы-қасіретін шығармашылығына өзек етіп, әдебиетіміздің қазыналы алтын қорына елеулі үлес қосқан ақын-жазушыларымыздың шығармалары өте көп.Дегенмен, ел тарихындағы құпиясы әлі де ашылмаған, көлеңкелі тұстары басым – Семей сынақ полигоны жайлы қалам тербеген ақын-жазушыларымыздың шығармашылары санаулы.
Семей қасіреті, адам және табиғат, экогогия тақырыптары тәуелсіздік алғаннан кейін ғана әдебиетте кең көлемде жазыла бастады. Қасіреті мол Дегелең тауының қайғы-мұңын Бекежан Тілегенов те өз шығармашылығына арқау етті.Замандас қаламгерлер жайлы пікірге сараң,сыни көзқарасы басым Мұхтар Мағауиннің өзі мойындап «Болашақ классик жазушы» деп Бекежан Тілегеновтың шығармашылығының мойындаған. Жазушының «Қара жел» романы жазушының шығармашылық қырларын барынша көрсете білген туындысы десек артық емес.Романда қарт Семейдің бауырында болған қасіреттіт сынақтан кейінгі адамдар тағдырының тосын жайттары көркем сипатталған. Жазушы бір ауылдың жай-жапсары арқылы күллі қазақтың сол кездегі шарасыздығын оқырманға әсерлі жеткізген. Қайрақты ауылының алаңсыз өмірін кенеттен заманның,қатыгез қоғамның,зорлықшыл мемлекеттің, жеке басын ойлаған мемлекет қызметкерлерінің қарапайым халыққа көрсеткен қысымы, сол жерді мекендеген аңның да,бейбіт өмірдің де астаң-кестеңін шығарды.Қаламгер шығарманың бастауын халықтың сынақ бомбасына дейінгі мамыражай өмірін суреттеп бастап, ашық сынақ бомбасының келтірген залалымен оқиғаны шиеленістіре отырып, оқырманды қызықтыра,толғандыра түседі.Жазушы романда ашық жер бетінде сыналған бомбаның әсерін байқау үшін тірідей сынақ алаңының маңына апарылған адамдардың күйзелісі, жарылыстың болатынынан бейхабар қойшының радиация апатының астында қалуы, адал махаббат иелерінің мәңгілік айықпас дертке ұшырауы, иен қалған қыстаулардағы жүні түскен тақыр қойлар мен тағы аңдардың сенделісі барынша қанық әрі нақты суреттелген. Өмір шындығы көркем шындықпен астасып, адамзат тіршілігіндегі ең қауіпті қарудың рухани дертке ұласуы мүмкін екендігі туралы пікірлері ерекше суреткерлік түйісікпен баяндалған. Жазушы Дегелең қасіретін бейнелей отырып, адамзатқа ортақ адамгершілік мәселесін қозғайды.Шығармадағы кейіпкерлердің ой толғаныстары арқылы оқырманды терең ойландырады. Бекежан Тілегенов «Қара жел» романында адам қолымен жасалған атомдық жарылыс кезіндегі аяусыз апаттың куәсі болған кейіпкерлер, бұрын-соңды әдебиетте ұшыраспаған өзгеше тағдыр иелері бар. Атомдық жарылысты халыққа қарсы жасалған әрекет деп білетін, білсе де селт етпейтін партия басшылығында қызмет еткен, сол елден шыққан азаттардың бейнесі де бар. Романдағы қат-қабат оқиға, қилы тағдыр, әрқилы мінез арқылы тұтас бір дәуірдің, кеңестік отаршылдық зұламат заманның құбыжық бейнесін шынайы суреттеген. Жазушы романды «Қара жел» деп атауының өзінің де бір себебі бар, Дегелең тауының бөктері, сол аймақта қысы, жазы азынап үнемі қара желдің соғып тұруында.
Өмір шындығы көркем шындықпен астасып, адамзат тіршілігіндегі ең қауіпті қарудың рухани дертке ұласуы мүмкін екендігі туралы пікірлері ерекше суреткерлік түйсікпен баяндалған. Жазушы Дегелең қасіретін бейнелей отырып, исі адамзатқа ортақ адамгершілік мәселесін қозғайды. Роман жарық көргеннен кейін бір жылдан соң атом сынағы тоқтатылды. Бұл Бекежан Тілегеновтың жазушылық әрі азаматтық парызына деген адалдығының және шығармашылық батылдығының көрінісі. Сондықтан-да бұл шығарма әдебиет пен тарих сабақтастығындағы кұнды әрі өзектігі жоғары көркем туынды деп батыл түрде айта аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет