күмірә болғыры жыртаң қағып көзін жайнаңдатады. Жайнаңдатқан сайын көшенің арғы бетін тінтіп қарайды. Кеудеше мен етектің қабыспай тұрған тұсынан сығалаған жалғыз көз – кіндігі түскірі қарсы жүргіншіні көздейді. Осы жердегі «Күмірә болғыр» сөзіне назар аударайықшы, күмірә-уайым, қайғы-қасірет деген мағынаны білдіреді. Енді қараңыздар, мен жоғарыда айтқан қазақ жастарының қазіргі қоғамдағы келбетіне келіп тіреледі. Суреткер осы бір ауыз сөзі арқылы кеудеше мен етекті қабыстырмай, жалғыз көз-кіндігі түскірін ашып жүретін қазақ қыздарына қарсылығын білдіргендей, қарғап емес, жаны ашып айтқандай.
– Некесіз жаратылған сәби екі дүниеде де шырылдап әкесін іздеумен өтеді, –десін әлдекім базарға кеп кіргенінде. Бүгінде қазақ даласында әрбір бесінші бала-көрдемше екенін білген жазушы атамыз қалың оқырманына бұл жаманаттан қашуға шақырады. Қанша оқысаң да құмарың қанбас Рахымжан Отарбаев шығармалары үлкен зерттеуді талап етеді. Бәрі болашақтың еншісінде.