Табанын қыздырып алғандар мұның шабан қимылын шаң қаптырғандай. Ой теріп, уайым арқалап, шексіздіктің құшағында кетіп бара жатқан жалғыз өзі дейсің бе? Жоқ, кең балақ, тар балақтың сорынан жеттім, пышағы майдан кеппеген базар қожасы мұның қай қызметіне зәру боп қапты? Мұндағы сөздер өздерінің тура мағыналарынан айырылып метафораға айналған. Шығармада метафоралар өте ұтымды қолданылған әрі көптігінен көз сүрінеді. Бұлардың көбі авторлық-индивидуалдық метафоралар.
Әңгімедегі портреттерге кезек берсек:
«Бетінің ұшынан қаны тамған, көк көз жігіт ағасын ілеуде бір көріп қалатын.
Бірер әріптің обалына шығып мұрнынан сөйлейтін мықыр шал қасындағы ұзын сирақ, безеу бет баласына кіжінеді кеп.
Қызылшырайлы, еркешора, еркін қимыл. Жанарының бояуы әкесінікіндей қою жұқпаған, аспан түстес көгілдір. Қарама-қарсы кеп тұра қалғанда тепсінген қос анары алқымыңды тіреп, аузыңа асатып жібергендей екен.
Десе де, қалтаға құйылған тиынның сыңғыры жиылып кеп бұйра бас, ақсары өңді, ашаң, әдемі жігіттің пәтер жалдауына да, назқоңыр нәпақасына да, Жарбай ауылындағы жалғыз шешесіне де жетіп-артылатын.
Алушысы түскір де алуан-тын. Желпілдеген жасы, жер жетектеген кәрісі, сүйріктей сұңғағы, мимырт басқан мықыры, шілаяқ сидаңы, балпаң қаққан бөкселісі… Ақшаның бет-жүзіне қарамас сахиы, теңгенің мөрін жылап жалайтын сараңы…»,-жазушы осындай бейнелі суреттер арқылы кейіпкердің сырт-келбетін ғана емес, оның ішкі рухани деңгейін де оқырманға айқын аңғартқандай.
Бұл шығармадан символды да кездестіреміз:
Тағы да
Достарыңызбен бөлісу: |