Рахымжан Отарбаев «Аспандағы ақ көбелектер»



бет1/5
Дата31.07.2020
өлшемі22,87 Kb.
#75764
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ақкөбелектер


Рахымжан Отарбаев «Аспандағы ақ көбелектер»

Өлген сөзді тірілтіп, ұмытылған тіркестерге жан бітіріп ескірген оралымдарды пісірген киіздей қайта жаңғыртып, таптаурын жолды айналып өтіп, өзінше сүрлеу салатын Рахымжан «Сөз өнері дертпен тең» деген айықпас азапқа басын біржола байлап берген жазушы.

Дулат Исабеков

Кез-келген жазушының, ақынның шығармалары өз заманының күрделі мәселелерін көтерумен, кемшіл тұстарын көрсетуімен, халқын жақсылыққа үндеуімен құнды hәм бағалы. Осы тұста Рахымжан Отарбаевтың қай шығармасын алсақ та көтерген жүгі жеңіл еместігін байқайсың. «Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесі шағын ғана шығарма, алайда, шығарма кейіпкерлерінің өмірге көзқарасы, басқалармен қарым-қатынасы, толғанысы, ой-пікірі, кейіпкерлер бейнесі көңіл көкжиегін кеңейтіп, оқырманға өте көп дүниені ұғындырады.

Шығарманың композициясы - сақиналы композицияға құрылған. Әңгіменің экспозициясында «Тағы да ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп оянған»,- басталуы, шығарманың бас-аяғын көмкеріп, композициялық жинақылық беріп тұрғанын аңғаруға болады.

Шығарманың экспозициясы қарапайым қала тіршілігін суреттеуден басталады. Шығармада қазіргі өмір көріністері қаз-қалпында суреттеліп, қазақ жастарының қоғамдағы келбеті, байлық, билігі барлардың қарапайым адамзатқа көрсетер қиянаты сынды келеңсіз жайттары үшкір қаламымен найзадай түйреп, өткір әшкерелейді.



Ал, идеяға келетін болсақ, бұл жердегі авторлық идея- адам бойындағы ең асыл сезім махаббаттың түкке тұрғысыз сезімге айналуы, байлықтың буы шыққан жерде нәпсісін тізгіндей алмаған жастың өмір бойғы өкінішін қалың оқырманға жеткізу. Объективті идеясы-махаббатты қадірлеу, адалдықты дәріптеп, жастарды некесіз қарым-қатынастан алыс болуға шақыру.

Енді көркемдік ерекшелігіне келсек, автордың сөзді жұмсай білу шеберлігіне тамсанып таңдай қағасың. Суреттеулері еріксіз езу тартқызып, бас шайқатады. Көркем сөз құдыретін асқақтатқан жазушының сөз қолданудағы даралығына, ұқыптылығына талдау барысында қанық болатын боламыз. «Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесінде ерекше стилиcтикалық тәсіл-теңеу молынан қолданылған :



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет